- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: 'Тұрлаулы мүшелер '
Сабақтың тақырыбы: 'Тұрлаулы мүшелер '
Мұғалім | Карабалиева Қ.Қ. |
Сынып | 3 |
Пән аты | Қазақ тілі |
Сабақтың мақсаты | а) Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштан жасалған тұрлаулы мүшелер туралы топтастырылған ұғымды қалыптастыра таныту. Оқушылардың білім дағдыларын арттыра ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту. Байланыстырып сөйлеуін жетілдіру. ә) Ой - өрісін дамыту арқылы өз бетімен және шығармашылық жұмыс жасауға бейімдеу. б) Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. |
Сабақтың әдісі | Түсіндіру,сұрақ-жауап |
Сабақтың көрнекілігі | сызба, топтамалар, суреттер. |
Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық дайындық ІІ. Мотивациялық қозғалыс. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Өткенді пысықтау. (Білімдерін тексеру. Тест жұмысы)
ІҮ.Жаңа сабаққа кіріспе
Ү.Жаңа сабақ. Жаңа білімді меңгеру. Сергіту жаттығуы. VІ. Рефлексия
VІІ. Қорытынды VІІІ. Үйге тапсырма | «Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Бар адамды құрметтеп, Бас иеміз біз.» 56-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтінді суреттер арқылы өзің жалғастырып көр. (балалардың жазған жұмыстарын тексеріп шығу, 2 - 3 балаға оқыту) 1 Сөйлем нені білдіреді? а) аяқталған ойды білдіреді. ә) бірінші сөз бас әріптен басталады б) соңына . не ?, не ! қойылады. 2 Мәтін неше түрге бөлінеді? а) 3 ә) 4 б) 5 3 Сөйлем мүшелері нені білдіреді? а) түбір сөздер ә) толық мағыналы сөздер б) мәндес сөздер 4 Қимыл іс - әрекет иесін білдіретін сөз не ? а) зат есім ә) етістік б) бастауыш 5 Баяндауыш қай сұраққа жауап береді? а) кім? не? ә) не істеді? не қылды? қайтті? б) қанша? неше? - Тест жұмысын болған болсақ, дәптер жинағандай алдыға қарай әрқайсысың өз қатарың бойынша жіберіңдер. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қазір күз мезгілі) - Күзден кейін қай жыл мезгілі келеді? (Күзден кейін қыс мезгілі келеді) - Қыс айы қай айдан басталады? (Қыс желтоқсан айынан басталады.) - Желтоқсан айының алғашқы бірі күні қандай атаулы күн? (ҚР Бірінші Президенті күні) - өте дұрыс айтасыңдар. - Қыстың болғанын неден білеміз? (Қардың жауғанынан.) Дәптерлерді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық - деп дәптердің бір жолына қыс сөзін көркем жазайық. А) Оқулықпен жұмыс: 60 - жаттығудағы суретке зер салайық. (тапсырманы оқыту, талдау) Қар жауды. Бүгін жапалақтап қар жауды.
Тұрлаулы мүшелер Бастауыш (Қар) Баяндауыш(жауды) А) Ауызша жұмыс: 61 - жаттығу (Сөйлемдерді оқып тұрлаулы мүшелерді тап. Неліктен тұрлаулы мүше екенін түсіндір.) Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді. (Т.М. баст. пен баян. тұрады. Сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.) Ә) Тақтамен, дәптермен жұмыс: 62 - жаттығу. Мәтіндегі тиісті тыныс белгісін қойып азу. Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отынжарды. Ақлима әжей балаларға риза болды. - Осы мәтінге ат қояйық?Не деп қоюға болады? («Көмекшілер, Қамқорлық») - Өте жақсы, жарайсыңдар! Үлкендерді сыйлап, құрметтеп жүру ол біздің міндетіміз. Таң атты, Жаңбыр жауды, Күн шықты. Жаңбыр қатты жауды. Жел соқты, Жаңбыр басылды, Жел қатты соқты. Күн шайдай ашылды.
В) Өздік жұмыс: 63 - жаттығу. Мақалды оқып оны талдау, мағынасын ашу. Түсініктемелер айту. Жатқа жазу. (хормен оқу, іштей оқып, 2 - 3 баладан сұрау) 1. Әкеге қарап ұл өседі. Шешеге қарап қыз өседі. 2. Жаман жолдас жолда қалдырады. - (ұлда, қызда әкесімен анасынан үлгі өнеге алып өседі, тәрбиеленеді; жаман жолдас қиыншылықта қайырылмайды, көмектеспейді) Г) Шығармашылық жұмыс: 3 қатарға тапсырма сурет бойынша тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем құрастырып жаз. (оқы, талда) Шығармашылық диктант: Көп нүктенің орнына тиісті тұрлаулы мүшені қою арқылы сөйлемді көшіріп жазу. 1 Оқушылар .... . 2 ...... жазылды. 3 Қыс .... . 4 Есеп ...... . Керекті сөздер: келді, хат, түсті, орындалды. (балалардың жазғандарын оқытып жіберу) «Кім тапқыр?» дид - қ ойын 64 - жаттығу ауызша жұмыс. Тапсырманы оқытып мағынасына қарай сөйлемдерді ретімен айту. Тұрлаулы мүшелерді тап.
- Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп айтамыз? 65 - жаттығу. 91 бет. Балаларды мақтап зерек, білімді, алғыр, талапты болған балаларды атап айту. Бағалау.
|