- Учителю
- Қар атаулары (Бастауыш сынып)
Қар атаулары (Бастауыш сынып)
Қар атаулары.
Қар - қыста жауатын ақ түсті тоңазыған атмосфералық тосап.
Ақша қар - жаңа жауған таза қар.
Ала қанат қар - бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай жерге ала түскен қар.
Жапалақ қар - ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
Көбік қар - жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Күртік қар - беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қасат қар - ұзақ жатқан қалың қар.
Қиыршық қар - жентектелген түйіршік қар.
Қырбақ қар - жұқа жауған қар.
Мұздақ қар - үстін мұз торлаған, көкшіл түсті беті жылтыр сырғанақ қар.
Омбы қар - ат бауырлайтын қалың қар.
Сүрі қар - ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.
Сіреу қар - ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу, қатты үрпек қар.
Үйіме қар - боранды жел сырғытып, бір жерге тау - төбе үйілген қар.
Үрме қар - жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.
</
Жаңа Жыл қарсаңында.
Сұлтан Қалиұлы.
Безендірдік
Аулада
Өсіп тұрған шыршаны.
Әсемдеуге әр бала
Бар өнерін жұмсады.
Жасап келді бірі - піл,
Бірі - барыс, арыстан,
Бірі - қораз, бірі - құр,
Бірі - бүркіт, сауысқан.
«Қырау» да бар, « қар» да бар,
Іліп жаттық тырмысып.
Төбемізде қарғалар
Әрі - бері жүрді ұшып.
Шыршамыз тұр жасанып,
Ойыншықтар тізіліп.
Көз алмай біз,
Тамсанып,
Қарап тұрмыз қызығып.
Қуаныстық:
«Шамдары
Тіпті ғажап болды» деп.
Ал қарғалар
Маңдағы
Қарағайға қонды кеп.
Бізге де жұрт тамсанып,
Тұрсын дей ме қызығып,
Өздерінше
Жасанып,
Күтіп отыр тізіліп.