- Учителю
- Математика'Он санының құрамы' 1-сынып
Математика'Он санының құрамы' 1-сынып
Күні: 04.12.14ж. 1- сынып. Бекітемін:
Математика.
Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: 10 санының құрамымен таныстыру. Есеп шығару қабілеттерін арттыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
- 10санының құрамын біледі, есте сақтайды.
- Сурет бойынша өрнек құрастырып, қолданылатын амалды нақтылайды;
- өз бетімен есепті шығара алады;
- санды, өрнектерді салыстыра алады;
- сандарды тура, кері санай алады;
- зейінді дамытуға арналған тапсырмаларды орындай алады;
- шапшаңдыққа, ұқыптылыққа үйренеді.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, практикалық жұмыс, өз бетімен жұмыс, семантикалық карта.
Сабақтың көрнекілігі: Сан сызғышы, магнитті суреттер, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
А) Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақтыбастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қарай аттаймыз.
Математика деген қызық пән,
Бәріміз оны білеміз.
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауабын береміз.
Ә) «Миға шабуыл». Дидактикалық ойын «Эстафета»
Семантикалық картамен жұмыс.
-
өрнек
қосынды
айырма
теңсіздік
теңдік
5+2
+
+
3=3
+
+
4+5=9
+
+
+
8-1
+
+
1<6
+
+
-
өрнек
қосынды
айырма
теңсіздік
теңдік
9-3
+
+
8>5
+
+
1+4
+
+
2+6=8
+
+
+
7=7
+
+
ІІ. Мағынаны тану:
А) практикалық жұмыс. Жаңа сабақ.
10=9+1 10=8+2 10=7+3
10=1+9 10=2+8 10=3+7
10=6+4 10=4+6 10=5+5
- Мына өрнектер 10 санының құрамы.
Ә) сурет бойынша өрнек құрау.
- суретте не көріп отырсыздар?
- себетте неше жіп бар?
- мысық не істеді?
-бұл кезде қандай амал қолданамыз?
10-4=6 (өрнекті оқу)
Б) Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымдабес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Беске бесті қосамыз.
В) Дәптермен жұмыс.
1) - жаңа сабақты бекіту мақсатында 1 - тапсырманы орындау.
2) 2 -тапсырманы орындау.
Г) - өздік жұмыс. Дәптердегі 3 - есепті 3 - тапсырманы орындау.
Д) Тақтамен жұмыс. 4 - есепті ұжыммен талқылап, дәптерге орындау.
Е) №5. Керекті бөлікті тап.
Ж) Дәптердегі 5 - тапсырманы практикалық жұмыс түрінде көрсетіп, өз бетімен орындату.
ІІІ. Ой - толғаныс.
А) - Логикалық тапсырма.
Дидактикалық ойын: «Тез есепте»
-
Мұз айдында жеті бала,
Асыр сап жүр, сырғанап.
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Снын айтсаң - жарадың! (7+2=9)
-
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді? (7-2=5)
-
Жаңа ғана шалғында
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт жүргенін айырып. (6-1=5)
-
Екі аяқ пен екі қол
Бір ауыз бен бір тілің…
Нешеу болды кәне, бұл,
Санап шығар кім бұрын? (2+2+1+1=6)
-
Он асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (10+3=7)
Ә) -Қорытындылау: 10 саны қандай сандардың қосындысынан тұрады?
Б) Бағалау. Бағдаршамның көздерін бояу арқылы бағалау.
- Үйге тапсырма: 10 санының құрамын қайталау.