7


  • Учителю
  • Ашық сабақ: 'Математика Бағасы, Саны, Құны'

Ашық сабақ: 'Математика Бағасы, Саны, Құны'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Бағасы.Саны.Құны.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды бағасы, саны, құны ұғымдарымен таныстыру, осы шамалар арасындағы тәуелділікті меңгерту,функциональдық сауаттылығын қалыптастыру
2. Дамытушылық: Оқушының танымдық қабілеттерін,зейіндерінін,логика-лық ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылық белсендігін дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру,функционалды қасиеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын ояту, берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқытудың өмірмен,ғылымның практикамен байланысын нығайтуға мүмкіндік туғызатын ғылыми диалектикалық көзқарасты тәрбиелеу,оқушыларды қиындыққа ортақтасу құзіреттілігі арқылы белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар жаңа есептеу түрін біледі .Бағасы, саны, құны шамалары арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығара біледі.

Тұлғалық нәтиже: Салмақтау және саралау, өзіндік пікір қалыптастыру, өзінің пікірін қабылдай білу мәдениетіне баулу;

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Проблемалық сұрақтардың шешімін табу мақсатындағы шығармашылық жұмыстар жүргізуге жағдай туғызу

Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, ойын, шығармашылық: Ресурстар:оқулық, интербелсенді тақта, смайлик арқылы топқа бөлу әдісі, ойындар,кестелер,тақта, кестелер,
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Қонақтарды әрдайым
Ізетпен қарсы аламыз.

Әр сабаққа кіргенде
Күшімізді саламыз.
Әр сабақтан шыққанда.

Терең білім аламыз,

Смайлик пайдаланып,үш топқа бөлу ұранын айтқызу, топ ережесін еске салу.

Білімділер

Шетімізден білімді балғындармыз.
Топ жарып, алға шығып бәйге аламыз,.

Алғырлар

Нақты жауап, саналы шешім береміз,
Ұшқыр ой мен алғырлыққа сенеміз!

Тапқырлар

Тапқыр болу - ізгі арман, мұратымыз,
Талмасын әрдайым да қанатымыз!



ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Бейнетақтада көрсету,оқушылар жұппен орындайды,тексереді.
№10
(250 - 50) +120=320
800 -(350 - 300)=750
560+(200 - 160)=600
250 -(50+120)=80
(800 - 350)- 300=150
(560+200)- 160=600

№11
а=6 см
P=6+6+6+6=24 см =240 мм
в=4 см
Р=4+4+4+4=16 см=160 мм

ІV. Еске түсіру, қайталау
Математикалық тест алу.Оқушылар кестені толтырады

1. Қай мысалдарды көбейтумен алмастыруға болады?
A) 6+7+8.
B) 2+12+22.
C) 5+5+5.
D) 11+21.

2. Сан қатарын жалғастыр. 0, 5, 10, 15, 20,...
A) 21, 22, 23, 24, 25.
B) 25, 20, 15, 10.
C) 25, 35, 24, 34.
D) 25, 30, 35, 40, 45, 50

3.Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда....... шығады.
A) Бөлінді.
B) Екінші көбейткіш.
C) Көбейтінді.
D) Бөлінгіш.

4,Кез келген санды 1 - ге көбейткенде................................ шығады..
A) Бір.
B) Нөл.
C) Сол санның өзі.
D) Келесі сан.

5. Нөлге........................ болмайды.
A) Қосуға.
B) Көбейтуге.
C) Бөлуге.
D) Азайтуға.
3. Жаңа сабақ

2) Ой қозғау.
1. Суретжұмбақ. Осыны пайдаланып жаңа сабақ тақырыбын айтқызу
Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазу.
«Бағасы, саны, құны»



Қ:

Б

С


-Оқулықтың 113-ші бетін ашып бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен таныс болайық. Бағасы. Саны. Құны. Мұғалім оқушылардың «бағасы, «саны», «құн» деген тұрмыстық ұғымдарын анықтайды. Осы ұғымдарға есептер құрастырылады.

-Бұл тақырып сөздері сіздердің естеріңізге нені түсіреді?

- Бұл сөздерді қай кездерде қолданамыз.

-Дүкенге барған кезде.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. «Қақпаға доп соқ» ойыны арқылы ұпай жинайды.


-Балалар , бүгінгі сабағымызда ғажайып сәттерге толы.Себебі сабағымыздың өзі үш тақырыптан құралған. Ендеш сабағымыздың мақсаты бағаның санның және құнның тәуелділігін анықтау.

IV .Мағынаны тану


IV. «Ізденген жетер мұратқа» Бағасы. Құны. Саны. кестесі үлестіріледі. Сол кесте арқылы әр топ тұжырым жасап ереже құрастырады.

№2 тапсырма.

1-топ «Білімділер»

№2. Бір кәмпит 5 теңге тұрады. 4 (6, 7, 8) кәмпит сатып алу үшін қанша ақша төлеу керек?



Бағасы

Саны

Құны

Кәмпит

5 тг

5 тг



5 тг

4 дана

? теңге



6 дана


? теңге



7 дана


? теңге



8 дана


? теңге



Әрқайсысы 5 теңге тұратын 4 кәмпит (6,7,8 кәмпит) сатып алсаң,қанша ақша төлеу керек?

Кестені қара және оны дәптеріңе толтыр.

Сатып алынған заттың құнын білу үшін ,заттың бағасын оның санына көбейту керек. Қ=БхС


№3 тапсырма.

2-топ «Алғырлар»

№3. Сатып алынған тауарға 24 (32, 40, 48) теңге төленді. Бір кәмпит 8 теңге тұрса, неше кәмпит сатып алынды?



Бағасы

Саны

Құны

Кәмпит

8 тг

5 тг



5 тг

? дана

24 теңге



? дана


32 теңге



? дана


40 теңге



? дана


48 теңге


Егер сатып алынған затқа 24,32,40,48 теңге төленген болса,бағасы 8 теңгеден неше кәмпит сатып алынған?

Дәптеріңе кестені толтыр.

Сатып алынған заттың санын білу үшін,оның құнын заттың бағасына бөлу керек.С=Қ:Б

№4 тапсырма.

3 - топ «Тапқырлар»

Бағасы

Саны

Құны

? теңге

4 дана

20 теңге


? теңге


4 дана


28 теңге


? теңге


4 дана


32 теңге


? теңге


4 дана


36 теңге


Егер 4 кәмпитке 20,28,36,32 теңге төленсе,1 кәмпиттің бағасы қанша?

Заттың бағасын білу үшін,оның құнын санына бөлу керек.Б=Қ:С



V.Бекіту. Практикалық жұмыс ұйымдастыру.

Мысалы,әрқайсысында 5 теңгеден бағасы жазылған 3 самса сатып алынды.Бірдей бірнеше затты сатып алған жағдайда бағасы сонша рет қайталанады.

-Бір заттың бағасы қанша?

-Сен нешеуін сатып алдың?

-Барлық сатып алынған затқа неше теңге төледің?

-Сен оны қандай амалмен білдің?

-Неге көбейтумен орындадың?


VI.Өткен материалмен жұмыс.»Кім жылдам»

3 топқа бөліп беру №6 есепті баған түрінде есептету. Есептеулерін тексеру.

VII. Жаңа сабақты бекіту

1 - топ Құн белгісіз болған жағдайда қалай табамыз. (баға мен санды көбейтеміз)

2 - топ. Баға белгісіз болған жағдайда қалай табамыз (Құнды санға бөлеміз)

3 - топ. Сан белгісіз болғанда ше? (Құнды бағаға бөлеміз)

«Дүкенде» ойыны.



-Бүгін дүкеннен зат сатып алуға байланысты есептер құрамыз және шығарамыз. Осыған сәйкес слайд қараймыз.
3 топқа тапсырма:

500 теңгеге не сатып алуға болады?

Мұз кәмпит - 28 тг
Йогурт - 140 - тг
Шоколад - 15 тг
Кекс - 350 тг
Шырын - 140 тг
Конфет - 24 тг
Тәтті нан - 90 тг

- Бүгінгі сабақтағы ең маңыздысы не болды?

- Не қызықты болды?

VIII.Үйге тапсырма.

№5,№7 тапсырма


IX. Бағалау. Топты бағалау, қай топ жеңгенін анықтау. Жеңген топты мадақтау. Оқушыларды өз деңгейлеріне қарай бағалау.



«Бекітемін»
Астана қаласы № 44 орта мектеп директоры:
____________Б.Ш.Орынбаев

Қалалық семинар

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Бағасы.Саны.Құны».



Пәні: Математика

Өткізген: Ауелбекова К.С

Сыныбы: 3 «Б»



2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал