7


  • Учителю
  • Қазақ тііл 'Мәтіннің түрлері'

Қазақ тііл 'Мәтіннің түрлері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: қазақ тілі . 2сынып

Тақырыбы: Мәтін түрлері

Мақсаты: Мәтін құрастыру, негізгі идеясын; ондағы негізгі ойды анықтау арқылы мәтінге жоспар құру; құрылған жоспар бойынша мәтін құрастыруды үйрету.
Күтілетін нәтиже: берілген жоспар, суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрау.
Сабақтың әдісі: «Араласып кеткен оқиғалар», «Авторға сұрақ қою», «Әңгімені бірлесе жазу» стратегиялары.

Психологиялық дайындық
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде:
Сәлеметсіздер ме! - деп
Сәлемдесіп аламыз.
Геометриялық фигураларға жазылған сандарға байланысты топқа бөлу
Ой - толғаныс.
- «Менің мысығым» тақырыбына жазған мәтіндерін тыңдау

Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
«Араласып кеткен оқиғалар» стратегиялары бойынша жұмыс істеу шағындау мәтін таңдап алынады. Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып, жайылып қойылады.
Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтқызуға болады.
Содан кейін осы мәтіннің әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Кіріспе.
Мағынаны тану кезеңі
1 - жаттығу. 49 бет
Мәтінді оқы. Мәтіндегі абзацтардың орны ауысқан. Абзацтарды дұрыс орналастыр.
1. Ботаның орамалын ұмытуы
2. Орамалын тауып алуы
3. Ұмытшақтығына ұялуы
2 - жаттығу 50 бет
Сөйлемдерді оқып, қандай қате жіберілгенін табу.
Құстарды қорғау керек, өйткені олар біздің қанатты достарымыз.
Көлдің жағасында балықшылар отыр.
Құстар күзде жылы жаққа ұшып кетеді.
Бұзау өрістен келе жатқан енесін көріп, мөңіреді.

Сергіту сәті.
Ой қорыту:
«Әңгімені бірлесе жазу» стратегиясы былай жүзеге асырылады. Әртүрлі тақырып жазылған бірнеше карточка болады, әр топ бір - бір тақырыпты таңдап алады.
Алдымен топ мүшелері тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын топтастыру арқылы жазады.
Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін, 1 - оқушы мәтіннің басталуын (кіріспе бөлім) жазады, 2 - оқушы болған оқиғаны жазады, яғни негізгі мәселеге тоқталады, 3 - оқушы мәтінді аяқтайды (қорытынды бөлім), 4 - оқушы оқиғаға өз көзқарсын білдіреді.
Өзін - өзі бағалау, жұптық бағалау, бағалау парағы арқылы бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал