7


'Отбасы' Ашық сабақ 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Отбасы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы мүшелері туралы түсінік беру.

Тәрбиелігі: Отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеп жүруге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Тілін, сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге, сұраққа толық жауап беруге үйрету. Оқушылардың шығармашылық қиялын, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнектілігі: Слайд, отбасы суреті, лимон, пияз, конфет, алма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Психологиялық дайындық:

Күніміз жарық болсын!

Деніміз сау болсын.

Елімізде тыныштық болсын!

ІІІ. Өткен сабақты қайталау:

  • Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Өйткені бізде бүгін қонақтар бар.

  • Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?.

  • Мұрын. Тіл. Тері.

  • Ол қандай мүшелер?.

  • Сезу мүшелері.

  • Енді оны сезім мүшелерінің қызметі туралы кім әңгімелеп береді?.

(3-4 баладан сұрау)

«Тосап» өлеңін жатқа айту. (3-4 оқушы).

Ойын: «Кім сезімтал»

(Конфет, лимон, жуа, алма дәмін татып, иіскеп қарап, ажырату).

ІV. Жаңа сабақ.

1) Сөзжұмбақ шешу.


1. Дәмі қышқыл жеміс. (лимон)

2. Сөйлеу мүшесі. (тіл)

3. Балдай тәтті тіл үйірген

4. Болса дағы қанша салқын,

5. Барлық бала сүйіп жеген, бұл не?

(балмұздақ).

6. Есту мүшесі. (құлақ)

7. Тері қандай мүше? (сезу)

8. Иіс сезу мүшесі. (мұрын)


1. -Жарайсыңдар, балалар. Байқап қарасақ, ортасында бір сөз ерекшеленіп тұр. Қане, сол сөзді оқып жіберейік:

-Отбасы.

- Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы да «отбасы» деп аталады.

- Ал отбасы кімдерден құралады?

Отбасы әлпештеген әкеміз, аялаған анамыз, қамқоршы ағалар мен апаларымыз, соңымыздан

еріп, серік болған іні сіңлі,

қарындастарымыздан тұрады. Яғни, әке, шеше, ұл, қыз-бәрі қосылып, отбасын құрайды. Олар

бір үйде, бір шаңырақ астында тұрады. Ондағы әрбір адам, бір-бірін сыйлайды, бір-біріне

көмек көрсетеді, үлкендері кішілеріне қамқор болады. Әрбір отбасының басшысы, яғни

шаңырақ отағасы, тірегі болады. Ол, әрине, әке. Әке біздің тірегіміз, қамқоршымыз,

ақылшымыз, асыраушымыз. Сондықтан да біз әкеміздің сөзін екі етпей тыңдап, сыйлауымыз

керек Түн ұйқысын төрт бөліп, бізді алақанына салып аялап отырған анамызды да әрқашан

құрметтеп,сыйлап өтуіміз керек. Кейбір тәрбиесіз балалар, ата-анасына қарсы сөйлеп, . . . . .

айтқанын тыңдамай жатады. Ондай жаман қылықтардан аулақ болуымыз керек!. Әке, шеше,

апа, аға, қарындас, туыстарыңыздың бәрін сыйлап жүріңіздер. Егер бірге тұрса, отбасына ата

мен әже де енеді. Егер бөлек тұрса, онда олар да жеке өз отбасын құрайды. Отбасы мүшелері

береке, бірлік, сыйластықта өмір сүрсе, үлгілі отбасы болады.

3. (2-3 оқушыға оқыту).

V. Сергіту сәті.

Біз үлкен бір отбасы

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарап, табынып,

Биікке қол созамыз.

4. Ойын: «Кімнің отбасы»

Суреттерде көрсетіліп тұрған өз отбасы туралы әңгімелеу (5-6 оқушы)

VI. Дәптермен жұмыс:

Әрқайсымыздың отбасымыз әр түрлі. Сондықтан дәптерлерімізге, әркім өз отбасы мүшелерін атап жазып, оқып бересіңдер.

5. Мақал-жалғасын табу.

Мақалдар:

1) Әдепті бала-ата-анасын мақтатар,

...... Әдепсіз бала-ата-анасын қақсатар.


2) Ана сүтін ақтамағанды,

...... Ешкім мақтамайды.


3) Әке көрген оқ жонар,

...... Шеше көрген тон пішер.


4) Ағасы бардың жағасы бар,

...... Інісі бардың тынысы бар.


VII. Қорытынды:

1. Ойын: «Сен білесің бе»?.

1) Сенен кіші ұл бала саған кім болады? (Іні).

2) Сенен үлкен ұл бала саған кім болады? (Апа).

3) Әкеңнің әкесі саған кім болады? (Ата).

4) Сенен үлкен ұл бала саған кім болады? (Аға).


Сонымен балалар, бірінші сабағымызды «Отбасы» туралы әңгімеледік. «Отбасы-Отанымыздың ошағы» деп президентіміз Н.Назарбаев айтқандай, Отанға деген ыстық сезім-осы отбасындағы сыйластық, сүйіспеншіліктен басталады екен. Сондықтан да Отбасымызды да, Отанымызды да, сыйлап, құрметтеп өтейік.

2. Үйге тапсырма: «Отбасы» тақырыбы.

3. Мадақтау. Бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал