7


  • Учителю
  • Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.

Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Күні:Пәні: дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.Сабақтың мақсаты: а) сезім мүшелерінің аттарымен таныстыра отырып, адамның айналадағы дүниені танып-білуіндегі, бағдарлауындағы көздің рөлі, маңызы туралы оқушылардың түсінігін қамтамасыз ету; ә)
предварительный просмотр материала

Күні:

Пәні: дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.

Сабақтың мақсаты: а) сезім мүшелерінің аттарымен таныстыра отырып, адамның айналадағы дүниені танып-білуіндегі, бағдарлауындағы көздің рөлі, маңызы туралы

оқушылардың түсінігін қамтамасыз ету;

ә) ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту,

өз қабілеттеріне деген сенімін арттыру;

б) көзді күтудің гигиеналық ережелерін қатаң сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ -жауап, көрнекілік, түсіндіру, ішінара ізденіс.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, дүрбі, лупа, микроскоп, телескоп.оқулық, тірек сөздер.

Сабақтың түрі және типі: дәстүрлі, аралас.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2.Өткенді еске түсіру.

Мамандық иелері туралы әңгімелету.

3. Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

4.Жаңа материалды түсіндіру.

Кіріспе әңгіме.

Әлем айшықты бояуларға, иістерге, дыбыстар мен көптеген қызықты нәрселерге толы.Біз мұның бәрін көру, есту, дәм, иіс сезу, түйсік, тепе - теңдік сезімі арқасында сезініп, түйсініп отырамыз. Бұған бізге сезім мүшелері көмектеседі. Олар миға қоршаған әлемнен немесе ағзаның өзінен алатын мәліметті жеткізеді. Алты сезім мүшесі бар: көз, құлақ, тіл, мұрын, тері, вестибулярлық аппарат.

Қос әйнек, шыны да емес, темір де емес,

Бұзылса оны адам түзер емес.

Кезінде өзі ашылып-жабылады,

Мағнасы қымбат нәрсе, арзан емес. (Адамның көзі)

-Адамның көзі қандай қызмет атқарады?

Көзің екі жанарың,

Көз көреді, барлайды.

Оны кірпік, қабағың,

Шаң мен желден қорғайды.

Көзді сақта қоқыстан,

Жарыққа тік қарама.

Соғып алма оқыстан,

Зақым келер жанарға.

Көру - бұл көз бен мидың бірлескен күрделі жұмысы. Көз заттардан кері шағылысатын күн сәулелерін ұстап алады да, оларды миға береді. Ми оларды сезім мен түйсікке айналдырады да, біз көреміз.

Көздің құрылысы қандай?

Көз күрделі және қызық орналасқан. Бізге тек оның алдыңғы бөлігі ғана көрінеді.Қалған бөлігі терең көз ұясында орналасқан. Көз түгелімен алғанда дөңгелек болғандықтан , оны көз алмасы деп атайды. Көз мынадай бөліктерден тұрады:

-мөлдір қабықтар; -қарашық; -көзбұршақ; -шыны тәріздес дене; -торлы қабық.

Көзді қалай күту керек?

Партада отырып кітап оқу, жазу жазу, теледидар көру, компьютерлік ойын, үшкір зат, күн сәулесі қатты түскенде, лас қол, көзге жаттығу жасау.

«Көздің көмекшілері» - микроскоп, телескоп, лупа, дүрбі, көзілдірік.

Тері гигиенасы

Тері - сезім мүшесі,

Маңызды оның үлесі.

Сол арқылы білесің

Сезіп затты, ыстықты,

Қатты, жұмсақ, суықты.

Тері дайым дұрыстап,

Қызуыңды реттейді.

Зиян микроб, вирустар

Ағзаға одан өтпейді.

Тері бізге тек қорғану үшін ғана керек емес. Ол-бізге қоршаған орта туралы хабар да жеткізіп отырады. Оның арқасында біз теңіздің самал лебін, күннің жылуын, қысқы аязды, ана алақанының жылуын, т. б. сеземіз.

Теріні қалай күтеміз?

Денені аптасына кем дегенде 1 рет жу, орамалмен сүрт. Тері кеуіп кетсе, крем жақ.

Теріні күюден, кесуден, үсуден, соғып алудан сақта.

5.Түсінгенін тексеру.

Мәтін соңындағы тапсырмаларды орындату, сұрақтарға жауап алу.

6.Бекіту. Шығармашылық тапсырма.

«Көз - адамның айнасы» дегенді қалай түсінесің?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал