7


  • Учителю
  • План по математики 'Есеп салыстыру' 1 класс

План по математики 'Есеп салыстыру' 1 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Түрксіб ауданы №198 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кулшыманова Күлмхан


Сыныбы: 1 «Б»

Пәні: Математика

Күні: 17.02.2015ж.

Тақырыбы: Есеп. Салыстыру

Мақсаты

1.Ұзындыққа байланысты берілген есептердің шешілу жолдарын меңгерту және оларды салыстыра білу дағдысын қалыптастыру.

2.Есептеу машығын, зерттеу- практикалық іс-әрекет дағдысын, ой-өрісін жетілдіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық талдау жүйесін дамыту.

3.Оқушыларды алғырлыққа, зеректікке, шығармашылыққа баулу. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, жолақшалар, конверттегі топтық тапсырмалар, логикалық тапсырмалар.

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрнекілік, зерттеу-практикалық, эвристикалық.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың мазмұны

Геометриялық фигураларды таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.

I.Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.

Көңіліміз жарқырап шыққан күндей мейірімге толсын. Бір бірімізге алақанымыз арқылы жүрегіміздегі жылуды жеткізейік. Біз әртүрліміз. Бірақ топта біргеміз. Бірлікке, ынтымаққа үйренейік.

Сабағымыз сәтті өтсін!


II.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Жазбаша (№4, 128бет)

2.Ауызша қосу, азайту дағдыларын тексеру. Төрт топ электронды оқулықтағы есептеулер арқылы жарысады. (6 санының қосу және азайту кестесі құрастырылады.) Есептеулер соңында математика деген сөз шығады. «Математика-бүкіл ғылымның патшасы». «Математика- ақыл-ойдың жаттықтырушысы» деген цитаттарды слайдтан мұғалім оқып береді. Мұғалім: олай болса, математика сабағы адамның ой-өрісін кеңейтіп, ақыл-ойын, ойлау қабілетін жетілдіреді екен .

III.Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу 1) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. ( сызғыш )


2) Егіз қайың, бой бастары тең өскен,

Іске дайын, бұтақтары бес-бестен (қол)


Балалар бүгін сабақта жолақшаларды өлшеп, олардың ұзындықтарын және есептердің шығарылу жолдарын салыстырамыз. Сондықтан бізге математика сабағында ақыл-ойдың зеректігі, ұқыпты да епті қолдар және сызғыш қажет.

Дәптермен жұмыс. Күн реті жазылады, көркем жазу жолдарына 2,7 сандары жазылады. (2,7 сандары туралы мақал-мәтелдер, сөздер келтіріледі.) 2-жұп, қос; адамның 2-2ден дене мүшелері аталады. М: екі көз, құлақ, қол, аяқ.

Жалқаумен бір жүретін

Құды қармақ ілетін,

Жоламайды зерекке,

Сабақтарын білетін. (2-баға)

7-жеті рет өлшеп бір рет кес, жеті нан, жеті ата, жеті күн.

III.Конверттегі тапсырмалар:

(Жаңа тақырыпты меңгеру)


1-топқа

10см қызыл, 5см жасыл жолақ беріледі. Қызыл жолақтың неше см ұзын екенін есептеп табады.


Қызыл-10см ? см ұзын Ж:10-5=5

Жасыл-5см Ш: 5см ұзын


2-топқа

5 см қызыл, 5см жасыл жолақ беріледі. Өлшеп барлығы неше см екенін есептеп табады.

Қызыл-5см ? см Ж:5+5=10

Жасыл-5см Ш: Барлығы 10см


3-топқа

7 см және 3 екі түсті кесінділер беріледі. Өлшеп, қайсысы неше см ұзын екенін есептеп анықтайды.

Қызыл-7см ? см ұзын Ж: 7-3=4

Жасыл-3см Ш: 4 см ұзын

4-топқа

4 см және 5 екі түсті ленталар беріледі. Өлшеп барлығы неше см екенін есептеп табады.

Қызыл-4см ? см Ж:4+5=9

Жасыл-5см Ш: Барлығы 9 см


Есептердің шығарылуы салыстырылады. Екі кесіндінің барлығы неше см екенін табу үшін, олардың ұзындықтарын қосамыз. Біреуінің екіншісінен неше см ұзын екенін білу үшін, үлкен кесіндінің ұзындығынан кіші кесіндінің ұзындығын азайтамыз.


Сергіту жаттығуы Керік пен жылан


IV.Эстафеталық тапсырма.

(Танымдық қабілетін дамытуға, оза оқытуды жүзеге асыруға арналған жаттығу)

№3,5,4 және 9 сандарымен тура теңдіктер құрастыр.

5+4=9 (қосу амал. компонент. атайды)

4+5=9 (Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен қосынды өзгермейді)

9-5=4 (Қосындының мәнінен 1- қосылғышты азайтса, 2 - қосылғыш шығады)

9-4=5 (Қосындының мәнінен 2 - қосылғышты азайтса, 1 - қосылғыш шығады)

V.Аукционға логиқалық тапсырмалар қойылады.

(Логикалық және ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар)


2балл 3балл 5балл


1.Төңкергенде де өзгермейтін бір сан айт? (2 балл)

Жауабы: 0,8.

2.Егер математиканың терең құдығынан шырын суын алып берсем, елекпен оны алып кете аласың ба? (Көмек; Дүниетанудағы алған біліміңді пайдалан) (4 балл)

Жауабы: Иә, суды қатырып мұз күйінде алып кетуге болады.

VI.Тест тапсырмалары (Тест орындалып біткен кезде тақтада жауабы көрсетіледі. Тесті топ басшылары ауыстыру арқылы тексереді.)

VII.Білгенге маржан Ежелгі өлшем бірліктері. (Қарыс, елі, құлаш, табан)

VIII.Бағалау Топ басшыларының бағалау парағы арқылы жүзеге асады.

IX.Үйге тапсырма: №2, №4. 129 бет.

X. Рефлекция.

1 Көңіл күйіңді көрсет (Өзіңе ризасың ба?)

2 Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

3 Қандай тапсырманы орындауда қиындық туды?

4 Бүгінгі сабақ маған...




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал