7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Өсімдіктер тобы, мүшелері, маңызы.

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Өсімдіктер тобы, мүшелері, маңызы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер тобы, мүшелері, маңызы.


Сабақтың мақсаты: Білімділік-тақырып бойынша сипаттаманы бақылау тәсілі арқылы жүргізіп үйрену.Өсімдіктердің айырмашылық бөліктерін табу, оларды топтастырып адамға, табиғатқа маңызын анықтау.

Дамытушылық - ойлау қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік - адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту


Сабақтың әдісі: Жұппен жұмыс, бақылау әдісі


Көрнекі құралы: Ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктердің суреттері, бүршігі, үлкен

бұтақтар, кептірілген жапырақтар, гербарилер.

Сабақтың барысы: Мұғалім суреттерді тақтаға іледі де, «әрбіреуіне сипаттама

беріңдер» дейді.

Оқушылар толық сипаттамасын бере алмайды.Мұғалім бір қатарға -ағаштардың түрлерінің суретін, 2-бұтаның суреттерін, ал 3 қатарға -шөптің суреттерін беріп сұрақтар қояды:

1.Бұларға сипаттама беру үшін не істеуіміз керек?

1.Бақылау схемасын сызып көрейік.

І іздену, көзбен көру.

ІІ кітаптан оқу.

І) Біздің өсімдік ағашы , ол биік.

ІІ) Бұта (аласа)

ІІІ) Шөп ( өте аласа) (аттарын мектепке дейінгі дайындау бағдарламасынан біледі)


2.Бақылау жоспарын жасайық.

Мұғалім: Оны қалай жасаймыз?

Оқушы: 1.Пішінін анықтау.

2.құрылыс ерекшеліктерін олардың бір-бір бірінен айырмашылығын

табу.

Пішіні қандай?-олар бір-біріне ұқсас.

Қай жерлері ұқсас?-Ағашы бар.

Мұғалім:Ағашы деп атала ма? Оны біліп алу үшін біз кітапқа қарайық

( схемаға кітаптың суретін саламыз)

Кітаппен жұмыс:27 бетті ашып 3 сұрақты оқиық

Оқушы: Ағашы деп аталмайды- не деп аталады? Ағашта сабақ біреу. Бұта да көп.

Мұғалім:Төмендегі көк әріптермен жазылған сөздерді оқы.

Оқушы: ағаштың сабағын «дің » деп атайды..

Мұғалім: Бұтаның да сабағын дің дейді. Ал шөптікін сабағы деп атайды.

Ағаштың, бұтаның басындағы бұтақтарын «бөрікбасы» деп, шөптікін

тек «шөпбасы» дейді.

Мұғалім: Енді толығымен сипаттаңдар (жұптасып жұмыс істейді)

Оқушы: 1 қатар:Ағашқа: биік, діңі жуан, үлкен бөрікбасы бар.

2 қатар: Бұтаға: ағашқа қарағанда аласа, көп жіңішке діңдері бар, діңдер

басында бөрікбастары бар.

3 қатар: Шөпке: аласа, сабағы жіңішке, нәзік, бастарында шөпбасы бар,

кейде гүлдері бар болады.


Мұғалім: Үш қатар өз бақылаған өсімдіктеріне байланысты 1-қандай ағаштарды білесіңдер?

2- бұталарды атаңдар.

3- шөптерді атаңдар (оқушылар ағаш пен бұталардың атын айтады, шөптерді кейде гүлдер дейді)Қателерін түзетіп, мұғалім бұтақтарды таратады.


Тапсырма: Кітаптарыңның 28 бетін ашыңдар, өсімдіктердің тағы қандай

мүшелері бар екен?


Оқушы: Бұтақ, бүршік, жеміс, гүл. Жапырақтан тұратынын айтады.
Мұғалім:
Енді алдарыңдағы бұтақтың бүршігінің құрылысын қараңдар.Ол үшін

оны жарып көріңдер.

Оқушы:Бүршіктің ішінде жабысқақ кішкентай жапырақ бар екен.Жаз шыққанда

Олар үлкен жапырақ болып өседі.


Мұғалім: Сонымен:

1.Бүршік не үшін қажет?

2.Дің не үшін қажет?

3.Бұтақ не үшін қажет?

4.Гүлдің қандай қызметін айта аласыңдар?


Мұғалім:Кептірілген жапырақтарды салыстырыңдар.Қандай айырмашылығы

бар?

Оқушы: Олардың пішіні, түсі, мөлшері әр түрлі екенін айтады.

Мұғалім: Жапырақтың өсімдікке қандай пайдасы бар.

Оқушы: Ағаштарды , бұталарды ажырату үшін.


Гербариймен жұмыс: (мүшелер жазылған)

Мұғалім:Өсімдіктің тағы қандай мүшесін атамай кеттік?

Оқушы:Олардың тамыры бар.

Мұғалім:Олардың өсімдікке қандай пайдасы бар?

Оқушы:Құлап қалмау үшін, жерге бекіну үшін.Олардың пішіні әр түрлі

болады.Желайдардың тамыры ұзын болады.


Рефлексия: Оқушылар таблица толтырады.


Аты

Өсімдік

Діңі сабағы

Жапырағы

Бұтағы

Бүршігі

Гүлі

Жемісі

Ағаш

+

бір, биік,жуан, көп

+

+

+

+

+

Бұта

+

аласа,жіңішке

+

+

+

+

+

Шөп

+

біреу-екеу өте аласа нәзік

+

+

+

+

+

Мұғалім:

1.Бұлардың барлығын қалай айтады?

2.Оларды қалай ажыратуға болады?

3.Адам өміріндегі маңызын ата?

Үйге тапсырма:І деңгей: 29-30 бетті оқу. ІІ деңгей: таңдаған өсімдіктің суретін салып, мүшелерінің атын жаз?




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал