7


  • Учителю
  • ҚұРмалас сөйлемнің тыныс белгісі

ҚұРмалас сөйлемнің тыныс белгісі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 4

Пәні: қазақ тілі

Күні: 28.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі

Сабақтың максаты:

1. Құрмалас сөйлемдердің құрамында кем дегенде екі жай сөйлемболып, олар өзара үтірмен ажыратылатынын түсіндіру.

2.Құрмалас сөйлемдерді дұрыс екпінді ырғақпен оқуға жаттықтыру,сауаттылықтарын арттыру.

3. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.

Сабақтың барысы:

Өтілген материалды тексеру, қорыту.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекшеліктерін сызбакестеде көрсетілгендей жинақтап, қорытуға болады.


Жай сөйлем

Құрмалас сөйлем

Бір ғана ойды білдіреді.

Бірнеше ойдан құралған күрделі
ойды білдіреді,

Сөйлем мүшелері: бастауыш,
баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер.

Кемінде 2 сөйлем немесе одан да
көп жай сөйлемдерден құралады.

Жаңа сабақ.

II. Жаңа сабақты түсіндіру.

Алдымен сөйлем туралы алдыңғы сабақта алған білімдері қайталанады. Бірнеше сөйлемдер құрастырады. Ол сөйлемдсрдсгі бастауыш пен баяндауышты табады. Әр сөйлемде бір бастауыш, бір баяндауыштан бар екеніне назарларын аудару.

Құрмалас сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру
күрделі тақырыптардың бірі. Егер оқушылардың жай сөйлем туралы білімдері берік болса, бұл тақырып жеңіл меңгеріледі.

Тақтаға екі жай сөйлем жазылады. Мысалы: Күз келді. Жапырақтар сары түске боялды. Бірінші сөйлемде күздің келгені жайында болса,екінші сөйлемде жапырақтардың сарғайғаны жөнінде болып тұр. Бұл мысалдардың әрқайсысы жеке-жеке ойды білдіріп тұрған жай сөйлемдер.
Осы екі жай сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдату керек. Бірінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан құралса, екінші сөйлем бастауыш, баяндауыш және тұрлаусыз мүшелерден құралған жай сейлемдер екені түсіндіріледі.

Содан соң құрмалас сөйлемдер туралы түсінік беріледі. Ол үшін екі жай сейлемнің мағыналарын біріктіріп, екеуінен бір күрделі ой құрастырылады. Мысалы: Күз келіп, жапырақтар сары түске боялды.

Бұл құрастырған сөйлемнің мағынасы да, көлемі де жайсөйлемдерден күрделі екені сараланып көрсетіледі, олардың құранды бөлшектерімен таныстырылады. Яғни, бұл сөйлемнің күз келіп деген бір жай сөйлем және жапырактар сары түске боялды деген екінші жай сөйлемдерден құралып тұрғаны айтылады.

I. Сурет бойынша жұмыс.

Оқушылар сюжеттік суреттер бойынша әртүрлі құрмалас сөйлемдер құрастырады. Мұғалім құрмалас сөйлемдерді оқығанда жай сөйлемдердің арасына сәл кідіріс жасап, ырғақпен дұрыс оқуын қадағалайды. Оқушылар құрмалас сөйлемнің құрамымда неше жай сөйлем бар екенін айтады. Мүмкіндігінше оқушыларды екіден көп жай сөйлемдері бар құрмалас сөйлемдер құрастыруға жетелеу керек. Жай сөйлемдердің арасын қандай тыныс белгісімен ажыратуға болатыны оқушылардан сұралады.

II. Оқулықпен жұмыс.

1,2-жаттығуларда құрмалас сөйлемнің құрамындағы жайсөйлемдерді анықтап, тыныс белгісіне назар аударуларына көңіл бөледі. Сөйлем мүшелеріне талдау арқылы әр жай сөйлемнің бастауышы, баяндауышы болатыны тағы да пысықталады. Бұл жерде бастауышты таба алуларына көмектесу керек. Осы жаттығуға толық талдау жасалғаннан кейін оқушылар әр сөйлемнің арасында кідіріс жасалатынын және олардың арасына үтір қойылатынын өздері қорытындылап айтады.

Деңгейлік тапсырмалар

3-жаттығу арқылы оқушылар тыныс белгісін дұрыс қоюға үйренеді.

Сергіту сәті (Кызыл өрік)

4-жаттығуда берілген мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс жүргізіледі, мәтіннің сөйлемдерден құралатыны тағы да бір рет пысықталады.
Одан соң құрмалас сөйлемдерді тауып, құрамында неше жай сөйлем бар екенін анықтайды, дәптерге көшіріп жазады.

5-жаттығудағы сызба бойынша сөйлем құрастырып жазуды оқушылар өз беттерінше орындайды.

Қорытынды бөлім:

Сабақты қортындылау.

Үйге тапсырма:



Есіл ауданы

«Заградовка орта мектебі» КММ





Қазақ тілінен сабақ жоспары

Тақырыбы: «Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі»

Өткізген: Мухаметжанова С.Ж.













2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал