7


  • Учителю
  • 'Дара және күрделі сан есімдерді пысықтау'. 4-сынып

'Дара және күрделі сан есімдерді пысықтау'. 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«Теміртау қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі





Тақырыбы: «Дара және күрделі сан есімді пысықтау»

( 4 сынып)

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Исаева Алтынай Саматовна

Теміртау қаласы

2013-2014 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімді пысықтау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: дара және күрделі сан есім тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін бекіту, өткен тақырыптар бойынша білімдерін кеңейту;

2. Дамытушылық: электронды оқулықты қолданып, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын, оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелілік: оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикалық (өзіндік) жұмыс, ойын, оқулықпен жұмыс, білімін тексеру

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі. 4-сынып» электронды оқулығы, презентация, тест

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал:

- Сәлеметсіңдерме, балалар! Сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық!

Күндей нұрланып,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Отырыңдар!

ІІ. Өткенді қайталау.

  • Қане, өткенді есімізге түсірелік! Әр топ бір - біріне сұрақ қояды.

  • Сөз таптарын ата.

  • Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

  • Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

  • Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  • Есептік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

  • Реттік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

  • Дара сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

  • Күрделі сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

  • Санға байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.(мағынасы түсіндіріледі)

Білгенің - бір тоғыз, білмегенің - тоқсан тоғыз. (мағынасын түсіндіріледі)

ІІІ. Өткенді пысықтау.

  • Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Дара және күрделі сан есімді пысықтау». Сабағымыздың мақсаты: дара және күрделі сан есімді пысықтау, электронды оқулықты қолдана білуге үйрету. Енді кезекті оқулықтағы жаттығуды орындайық.

  • Оқулықпен жұмыс (интербелсенді тақтамен жұмыс)

13-жаттығу. Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып, сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетіп, сөз тіркестерді көшіріп жазу.

Он алты жасынан -ақ, бір мың алты жүз отыз жеті метрден, жетпіс километр, он сегіз түрі

Сергіту сәті: «Бір онға , бір солға»

  • Интерактивті тақтамен жұмыс

«Гүлге көбелекті қондыр» ойыны. Сан есімдерді бір бөлек, сын есімдерді бір бөлек топтастыр. бұлардың бір-біріне ұқсастығы мен өзгешелігін айт.

Жасыл, дәмді, кең, биік, көңілді.

Екі, үшінші, жүз жеті, жеті, сексен алты.

- практикалық жұмыс

«Қазақ тілі. 4-сынып» электронды оқулығы бойынша тапсырмалар орындалады.

1.Сандарды сөзбен жаз: 640, 100, 6, 1864

2. Сен білесің бе? Сөйлемдерді оқып, сан есімдерді тауып, сан есімдердің дара және күрделі екенін айт.

Адамның көзі он миллион түсті айыра алады. Адам күніне жиырма үш мың рет тыныс алады. Өмір бойы адам терісі мың рет ауысады.

3. Жаңылтпашты оқы. Сан есімдердің астын сыз. Олардың дара және күрделі екенін ажырат. Жаңылтпаштың астындағы сұраққа жауап бер.

Жүз қырық үш қызғыш құс құсқа,

Жүз қырық үш қызғыш құс қосса,

Қанша қызғыш құс болады? (Екі жүз сексен алты)

4. Төменде берілген жылдар бізге қандай оқиғамен танымал? Дәлелде: 1992 жылы, 2010 жылы, 2017 жылы.

ІҮ. Сабақты қорытындылау:

«Ұпай жинау » ойыны

10

10

10

20

20

40

40

30

30

10- 1 жылда неше күн бар?

30- Дара сан есімге мысал келтір.

20- Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

40- Нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімдерді ата.

40- Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімге мысал келтір.

10- 1 аптада неше күн бар?

10- Біз қай мектепте оқимыз?

30- Күрделі сан есімге мысал келтір.

20-22 наурызда қандай мереке тойлаймыз?

Ү. Үйге тапсырма

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Сан есімнен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық

17-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сан есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз. Олардың дара және күрделі сан екенін айт.

ҮІ. Бағалау. - Балалар, сан есім бойынша алған білімдерін тексеру үшін тест орындаймыз.

Рефлексия.

  • Не білесіңдер?

  • Бүгін сабақта не үйрендіңдер?

  • Келешекте не білгілерің келеді?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал