- Учителю
- Ана тілі 'Компас' Бердібек Соқпақбаев
Ана тілі 'Компас' Бердібек Соқпақбаев
Бастауыш сынып мұғалімі Г.А. Султанованың қысқа мерзімді жоспары
Күні:
Пәні: ана тілі
Сыныбы:4
Сабақтың тақырыбы:
«Компас» Б.Соқпақбаев
Жалпы мақсаты:
Әңгіменің мазмұнын, негізгі идеясын ашқызу.Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып,өз беттерінше жұмыс істеуге, топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, белсенділікке баулу. Жаман қасиеттерден аулақ болу.
Сілтеме:
Оқулық 143-147 бет, Бастауыш сынып әдістемесі: №3 2012 ж.
Оқу нәтижесі:
Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.Шыншылдық, әділдіккедағдыланады.Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады,топпен жұмыс істеуге дағдыланады.Жан дүниесін тәрбиелейді.
Қолданылатын материалдар:
бағалау парағы, презентация power point , түрлі-түсті фломастер, маркерлер, қосымша әдебиеттер, интербелсенді тақта, стикер
Оқыту формасы,әдіс-тәсілдері:
Диалогтік оқыту, топпен жұмыс, топтастыру, миға шабуыл, еркін жазу, (АВС оқушыларын ерекше бақылау) Блум таксономиясы
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңберіне тұрғызу. (көкөкніс, жеміс, жидектердің атттары)
Топқа бөлу.
Топ міндеттерін анықтау
Топ басшыларын сайлап, оларға бағалау парақтарын беру, топпен жұмыс жүргізгендегі ережелерге тоқталу.
Шаттық шеңберінде өзіне қатысты парақшадағы сөз бойынша қасындағы оқушыға жақсы тілектер тілейді.
Сол арқылы топқа бөлінеді.
Топтағы оқушылар міндеттерін бөліседі.Топ басшыларын сайлайды.
Үй жұмысын тексеру
1.«Менің атым Қожа» әңгісінің мазмұнын сұрау
2. «Менің қиялымдағы Қожа»
1.Оқушылар әңгіменің бөліктері бойынша мақмұндап береді.
2. Оқушылар ой толғауларын оқиды.
І.Білу
1.«Топтастыру» әдісі
Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Өзі бірақ көрмейді.
(Компас)
2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын ашқызу.
1.Топта оқушылар компас туралы білетіндерін жазып, топтастыру жасайды.
2.Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады.
ІІ. Түсіну
Мәтінді бөліктерге бөлу:
Үш топқа бөлімдерді оқыту.
Жеке оқу, жұппен, топпен талдау.
Өз тақырыптарын түсіндіреді. Өзара сұрақтар қояды.
ІІІ.Қолдану
Мәтіннен Боданның компасты алғаннан кейінгі ойын тауып оқып, топта талдайды.
Автордың негізгі ойын постерге түсіріңдер.
(Кері байланыс орнату.)
Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын постерге түсіреді.
Бірінің білімін бірі толықтырады.
Сергіту сәті (би жаттығуларын жасау)
ІУ. Талдау
Топтарға жеке тапсырмалар беру
І-топ:Боданға мінездеме
ІІ-топ:Боданның ішкі ой-арпалысы
ІІІ-топ:Мәтінге байланысты мақал-мәтел
Әр топ өз тапсырмалары бойынша топпен ақылдасып, жұмыс жасайды.
У.Жинақтау
Еркін жазу әдісі
«Егер мен болсам....»
Өз ойларын жазып, топтарда талдайды. Өзара пікірмалмасады.
УІ.Бағалау
-Балалар бүгін сабақтан қандай әсер алдыңдар?
(кері байланыс орнату)
Оқушылардың сабақтан алған әсерлері
Балалар жауаптарын айтады. Өзара пікір туады.
ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағаланады.
Стикерлерге жазып іледі.
Аты-жөні
балл
Баға
Рефлексия
«Білім теңізіне кеме жіберіңіз»
Тапсырманы жақсы меңгердңм дген оқушылар теңізге кемелерін жібереді, өзіне сенімсіздер теңіздің шетінде қалады.
Үй тапсырмасы:
«Компас» әңгімесін оқу,Боданға хат жазу