- Учителю
- Қазақ тілі ' Жұрнақ пен жалғау ' 3 сынып
Қазақ тілі ' Жұрнақ пен жалғау ' 3 сынып
Қазақ тілі 3 - класс
Тақырыбы : Жұрнақ пен жалғау.
Мақсаты: Жұрнақ туралы білімдерін терендету, өткен сабақта алған
білімдерін кеңейту. Оқушының ойын, есте сақтау, өз ойын
еркін жеткізе білу,шығармашылық қабілетін дамыту. Көркем
жазуға дағдыландыру.
Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі емес «Қысқы орманға саяхат сабағы»
Көрнекілігі: Орман, аңдар, құстар суреті. Интерактивті тақта.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
Ашық болсын қос қабақ,
Бізбен бірге бар қонақ.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Қызығушылығын ояту: Ой қозғау.Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы. Жылдың қай мезгілі екенін көреміз.Даланың қысқы келбетін кім суреттеп бере алады.Оқушылардың шығармашылығы.Қысқы орманға шанамен саяхатқа шығамыз.(шанаға отырғандай қимыл көрсету).
Сұрақ қою арқылы 3 топқа бөлу (түбір,жұрнақ,жалғау)
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы топқа бөлінеді
Үй тапсырмасы «Ыстық орындық»/
Жұрнақ дегеніміз не?
Түбір сөз дегеніміз не?
Жалғау мен жұрнақтың айырмашылығы неде?
Етістік дегеніміз не?
Сын есімнің ерекшелігі қандай?
Сөзге бірінші не жалғанады?
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қай кезде сызықша қойылады?
Оқулықпен жұмыс Қасқыр тапсырмасы.
Тау- таулы Сыпыр-сыпырғыш
Ем-емхана Біл-білгіш
1 - жаттығу. Сөздерді оқу. Мағынасындағы айырмашылықты салыстыру.
Түлкі тапсырмасы.
2 - жаттығу . Жұмбақтарды көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздің түбірімен жұрнағын тауып белгілеу.
Қоян тапсырмасы.
3 - жаттығу. Сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғап жазу.
Музыкалық сәлемдеме. Сергіту сәтін орындау.Ойын «Артық сөзді тап»
1. Мүсінші, ойыншы, дос, өнерпаз.
2. Астық, ас, іс, сый, ер
3. Биші, жыршы, әнші, күйші, жыр
Тоқылдақ тапсырпасы. Берілген сөздерді туынды сөз етіп жаз.
Егін Балық Ұш Тіл
Ойын «Кім бұрын?» берілген сөздерді кесте ішіне орналастырып жазыңдар.
Ерлік, ұшқыш, аспаз, орманшы, оқушы, орындық.
-
Түбір
Қосымша
Ер
лік
Бағалау. Қорытындылау. Үйге тапсырма. 4 - жаттығу