- Учителю
- Урок на тему Қос сөздер
Урок на тему Қос сөздер
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Азаматтық құқық
Жалпы тақырып Кіріспе
Сабақ типі дәріс
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті :
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Азаматтық құқық жүйесі-мемлекеттегі құқықтық нормаларының жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Азаматтық құқық ҚР-ғы құқықтық нормативтік құжаттар жағынан ең ауқымды күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді. Яғни, олар іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.ҚР-ның Азаматтық құқықтар жүйесі 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше.
Жалпы бөлімнің 1 бөлімі: Жалпы ережелер. Жалпы бөлімнің 2 бөлімі: Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Жалпы бөлімнің 3 бөлімі: Міндеттемелік құқықтар.
Ерекше бөлімнің 4 бөлімі: Міндеттемелердің жекелеген түрлері. Ерекше бөлімнің 5 бөлімі: Интелектуалдық меншік құқығы. Ерекше бөлімнің 6 бөлімі: Мұрагерлік құқық. Ерекше бөлімнің 7 бөлімі: Халықаралық жеке құқық.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықытық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған кұқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құкықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде - білімнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық құқық ғылымы сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетендікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар Азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.
Бекіту сұрақтары:
• Азаматтық құқық туралы түсінік?
• Азаматтық құқықтың жүйесі?
• Азаматтық құқық жүйесінің логикалық талаптары?
Сабақты қорытындылау: Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық нормалардың жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөлікгеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жөн.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: І Бөлім,§1, жағдаят талдау
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Азаматтық құқық
Жалпы тақырып Азаматтық құқық туралы түсінік
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
• Азаматтық құқық туралы түсінік?
• Азаматтық құқықтың жүйесі?
• Азаматтық құқық жүйесінің логикалық талаптары?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Азаматтық құқық - бұл тауар-ақшалай және қатысушыларының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері - жеке тұлға және заңды тұлғалар.
Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады.
Тұлғаның 2 категориясы болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар.
Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.
Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Оған мекеме, ұйым, кәсіпорын және т.б. жатады.
Біз барлық заң оқу орындарында оқылатын оқу пәнін де азаматтық құқық деп түсінеміз. Оқу пәнінің міндеті - студентті азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұнын дұрыс түсінуге, олардың ерекшеліктерін, негізін, қолдану тетігі мен салдарын білуге үйрету. "Азаматтық құқық" оқу пәнін құқық теориясының қағидаларымен танысып, заңдардың күрделі иірімдерінде бағдарлай білу дағдыларын меңгергеннен кейін оқыту тиімді.
Бұл оқу пәнінің жүйесі өзіндік бірқатар ерекшеліктеріне қарамастан, көп ретте азаматтық құқықтың I тарауда қарастырылған жүйесіне ұқсайды. Мұңдай ұқсастықтың себебін былайша түсіндіруге болады: студенттерді азаматтық-құқықтық нормативтік актілердегі азаматтық-құқықтық нормаларды талдап, түсіндіре білуге үйрету азаматтық-құқықты оқытудың басты міндеттерінің бірі болып табылады: Бұл жағынан қарағанда, азаматтық құқық оқулығы мен оқу құралдары АК мен басқа да заң актілерін баптары бойынша түсіңдіруге жуықтайды. Алайда бұл олардың бір ғана қыры болып есептеледі.
Азаматтық құкық және азаматтық, зандар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын азаматтық құқык ғылымы деп атайды.
Азаматтық құқық ғылымының міндеті - азаматтық - құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу. Егер азаматтық - құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса, азаматтық кұқықтың ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы - нақ азаматтық -құқықтың өзі болып табылады (азаматтық-кұқықтың) анықтамасы I тарауда берілген). Әлбетте, бұл пән азаматтық- құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастарды да, бұл нормалардың заңдарда бейнеленуін де, олардың әр түрлі мемлекеттердегі ерекшеліктерін де, оларға сын тарапынан берілген бағаны да және жетілдірілу мүмкіндіктерін де қамтиды.
Бекіту сұрақтары
1.Азаматтық құқық дегеніміз?
2.Азаматтық құқықтың субьектілері?
3. Азаматтық құқық ғылымының міндеті?
4.Азаматтық- құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар
Сабақты қорытындылау: Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық
нормалардың жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып
табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық
Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең
ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр
алуандығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай
келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөлікгеріне бөлінеді.
Ішкі салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген
және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай
құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға
жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жөн.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: І Бөлім,§2 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Азаматтық құқық
Жалпы тақырып Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар
Сабақ типі аралас сабақ
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.Азаматтық құқық дегеніміз?
2.Азаматтық құқықтың субьектілері?
3. Азаматтық құқық ғылымының міндеті?
4.Азаматтық- құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың
теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ
мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар
реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың
қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ
әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке
қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң
құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар
мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн
отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және
айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар
бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбекзаңдарымен, табиғи
ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы
заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
4. Заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, бiр
тараптың екiншiсiне әкiмшiлiк немесе өзге де билiк жағынан
бағынуына негiзделген мүлiктiк қатынастарға, соның iшiнде салық
жөнiндегi және басқа бюджеттiк қатынастарға азаматтық заңдар
қолданылмайды.
Азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды және өздерi күшiне
енгiзiлгеннен кейiн пайда болған қатынастарға қолданылады.
Азаматтық заң құжаттарының заңдық күшi өздерi күшiне енгiзiлгенге
дейiн пайда болған қатынастарға бұл оларда тiкелей көзделген
реттерде қолданылады.
Азаматтық заң құжаттары күшiне енгiзiлгенге дейiн пайда болған
қатынастар бойынша ол өзi күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған
құқықтар мен мiндеттерге қолданылады. Азаматтық заң құжаттары
күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған шарт бойынша тараптардың
қатынастары осы Кодекстiң 383-бабына сәйкес реттеледi.Осы Кодекстiң
1-бабындағы 1 және 2-тармақтарда көзделген қатынастар заңдармен
немесе тараптардың келiсiмiмен тiкелей реттелмеген және оларға
қолдануға келетiн әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, мұндай
қатынастарға, олардың мәнiне қайшы келмейтiн болғандықтан,
азаматтық заңдардың ұқсас қатынастарды реттейтiн қалыптары
қолданылады (заң ұқсастығы).
Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкiн болмаса,
тараптардың құқықтары мен мiндеттерi азаматтық заңдардың жалпы
негiздерi мен мәнi және адалдық, парасаттылық пен әдiлеттiлiк
талаптары негiзге алына отырып белгiленедi (құқық ұқсастығы)
Бекіту сұрақтары
1.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар?
2.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысушылар?
3.Мүліктік және мүліктік емес қатынастар?
4.Азаматтық заң құжаттарының заңдық күші?
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: І Бөлім,§4 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Азаматтық құқық
Жалпы тақырып Азаматтық заңдардың негiзгi бастаулары
Сабақ типі аралас сабақ
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар?
2.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысушылар?
3.Мүліктік және мүліктік емес қатынастар?
4.Азаматтық заң құжаттарының заңдық күші?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың
теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге
кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын,
азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрiлген
құқықтардың қалпына келтiрiлуiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз
ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.
2. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық
құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады
және оларды жүзеге асырады, сондай-ақ егер заңнамалық актілерде
өзгеше белгіленбесе, құқықтарынан бас тартады. Олар шарт негiзiнде
өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және оның заңнамаға
қайшы келмейтін кез келген талаптарын белгiлеуде ерiктi.
3. Тауарлар, қызмет және ақша Қазақстан Республикасының бүкiл
аумағында емiн-еркiн орын ауыстырып және айналысқа түсiп отырады.
Егер қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамдардың өмiрi мен денсаулығын
қорғау, табиғат пен мәдени қазыналарды сақтау үшiн қажет болса, заң
құжаттарына сәйкес тауарлар мен қызметтiң орын ауыстыруына
шектеулер енгiзiледi.
Осы Кодекстiң 1-бабындағы 1 және 2-тармақтарда көзделген
қатынастар заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен тiкелей
реттелмеген және оларға қолдануға келетiн әдет-ғұрып болмаған
жағдайларда, мұндай қатынастарға, олардың мәнiне қайшы келмейтiн
болғандықтан, азаматтық заңдардың ұқсас қатынастарды реттейтiн
қалыптары қолданылады (заң ұқсастығы).
Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкiн болмаса,
тараптардың құқықтары мен мiндеттерi азаматтық заңдардың жалпы
негiздерi мен мәнi және адалдық, парасаттылық пен әдiлеттiлiк
талаптары негiзге алына отырып белгiленедi (құқық ұқсастығы)
Азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөздердiң дәлме-дәл мәнiне
сәйкес түсiнiлуге тиiс. Заң қалыптарының текстiнде қолданылған
сөздердi әртүрлi түсiну мүмкiн болған жағдайда Қазақстан
Республикасы Конституциясының ережелерiне және азаматтық заңдардың
осы тарауда, ең алдымен оның 2-бабында баяндалған негiзгi
қағидаттарына сай келетiн түсiнiкке басымдық берiледi. Азаматтық
заң қалыптарының дәл мағынасын анықтау кезiнде, егер бұл осы баптың
1-тармағында баяндалған талаптарды бұрмаламайтын болса, ол күшiне
енгiзiлген кездегi тарихи жағдайларды және оның сот тәжiрибесiндегi
түсiнiлуiн ескеру қажет
Бекіту сұрақтары
1.
2.Конституцияның құрылымы.
3.Конституцияның заңдық күші
4.1995ж Конституция туралы түсініктеме.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: ІІ Бөлім,§1 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Азаматтық құқық
Жалпы тақырып ҚР азаматтық заңдары
Сабақ типі дәстүрлі сабақ
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.ҚР Конституциясы туралы сипаттама беріңіздер.
2.Конституцияның құрылымы.
3.Конституцияның заңдық күші
4.1995ж Конституция туралы түсініктеме.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен,
Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де
заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар
Жарлықтарынан, Парламенттiң қаулыларынан, Парламенттiң Сенаты мен
Мәжiлiсiнiң қаулыларынан (заң актiлерiнен), сондай-ақ осы Кодекстiң
1-бабының 1,2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтiн
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарынан, Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан тұрады.
2. Осы Кодекстiң 1-бабының 3-тармағында аталғандарды
қоспағанда, азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде қамтылған нормалары осы Кодекстiң ережелерiне қайшы
келген жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады, Қазақстан
Республикасының заңдарында қамтылған және осы Кодекстiң нормаларына
қайшы келетiн азаматтық құқық нормалары Кодекске тиiстi өзгерiстер
енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары
Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының негізгі бастауларына
қайшы келмейді.
3. Банктер мен астық қабылдау кәсiпорындарының құрылуына,
қайта ұйымдастырылуына, банкроттығына және таратылуына, банк
қызметiн бақылау мен оны аудиторлық тексеруге, астық қабылдау
кәсiпорындарының қызметiн бақылауға, банк операцияларының жекелеген
түрлерiн лицензиялауға, банктерді қайта құрылымдауға, астық
қабылдау кәсiпорындарының қойма куәлiктерiмен операцияларды жүзеге
асыруға байланысты қатынастар банк қызметiн және астық қабылдау
кәсiпорындарының қызметiн реттейтiн заң актiлерiне қайшы келмейтiн
бөлiгiнде осы Кодекспен реттеледi.
Банктер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар,
сондай-ақ клиенттер арасындағы банк арқылы қатынастар азаматтық
заңдармен осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп бойынша
реттеледi.
4. Азаматтық қатынастар, егер әдеттегi құқықтар, соның iшiнде
iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар Қазақстан Республикасы
аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе,
солармен реттелуi мүмкiн.
5. Министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар,
жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, осы Кодексте және өзге де
азаматтық заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен шектерде
азаматтық қатынастарды реттейтiн актiлер шығара алады.
6. Азаматтар мен заңды тұлғалардың осы Кодексте және
Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарында белгiленген
құқықтарын мемлекеттiк басқару органдары мен жергiлiктi өкiлдi және
атқарушы органдардың құжаттары шектей алмайды. Мұндай құжаттар
қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және
қолданылмауға тиiс.
7. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдiк жеке
және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық
заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары
үшiн қандай құқықтар мен мiндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға
ие болуға қақылы және сондай мiндеттердi орындауға мiндеттi.
8. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше
ережелер белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады.
Халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлгеннен
басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттар тiкелей қолданылады.
Бекіту сұрақтары
1.ҚР азаматтық заңдары немен реттеледі?
2.
3. Конституциялық заң
4.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияға түсініктеме.
Сабақты қорытындылау:
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуы бойынша, «Бүгіндері Қазақ
стандағы реформалар тәжірибесінің нәтижелі екендігін халықаралық
сарапшылар ғана емес, сонымен бірге әлемдегі басты мемлекеттер лидерлерінің
өздері де мойындап отыр. Қазақстанның көшбасшылығы сәтті таңдап алынған
өтпелі дәуірдің саяси-экономикалық үлгісіне негізделген».
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: ІІ Бөлім,§4 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Құқық негіздері
Жалпы тақырып Азаматтық құқықтар мен міндеттер
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.ҚР тәуелсіздігі туралы сипаттама беріңіздер.
2. Стратегиялық бағыттар.
3. Конституциялық заң
4.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияға түсініктеме.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден,
сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда
болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен,
олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар
мен мiндеттердi туғызады.
Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:
1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден,
сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн
мәмiлелерден;
2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын
әкiмшiлiк құжаттардан;
3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен;
4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi
жасау немесе иемдену нәтижесiнде;
5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен
өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де
нәтижелерiн жасау нәтижесiнде;
6) басқа жаққа зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа жақ
есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю)
салдарынан;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi
салдарынан;
8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын
байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық
құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша
пайдаланады.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтардың жүзеге
асырылмауы, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда,
бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқпайды.Азаматтық құқықтарды
жүзеге асыру басқа құқық субъектiлерiнiң құқықтарын және заңдармен
қорғалатын мүдделерiн бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтiрмеуге
тиiс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды
жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап,
заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал
кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға
тиiс.
Бұл мiндеттi шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге
болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал,
парасатты және әдiл әрекет жасауы көзделедi.Азаматтар мен заңды
тұлғалардың басқа жаққа зиян келтiруге, құқықты басқа түрлерде
қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы
келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол
берiлмейдi.
Бекіту сұрақтары
1.ҚР тәуелсіздігі туралы сипаттама беріңіздер.
2. Стратегиялық бағыттар.
3. Конституциялық заң
4.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияға түсініктеме.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: лекцияны толықтыру,конституцияның баптарын
қайталау
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Құқық негіздері
Жалпы тақырып Заңды тұлға ұғымы
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары
2. Заңды тұлғаның құрылтайшылары
3. Заңды тұлғаны қайта құру
4.Заңды тұлғаны тарату негіздері
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез - келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүиеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп таңылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады»
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды:
1. ұйымдасқандық бірлігі;
2. мүліктік оқшаулығы;
3. Дербес мүліктік жауапкершілігі;
4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымнан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін,егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргүзу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр.Комерциялық ұйымдағы дербес балансын мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз-Ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеселі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже .Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44- бабының 1- тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша қосымша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық- құқықтық белгісі.Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына ,өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүкіндік береді.
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілерінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 бабының 1тармағының 1бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларында берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз.
Заңды тұлға - мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтары мен міндеттер берген субьект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық - құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының тәжірибелік маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық - құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Сонымен жоғарыда айтылып кеткендей заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33 бабының 1 тармағының 1 бөлімінде баянды етілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс
Бекіту сұрақтары
1.Алғаш адам құқығының бекітілуі туралы түсініктеме
2.Адам құқықтарының категориясы
3.Тәуке ханның жеті жарғысы
4.15-20 ғғ.адам құқығының келісімдері туралы сипаттама
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: ІІІ Бөлім,§1 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Құқық негіздері
Жалпы тақырып Азаматтық құқықтың обьектілері мен субьектілері
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.Алғаш адам құқығының бекітілуі туралы түсініктеме
2.Адам құқықтарының категориясы
3.Тәуке ханның жеті жарғысы
4.15-20 ғғ.адам құқығының келісімдері туралы сипаттама
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Азаматтық құқықтың элементтерін талқылайтын болса алдымен қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайына зейін салу керек. Азаматтық құқық қатынас субъектілері деп қатынасты қалыптастырушы таранды қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге болады жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет деп. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шет ел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.
Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:
-
Қазақстан азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар
-
Қазақстандық және шет елдік заңды тұлғалар
-
Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер
Азаматтық құқық қатынас объектілері. Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз.
Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың спецификасы оның мүшелері өз әрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге әсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін мынандай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік - зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс және қызымет, ақпатар, интелектуалдық меншік нәтижелері.
Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған.
Азаматтық құқықтың тағы бір қажетті элеметтінің бірі ретінде мазмұны қарастырылады, мазмұны деп осы азаматтық қатынасты қалыптастырушы тараптардың арасындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін айтамыз. Ал азаматтық құқықтың нысаны деп осы жоғарыдағы жағдайларды рәсімдеу тәртібін айтамыз, мысалы азаматтық қатынасты ауызша немесе жазбаша нысанда рәсімдеуге болады
Бекіту сұрақтары
1.Жеке тұлға дегеніміз.
2.ҚР Азаматтық құқығы бойынша жеке тұлға.
3.Азаматтың міндеттері
4.Әрекет қабілеттілік
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §3 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Құқық негіздері
Жалпы тақырып Мәміле ұғымы
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.ҚР тәуелсіздігі туралы сипаттама беріңіздер.
2. Стратегиялық бағыттар.
3. Конституциялық заң
4.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияға түсініктеме.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Соңғы кездерде қоғам өмірінің барлық салаларына қатысы бар көптеген өзгерістер болды. Көптен бері экономика да, құқық та өзгеріске ұшырады. Бұл екі түсінік кез келген мемлекеттің өмірімен тығыз байланыста болғандықтан, әр уақытта бірге айтылады. Экономика дүние жүзі қауымдастығының және де жеке, бөлек алынғанмемлекеттің дамуының жетекші күші бола отырып, қоғамға өз шарттарын қояды. Дегенмен де экономика үшін негіз бола алатын және осы саладағы күрделенген қарым-қатынастарды реттей алатын тірек қажет болды. Осындай тірек ретінде құқық өз міндетін атқаруда. Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, өйткені Ол біздің өміріміздің шаруашылық саласында маңызды рөл атқарады. Заңды тұлға әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәміле жасайды және де бұл олардың бүкіл өмірінде болып тұрады Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар да әрекет түрлеріне қарымастан бір-бірімен мәмілеге келеді. Мәнө жайды түсінбеген адам тек сатыпалу - сату шарты ғана мәміле болады деп ойлауы мүмкін, алайда мәміленің тізімі үлкен. Мәдениет саласында да мәміле жасалынады.
-
Мәміле - азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.
-
Мәміле- бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.
-
Мәмілені жасау - мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.
-
Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.
-
Мәміле - арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтардан ерекшелендіреді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды.
-
Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз - жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ - мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады.
Азаматтық құқықта мәмілелер көп, сондықтан да оларды жіктеу қажет. Мәмілелерді түрлерге бөлу бірнеше белгілер бойынша жүргізіледі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Мәмілелерді бұлай бөлу мәмілелерге қатысушы тараптардың санына сай жүргізілген. Біржақты мәмілелер. Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Мұндай мәмілелерге мысал ретінде сенімхат беруді, өсиет қалдыруды, мұрагерліктен бас тартуды, мұрагерлікті қабылдауды, шартты орындаудан тараптың толығымен немесе жартылай бас тартуды (егер бас тарту тараптардың келісімімен жасалған болса) жатқызуға болады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт - сату - сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
-
Шарт дегеніміз - екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Шарт еркіндігі - шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:
-
шартты жасау еркіндігі;
-
шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
-
жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
-
тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
-
тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.
Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтықсалдар туындайды. Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады. Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін
Бекіту сұрақтары
1.Заңның анықтайтын дәрежесі
2. Құқықтың алғашқы элементі
3.Құқықтың әлеуметтік өмірде алатын орны
4.Мінез-құлық дегеніміз
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 5 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Құқық негіздері
Жалпы тақырып Мәміленің жазбаша нысаны
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.Заңның анықтайтын дәрежесі
2. Құқықтың алғашқы элементі
3.Құқықтың әлеуметтік өмірде алатын орны
4.Мінез-құлық дегеніміз
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Заңдар кейбір мәмілелер үшін тараптар қол қоятын
құжатты қарастыруды ғана талап етпестен, сондай- ақ мәміленің
мазмұнын белгілі бланкіде баяндауды, қойылған қолдарды мөрмен
куәләндіру және т.с.с. талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша
түрін куәләндіре түседі. Егер олар заңда не тараптардың келісімінде
көзделсе, мәміленің жазбаша түріне мұндай талаптар қою міндетті
болады. Қалған жағдайларда, егер тіпті мәмілені заңды тұлғалар
жасайтын болса да, аталған талаптардың сақталуы міндетті емес.
Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің бұзылмауы
жеткілікті болады.
Егер азамат дене кемістігіне, науқастығына немесе сауатсыздығына
байланысты құжатқа өзі қол қоя алмайтын болса, онда оның өтініші
бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Егер заңда өзгеше
көзделмесе, басқа адамның қойған қолын нотариус немесе осындай
нотариалдық әрекеттер жасауға құқөылы басқа лауазымды адам мәміле
жасаушының оған тікелей өзі қол қоя алмауының себептерін көрсете
отырып, куәләндыруы тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап келесі тараптан да
орындағанын растайтын құжатты талап етуге құқылы. Жасалуы кезінде
орындалатын мәмілелерден басқа, ауызша жасалған кәсіпкерлік
мәмілені орындаған тарап та осындай талап қоюға құқылы. Қолхат,
квитанция, жүк қағаздары, әдетте, осындай құқық бола алады.
Заң құжаттарына немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде
жазбаша мәмілелер олрды нотариат куәләндырғаннан кейін жасалады деп
саналады.
Мәмілелерді нотариалдық куәләндыру қажеттігі туралы талаптарды заң
мәммілелердің нақты түрлеріне ғана қояды. Мысалы, АК-ның 58-бабының
5 тармағы шаруашылық серіктестік құру жөніндегі құрылтай шартын
нотариалдық куәләндыруды талап етеді. Заң талап етілетін нысанды
оны қарапайымдату жолымен бұзуға тыйым салады. Мәмілені нотариалдық
куәләндыруды талап ету кезінде оны жай жазбаша түрде жасаумен не
жазбаша түрде жасаудың орнына ауызша түрді қолдануменшектелуге
болмайды. Керісінше, мәмілеге қатысушылардың өзара келісіп отырып,
белгіленген нысаннан оны күрделендіруге қарай шегінуіне әбден
күрделі және ол тараптар үшін ешқандай теріс зардаптар туғызбайды.
Мысалы, заң ауызша мәміле жасауға жол беретін реттерде де, тараптар
мәмілені жазбаша түрде жасауға құқылы; заң мұны талап етпесе де,
тараптар жазбаша мәмілені нотариалдық куәләндыруға құқылы.
Мәмілелердің түрлері.Мәмілелердің тараптардың санына, жасалды деп
саналған уақытына, өтелмелілігіне т.б. жайттарға байланысты бірнеше
түрге бөлінеді.
Жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті
болатын мәмілелер - бір жақты мәмілелер деп саналады. Мысалы,
меншік құқығынан бас тарту(Азаматтық Кодекстің 250бабы), сенімхат
беру (Азаматтық Кодекстің 167бабы) сияқты мәмілелер жатады. Бірақ,
біржақты мәмілені екі немесе одан да көп адамдардың жасауы да жоққа
шығарылмайды.
Жасалуы үшін екі жақтың ерік білдіруі талап етілетін мәмілелер екі
жақты мәмілелер деп танылады. Шарттар деп аталатын мейлінше көп
тараған мұндай мәмлелерге сатып алу-сату, мүлікті жалдау т.б.
шарттар жатады.
Әрбір қатысушысы дербес тарап болып табылатын үш және одан да көп
тараптар жеке ерік білдіретін мәмілелер - көп жақты мәмілелер болып
табылады. Мысалға Азаматтық кодекстің 228-бабы бойынша жасалатын
бірлескен қызмет туралы шартты атап өтсек болады.
Осылармен қатар, белгілі бір себеп бойынша да бөлінеді. Бұл белгі
бойынша мәмілелер: казуалдық және абстрактылы болады.
Казуалдық мәмілеледің жарамдылығы оны жасау ушін негіз болған
нәрсеге байлансыты болады. Жасалғандығының ешқандай негізі жо,
әншейін көз алдау үшін жасалған мәмілеледің әсіресе заңды күші
болмаймайды.
Егер мәмілеге қатысушылардың шынайы еркі көрінбесе онда олар
абстрактілі мәмілелерге жатады.
Бекіту сұрақтары
1.Азаматтық құқық туралы түсінік
2.Азаматтық құқық субьектілері
3.Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары
4.ҚР азаматтық заңдары
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 6лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Құқық негіздері
Жалпы тақырып Мәміленің жарамсыздығы
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.Азаматтық құқық туралы түсінік
2.Азаматтық құқық субьектілері
3.Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары
4.ҚР азаматтық заңдары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
</<font face="Calibri, serif">Жарамсыз мәмілелердің
түрлері. Азаматтық құқык теориясында мәмілелердің жарамсыз
Субъектілік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді.
Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер
мәміленің
Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:
а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелер
ә) он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі
б) есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет
в) сот әрекет кабілетгілігін шектеген адам жасасқан мәмілені
г) әрекет кабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде
Жоғарыда аталған мәмілелер бойынша әрекет кабілеттілігі бар
тарап
Азаматтық кодекстің 159-бабында заңды түлғалардың жарамсыз
мәмілесін жарамсыз
ақауы бар мәмілелер екі топқа бөлінеді:
Бірінші топка бір тараптың екіншісін алдау, зорлық, қорқыту.Ерік
ақауы бар жоғарыда аталған мәмілелердің жарамсыз болуының Зорлап
мәміле жасату дегеніміз, мәмілеге қатысушыны мәжбүрлеп онын Қорқыту
- тұлғаға мәміле жасамаған жағдайда онын өзіне
Қорқытудың салдарынан мәмілені жарамсыз деп тану үшін коркыту Бір
тараптың екіншісімен зүлымдық ниетте келісімге келуі ерік Алдау
аркылы және жаңылысу немесе кіріптарлыкпен жасалатын мәмілелермен
бар
Мәміле жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру
2.1 Мәміле нысаны және оның мәні.
Мәміле еріктің мәлімдеуінен туындайтын құқықтық мәнге заңмен
бекітілген
Мәміле ауызша және жазбаша нысанда жасалады. Егер мәмілеге
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не
нотариалдық)
Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзгеде растайтын
белгі
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген
реттерде
Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер,
Конклугентті әрекет (латынша concludere-жасау) сол арқылы
тұлғалардың мәмілеге
Мәмілелердің жазбаша түрі өз кезегінде жай және нотариалдық
Жазбаша келісім шартының графиктік
Кәсіпкерлік іс жүргізгенде жасалған мәміле жазбаша нысанды
талап
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші
Жазбаша нысандар жасалуға тиіс:
Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттердің нысанына
Кепіл пұл туралы келісім кепілпұлдық сомасына қарамастан
жазбаша
Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда
жасалуға
Егер кепілдік беруші немсе кепіл болушы борышқордың
міндеттемені
Мәмілемен жазбаша нысанда жасау жиі хатпен, телеграммамен,
телефонограмма
Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен
Акцепт толық әрі бұлтарсыз болуға тиіс. Егер
Мәміленің кейбір түрлерін жасау үшін бірдей
Комерциялық құқығымен жасалған және µз қызметінің сипатына
қарай
Комерциялық ұйымның заңдарға кµзделген жайғдайлардан басқасында,
жәрдем шарт
Бұндай жағдайда құжат мәлімне кµрсететін, бірдей белгіленген
нысанда
Кейбір мәмілелерге заңнама жай жазбаша нысанды
Егер азамат кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан
µзі
Заң актілерімен бекітілген жағдайда немесе тараптан, келісімімен,
жазбаша
Нотиаттық куәләндыру мәселені талап ету қажеттілігі мәліленің
белгілі
Талап етілген нысанды жеңілту жолымен бұзуға заң тиым
Заң кейбір жағдайда мәміленің тіккеліке жасалуын талап етеді.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы басқа да құқықтар, бұл
Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге
Заң актілеріне сәйкес мемлекеттік немесе сµзге де тіркеуге
Тіркеуден бас тартылу жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және
Егер мемлкеттік тіркеуді керек ететін мәнім тиісті нысанда
Мәнім заң бойынша тіркеуге қажетті заң бойынша тіркеуді
мәселе толық заңдық кешке ие болады.
Тіркеу құжатты мәлімеде алынған субективтік құқығын дәлелденді.
Тіркеудің бірдей жүйесі толық есебін дұрыстыруға мүмкіндік
береді,
Мәселенің нотариаттық куәләндіруді немесе олардың мемлекеттік
тіркеуі ұқсас
Талаптардың толық жүргізілуі үшін тәуелсіз мекемелер мүдделерді
тіркеу
Наториатты куәлендру қажеттлігі талабымен және мемлекеттік тіркеу
еін
Бұл жағдай жауаптылықты бекіту жолымен шешіледі.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімге белгіленген реттерде
жазбаша
Мәміленің жазбаша нысанын сақтамау салдары.
Әдеттегі талапты сақтамау салдары мәселеге қалысатын, оларды
эарамсыз
Заңда екі жауап шығады; біреуі жалпы қағида ретінде
Жалпы қағида, мәселенің жазбаша нысанының ауызша оның
жарамсыздығына
Бірақ бұл жағдайда бұзылғанғ салдары белгісін болып танылады.
Қарызданушы ақшаны қайтармайды, және сотқа несие берушіден
алмайды
Сондықтан бұл жағдай мәмілеге міндетті талаптардың бұзылуы
жалпы
алып тµлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына
қарамастан
Егер кепілдік беруші немесе алушы басқарудың міндеттемені
орындауын
міндеттеменің орындалуы басталғанға дейін тараптардың келісімі
бойынша не
Ішкі экономикалық мәні сауда мәмілесі Қазақстанмен шет ел
Мәселенің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып
Заң құжаттарда немесе тараптардың келісімде тікелей кµрсетілген
реттерде
Ішкі экономикалық мәселенің жарамдылығын растау үшін құжырадан
мµр
Жоғарыда қµрсетілген кейбір жағдайлар мәселені жазбаша жасау үшін
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда
құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда
айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.
Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым
берілген:»Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке
құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын,
сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп
танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады». Азаматтық құқық
ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1)
ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік
жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі
заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы
айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында
өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай
шарты негізінде жүзеге асырады.Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң
құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін
өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі
міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу
немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай
құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық құқықық белгісі
болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді.
Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе
оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы
дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның
оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап
беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын 44-бабының
1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі
ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған
жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша
оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім
серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің
міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК- тің 63-бабының
1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы); 2)кооператив міндеттемелері
бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің
96-бабының 3-тармағы); 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын
құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері
бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-тармағы);
4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің
94-бабының 2-тармағының 2-бөлігі),сондай-ақ негізгі шаруашылық
серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігінің
кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған
кезіндегі жауапкершілігі(АК- тің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы);
5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген
жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі
(АК-тің 77-бабының 1-тармағының 2-бөлігі ) және тағы басқа
жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаға қатысты халықаралық жеке құқық теориясында 2 ұғым қолданылады:1. Заңды тұлғаның жеке мәртебесі
2. Заңды тұлғаның ұлттылығы.
Заңды тұлғаның жеке мәртебесі дегеніміз - ол заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын анықтау.Заңды тұлғаның ұлттылығы дегеніміз - ол белгілі бір заңды тұлғаның, белгілі бір мемлекетпен байланысын білдіреді.Заңды тұлғаның ұлттылығы жөнінде халықаралық жеке құқықта 4 доктрина қалыптасқан.
1. Инкорпорация - заңды тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Яғни, заңды тұлғаның жеке жерінің заңы қолданылады.
2. Отаршылдық немесе тұрақтылық доктринасы - заңды тұлғаның басты органы қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Яғни, оның әкімшілік органы орналасқан жерінің заңы қолданылады.
3. Қызмет ету немесе шаруашылық жүргізу доктринасы. Заңды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің заңы қолданылады.
4. Бақылау доктринасы - бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңы саналады.Қазақстан заңы бойынша, заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлға заңы болып саналады.Заңды тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі де осы заңды тұлғаның жеке заңымен реттеледі.Заңды тұлға дегеніміз - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Заңды тұлға ұғымы
1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары
1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.
3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.
4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы).
5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.
Бекіту сұрақтары
1.Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары
2. Заңды тұлғаның құрылтайшылары
3. Заңды тұлғаны қайта құру
4.Заңды тұлғаны тарату негіздері
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 3 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Құқық негіздері
Жалпы тақырып Құқықтық қабілеттілік және құқықтық қабілетсіздік
Сабақ типі аралас сабақ
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.Жеке тұлға дегеніміз.
2.ҚР Азаматтық құқығы бойынша жеке тұлға.
3.Азаматтың міндеттері
4.Азаматтық құқық қабілеттілік
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсілІне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде, заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды». Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде, сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1. белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2. елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аудару-мен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық, басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз - қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында кай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште калған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның - құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім - бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі - азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның, дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның, өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес, заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заң, 10-бап).
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінеді. Онық өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің, 17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құлсық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құкықтар мен міндеттерге де ие болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер; - ата-анасының (асырап алушының, қамкоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабы, 1-тармағы).
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар, Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді, ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле
Бекіту сұрақтары
1.Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз?
2. Әрекет қабілеттілігі жоқ деп кімдер танылады?
3. Әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінуі туралы түсінік беру
4. Әрекет қабілеттілік пен құқық қабілеттіліктің айырмашылығы?
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 4 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Құқық негіздері
Жалпы тақырып Құқықтың негізгі салалары
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз?
2. Әрекет қабілеттілігі жоқ деп кімдер танылады?
3. Әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінуі туралы түсінік беру
4. Әрекет қабілеттілік пен құқық қабілеттіліктің айырмашылығы?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Құқық жүйесі - бұл объективті қамтамасыз етілген қоғамдық
қатынастар жүйесі, құқықтың ішкі құрылымы, онда бірлікте және
келісілімділікте көрінетін, мемлекетте әрекет ететін құқықтық
нормалар және құқықтың бөлінуіндегі салыстырмалы еркіндіктегі
бөлігі - нормалар, институттар және құқық салалары.
Құқық жүйесінің негізгі формалары:
• объективтілігі (құқық саяси партиялардың еркімен қалыптаспайды,
қоғамдық қатынастардың заңды даму процесінде тұжырымдалады.
• қоғамдағы бар қатынастардың деңгейін, құқықтық мәдениетті
көрсетеді;
• құқық жүйесі - бұл көпжақты құқықтық құбылыс, өзінің көлеміне
және мазмұнына қарай бірдей емес, бірақ органикалық
қарым-қатынастағы құрамдық элементтерді қосып алушы (құқық
нормалары, институттар және құқық салалары);
• құқық жүйесі бірлігімен және өзін құрайтын нормалардың
қарым-қатынасымен сипатталады;
• басқа және күрделі жүйелердің бір бөлігі болып табылады: ұлттық
құқық жүйесінің және халықаралық құқық жүйесінің.
Құқық жүйесінің элементтері - бұл нормалар, салалар және құқық
институттары. Өз жағынан, жекеленген құқық салалары сала
бөліктерінен тұруы мүмкін, ал кейбір институттар кей кезде, күрделі
және көлемді конструкциялар болып, солай айтылатын субинституттарды
көрсетеді. Құқық саласы - бұл жекешеленген заңды норомалардың
жиынтығы, сапалы біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Барлық құқық салаларының бір-бірімен айырмашылығы пәні мен құқықтық
реттеу әдісіне байланысты болады.
Құқықтық реттеу пәні қоғамдық қатынастардың біртекті топтағы
құқыпен реттелетін қоғамдық қатынастар ретінде көрінеді. Құқықтық
қатынастар ықпал ететін қоғамдық қатынастар аясы әр түрлі және
бір-бірінен өзгеше (мүліктік, басқарылатын, т.б.). Құқықтық реттеу
пәнінің белгісіне сай, құқық салаларын отызға бөліп көрсетуге
болады.
Құқықтық реттеу әдісіне жалпылама тәртіппен - бұл заңды жол (не
әдістердің жиынтығы), яғни белгілі қоғамдық қатынастарға әр түрлі
әдістермен ықпал етеді; императивті - билік ұйғарымы (тыйым салу
нормалары): қылмыстық, әкімшілік, қаржы құқығы; диспозитивті -
субъектілі, заң қалпында тәртіп жолын таңдауға мүмкіндік береді
(азаматтық құқық).
Бекіту сұрақтары
1.Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз?
2.Құқық жүйесінің элементтері.
3.Құқық салаларының бір-бірімен айырмашылығы
4.Құқық жүйесінің негізгі формалары
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 4 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Құқық негіздері
Жалпы тақырып Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Сабақ типі дәстүрлі сабақ
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз?
2.Құқық жүйесінің элементтері.
3.Құқық салаларының бір-бірімен айырмашылығы
4.Құқық жүйесінің негізгі формалары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сот жүйесiмен Қазақстанның барлық соттарының жиынтығын түсiну
керек. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының
Конституциясына және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын
жергiлiктi соттар құрайды.
Қазақстанның Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, соттардың қызметіне бақылау жүргізеді және сот тәжірибесінің мәселелерi бойынша түсiнiк береді.
Жоғарғы Соттың құрылымы- Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа
төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот Төрағасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот алқа
төрағалары және судьялары Қазақстан Республикасы Президентiнің
ұсынуы арқасында Сенатпен сайланады. Облыстық және оларға
теңестiрiлген соттардың төрағалары, төрағалар және судьялар
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген
ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiмен сайланады.
Сот шешімдері бақылау тәртібімен Жоғарғы Соттың: азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі бақылау сот алқасымен, қылмыстық iстер жөнiндегi бақылау сот алқасымен қаралады. Заңда қарастырылған жағдайларда - жалпы отырыстарда қаралады.
Жергiлiктi соттарға облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);
аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық,
мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар).
Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық,
әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа)
соттар құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында арнайы соттар құрылуы мүмкін (әскери,
қаржы, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмаған жасөспірімдер
істері бойынша) жатады.
Бекіту сұрақтары
1.ҚР жоғарғы сотына түсінік
2.Арнайы және төтенше соттар
3.Жергілікті соттарға түсінік
4.Жоғарғы соттың құрылымы
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 5 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Құқық негіздері
Жалпы тақырып Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Сабақ типі аралас сабақ
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.ҚР жоғарғы сотына түсінік
2.Арнайы және төтенше соттар
3.Жергілікті соттарға түсінік
4.Жоғарғы соттың құрылымы
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау - бақылау және қадағалау қызметі деп аталады. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б. Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Полиция органдарының қызметі. Полиция - Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы - көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы - жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары - күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б. Заң бойынша - полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті. Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді. Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының - Интерполдың мүшесі болып табылады. ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы пллициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді. Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді. ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді. ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі. ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт - лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады. Лаңкестікпен күресу - 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды. Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады. ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді. Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген. Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты - Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту. Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады. Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады. а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды; ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын; б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын; в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын; г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын. Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді. Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар. Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді. Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді. Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу. Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Бекіту сұрақтары
1.Құқық қорғау органдарының салалары
2. Мемлекеттік органдардың қызметі
3.ҰҚК қысқаша сипаттама
4.Полиция органдарының қызметі
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 6 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Құқық негіздері
Жалпы тақырып Азаматтық құқық
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.Жеке тұлға дегеніміз.
2.ҚР Азаматтық құқығы бойынша жеке тұлға.
3.Азаматтың міндеттері
4.Азаматтық құқық қабілеттілік
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық
нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің,
мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта
заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы
органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң
ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі -
мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда
негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.
Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек
заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз - белгілі бір мемлекетте
қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың
белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі.
Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық
актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент - нормативтік
жарлықтар, Үкімет - нормативтік қаулылар, Министрліктер -
нормативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік
шешімдер т.б. қабылдайды.
Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі
қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады.
Мұның өзі - объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс
ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің
(адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген
белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі
ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау
құқығы, білім алу құқығы т.т.
Құқықтың алғашқы элементі - құқық нормасы. Құқық нормасы
дегеніміз - мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі
тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық
дегеніміз - жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар
ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан
құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық
нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың
ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға
тиіс.
Құқықтық нормалардың жиынтығы ретіндегі құқық, қоғам
тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса
да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына
бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни
материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады.
Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы
белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық
игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда
болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс.
Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен
неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы
сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық
нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс.
Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады.
Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері
(сайлау, тағайындау
, олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен
әдістері т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады.
Қоғамдық тәртіп (демократиялық немесе халыққа қарсы
бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны
тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару
ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары
тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.
Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады.
Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып,
оны нығайтудың т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын белгілейді.
Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар
туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан
қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады.
Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с.
үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген
құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының
талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының
талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап
отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.
Бекіту сұрақтары
1.Заңның анықтайтын дәрежесі
2. Құқықтың алғашқы элементі
3.Құқықтың әлеуметтік өмірде алатын орны
4.Мінез-құлық дегеніміз
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 5 лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Конституциялық құқық
Жалпы тақырып Саяси құқықтар мен бостандықтар
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
1.Жеке құқықтар мен бостандықтар адамға қай кезде беріледі?
2.Жеке құқықтар санатына нелер жатады?
3.Конституциялық құқықта нелерге тыйым салынады?
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
Карточка
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Саяси құқықтар мен бостандықтар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі азаматтың құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл ретте саяси құқықтар мен бостандықтардың табиғи сипаты ҚР биліктің бірден-бір бастауы Қазақстан халқы болып табылады деген қағидадан келіп шығады. Азаматтарға кең ауқымды саяси құқықтар мен бостандықтар берілген.Саяси құқықтардың ең маңыздысы азаматтардың белсенді және бәсең сайлау құқығынан тұратын сайлаушылық құқық субъектісі болып табылады.Саяси құқықтар қатарына азаматтардық мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы жатады (33-б. 1-т.). Азаматтар бұл құқықты әрқилы жүзеге асырады. Ең алдымен олар оны тікелей, басқаша айтқанда республикалық референдумға, мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беруге, сайлауға қатысу жолымен жүзеге асырады. Сонымен бірге мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы өкілді органдардың қызметінен де өз орнын табады: азаматтар сайлаушылар ретінде өз депутаттарына ықпал ете алады.Азаматтардың белсенділігін танытудың, қоғам мүдделері-не ынтасын арттырудың бір құралы олардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы барлығы болып табылады.Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар (33-б. 4-т.). Конституцияда мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді деп атап көрсетілген. Мемлекеттік қызметтен өту Республика заңдылықтарымен реттеліп отырады. Мемлекеттік қызметшінің жасы Конституцияға сәйкес алпыс жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауы керек.
Бекіту сұрақтары
Саяси құқықтар мен бостандықтардың табиғи сипаты ҚР биліктің бірден-бір бастауы не болып табылады?
Мемлекеттік қызметтен өту қалай реттеліп отырады?
Мемлекеттік қызметшінің жасы Конституцияға сәйкес неше жастан аспауы керек?
Үйге тапсырма
Лекцияны толықтыру
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Конституциялық құқық
Жалпы тақырып ҚР азаматтығы ұғымы
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Саяси құқықтар мен бостандықтардың табиғи сипаты ҚР биліктің бірден-бір бастауы не болып табылады?
Мемлекеттік қызметтен өту қалай реттеліп отырады?
Мемлекеттік қызметшінің жасы Конституцияға сәйкес неше жастан аспауы керек?
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
Карточка
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Конституциялық құқық саласы жүйесінде азаматтық иституты да маңызды орын алады. Бұл институт Қазақстан Респбуликасы Конституциясының ІІ бөлімінде конституциялық түрде бекітілді.Азаматтықпен байланысты қатынастар "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңмен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 3 қазандағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі.Азаматтық нақтылы емес, құқықтық жағдай. Байланыстың құқықтық сипаты оның заңдық құрылымында көрініс табады.Қазақстан Республикасының азаматы мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар туған сәттен немесе тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтығын алған сәттен пайда болып, азаматтың өліміне не Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты аяқталады. Бұл азаматтықтың тұрақты және орнықты сипатына куә болады.
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып ҚР азаматтығын алу және тоқтату негіздері
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақстан Республикасының азаматтығы белгілі бір негіздер бойынша алынады. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заң Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың төмендегідей негіздерін ерекшелейді:
1) тумысынан;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен көзделген негіздер бойынша және тәртіппен;
4) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңмен көзделген басқа да негіздермен.
Қазақстан Республикасы азаматтығын алудың басты негізі тумысынан болып табылады. Азаматтықты тумысы бойынша алу екі принциптің: "қан құқығы" және "негіз құқығының" бірігуіне негізделеді.
"Қан құқығы" принципі бойынша заң шығарушы қай жерде туғанына қарамастан, әкесі де, шешесі де Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының азаматы деп таниды ("Азаматтық туралы" Заңның 11-бабы). Тек екі бірдей ата-анасының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын жағдайында ғана шет жерде туған баланың азаматтығы ата-аналарының келісімі бойынша анықталады.
"Негіз құқығы" принципі де балалардың азаматтығын анықтаған кезде қолданылады. Сөйтіп, Республика аумағында туған бала егер оның ата-анасы белгісіз болған жағдайда, сондай-ақ ата-анасы азаматтығы жоқ адамдар, бірақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын болса Қазақстан Республикасының азаматы деп танылады.
Бекіту сұрақтары
Азаматтықты тумысы бойынша алу неше принциптің бірігуіне негізделеді?
Балалардың азаматтығын анықтаған кезде қолданылатын принцип?
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып ҚР сайлау құқығы ұғымы
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Азаматтықты тумысы бойынша алу неше принциптің бірігуіне негізделеді?
Балалардың азаматтығын анықтаған кезде қолданылатын принцип?
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар референдуммен қатар, халықтық биліктің жоғары нысаны бола отырып, демократияның маңызды бір элементін құрайды.Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы Республикадағы конституциялық дамуға байланысты үнемі жетілдіріліп отырады.Сайлау заңдылықтарын реформалау 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаудан және 1993 жылғы 2 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінен басталды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы сайлау нормаларын одан әрі өзгертуге себеп болды. Мұндай нормативтік акт Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялық заң күші бар Жарлығы болды.Жалпы алғанда сайлау құқығы белсенді және бәсең сайлау құқығы болып бөлінеді. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы Республиканың он сегіз жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.Сайлау төте және жанама болуы мүмкін. Жанама сайлау жолымен Парламент Сенаты депутаттары сайланады. Төте сайлау жолымен Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жүзеге асырылады
Бекіту сұрақтары
Сайлау заңдылықтарын реформалау кашан басталды?
Төте сайлау жолымен қандай сайлау жүзеге асырылады?
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып ҚР сайлау органдар жүйесі
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Сайлау заңдылықтарын реформалау кашан басталды?
Төте сайлау жолымен қандай сайлау жүзеге асырылады?
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады (Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабы).
Сайлау органдарының біртұтас жүйесін:
1. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
2. Аумақтық сайлау комиссиялары;
3. Округтік сайлау комиссиялары;
4. Учаскелік сайлау комиссиялары құрайды.
Сайлау комиссиялары өкілдіктерінің мерзімі 5 жыл.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 11-бабы Орталық сайлау комиссиясының құрылу тәртібін, құрамын және қызметін реттейді. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Орталық сайлау комиссиясы конституциялық заңдылықта көрсетілген тәртіппен құрылыды.
Конституциялық заңға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы тиісті өкілеттіктеріге ие.
Бекіту сұрақтары
Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын кімдер?
Сайлау комиссиялары өкілдіктерінің мерзімі?
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып Сайлау округтері мен учаскелері
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын кімдер?
Сайлау комиссиялары өкілдіктерінің мерзімі?
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сайлау округі деп Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау үшін сайлаушылардың мөлшермен бірдей саны ескеріліп құрылған аумақтық бірлік ұғынылады. Республика Президентін сайлаған кезде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі болып табылады. Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде бір мандатты аумақтық сайлау округтері құрылады. Көп мандатты сайлау округтері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде құрылады.
Сайлау округтерінің шекараларын құру мен қайта қарау тәртібі Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңның 21,22 баптарымен реттеледі. Қазақстан Республикасында Президентті, Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын сайлаған кезде аумақтық сайлау округтерінің жүйесі құрылып, пайдаланылады. Сайлау округтері әкімшілік-аумақтық бөліністерінің және сайлаушылардың мөлшермен бірдей саны болуы ескеріліп құрылады.
Сайлау округтерін құрудың мақсаты қалалар мен аудандарда дауыс беруді өткізу және дауысты санау болып табылады. Сайлау учаскелері мынадай жағдайлар:
1) әрбір сайлау учаскесінде сайлаушылардың үш мыңнан аспауы;
2) әкімшілік-аумақтық бөліністегі әкімшілік-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы;
3) сайлау округтерінің шекаралары мен сайлау учаскелері шекараларының қиылысып кетуіне жол берілмеуі ескеріле отырып құрылады.
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңмен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің нышаны, халың пен мемлекеттің бірлігінің, Конституциянық мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі.
Қазақстан Республикасы Президентінің міндетіне Конституция мемлекеттік биліктің барлық үш тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуді енгізеді.
Президенттің кезекті сайлауы заңға сәйкес желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі.
Президентті ұлықтау, қызметке кірісу рәсімі қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі.
Президенттің өкілеттігі мынадай жағдайларда тоқтатылады:
а) жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап;
ә) Президентті қызметінен мерзімінен бұрын босатқан жағдайда;
б) қызметінен кетірген жағдайда;
в) Президент қайтыс болған жағдайда.
Президент өз міндеттерін атқара алмайтын барлық жағдайларда оны уақытша Парламент Сенатының Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы не Республиканың Премьер-Министрі ауыстырады.
ҚР Тұңғыш Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі 2000 жылғы 20 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық заңда одан әрі дамытылды. Аталмыш заң Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өз қызметін тоқтатқаннан кейінгі алатын құзыреттері мен кепілдіктерін анықтайды. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық заңның қабылдануы Тұңғыш Президенттің Қазақстан мемлекеттігін қалыптастыру мен дамытудағы айрықша тарихи рөлімен негізделеді. Аталмыш заңда еліміздің дамуындағы, республиканың ішкі және сыртқы саясатын анықтаудағы сабақтастық мәселелері қамтамасыз етілген.
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып ҚР Президентінің актілері
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында норма шығарушылық қызметті жүзеге асырады.
Бұрынырақта айтылғандай, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес заңдар, сондай-ақ заң күші бар жарлықтар шығара алады. Басқа жағдайларда Президент заңға қарасты сипаты бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Жарлықтар мен өкімдер Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындалу үшін міндетті.
Президент жарлықтары Республиканың Конституциясы және заңдары негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Президент жарлықтарының нормативтік құқықтық акт күші бар.
Президент жарлықтары мынадай мақсаттарда шығарылады:
- Президенттің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру;
- мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
- Парламенттің, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың заңдық құзыретіне кірмейтін мәселелерді құқықтық реттеуді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуының стратегиялық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау.
Президенттің өкімдері әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу мақсатында шығарылады
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып Парламентаризм ұғымы. Парламентті құру тәртібі
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат төте емес, жанама сайлау арқылы құралады. Сенат депутаттарын сайлау тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында жүргізіледі. Сенаттың тиісті депутатын өкілеттік мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Республиканың астанасынан екі адамнан сайланады. Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының жоғары өкілді және заң шығарушы органы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабына сәйкес Парламент Республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады
Бекіту сұрақтары
Парламент неше палатадан тұрады?
Қазақстан Республикасының жоғары өкілді және заң шығарушы органы?
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып ҚР Үкіметі атқарушы биліктің жоғарғы алқалық органы
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.
ҚР Үкіметінің құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясымен, "ҚР Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 қазандағы Конституциялық заңымен бекітілген. Оларда ҚР Үкіметінің заңдық табиғаты ашылады, оның мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны айшықталады және оның қызметі сипатталады. Атқарушы биліктің жоғары алқалық органы ретінде Үкімет мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады, ол оның өкілеттіктерімен қатмамасыз етіледі. Үкімет министрліктердің, атқарушы биліктің комитеттері және басқа да орталық органдарының жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды және ұйымдастырады
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып Конституциялық бақылау ұғымы
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Конституциялық бақылаудың қажеттігі негізінде бірнеше себеп жатыр. Біріншіден, конституциялық нормалар әдетте құрылтайшылық немесе бастапқы сипатқа ие болып келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының преамбуласында Конституцияны Қазақстан халқы қабылдайтындығы атап көрсетілген: "Қазақстан Республикасының халқы республикалық референдумда жалпы халықтық дауыс беру жолымен осы Конституцияны қабылдайды". Конституциямен көзделген барлық басқа актілер құрылтайшылық билік болып табылатын Конституцияның актілеріне қайшы келмеуге тиіс. Конституциялық бақылаудың рөлі қазіргі жағдайда тіпті арта түскен.
Конституциялық бақылау деп тиісті органдардың Конституцияның және конституциялық заңдылықтардың үстемдігін қамтамасыз ету мақсатындағы қызметі ұғынылады. Ол актілердің және бұқаралық билік органдары қызметінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің қызметінің Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі мәселесін шешуде көрініс табады.
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып ҚР сот жүйесі
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Республиканың сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының соттар жүйесін Жоғарғы сот және Конституцияға және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оған теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, Астана қаласының соты, Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты), аудандық, қалалық және әскери соттар жатқызылады.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заңында сот жүйесінің бірлігі белгіленген, ол заңда ескерілген жолдармен қамтамасыз етіледі.
Облыстық және оған теңестірілген соттарды уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
Республиканың басқа соттарының төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып ҚР судьялардың конституциялық құқықтық мәртебесі
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Конституциялық заңға сәйкес судья Республикада соттық билікті жүзеге асырушы тұлға болып табылады. Судьялардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңдармен қорғалады. Судьялардың тәуелсіздігінің кепілдігі оларға ешкімнің тиіспеушілігінен көрінеді. Конституциялық заңның 27-бабына сәйкес судьяны, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғары сот кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға қатысты қылмыстық іс тек Республика Бас прокурорының пәрменімен қозғалуы мүмкін.
Судьялар қызметінен қызметтен босату және өкілеттігін тоқтату түрінде босатылады. Судья қызметтен мынадай негіздерде: орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша; медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша; cоттың таратылуына немесе өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, егер басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе, босатылады. Судьяның өкілеттігі мынадай негіздерде: Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылғанда; осы судьяға қатысты айыптау үкімі күшіне енгенде; іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда; басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және басқа жұмысқа ауысқан жағдайда; қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
Жоғарғы соттың судьялары, оның төрағасы, алқа төрағаларын қызметінен Республика Президентінің ұсынуымен Парламент Сенаты босатады. Облыстық және оған теңес- тірілген соттардың судьялары, оның төрағалары және алқа төрағалары, сондай-ақ аудандық соттар төрағалары мен судьялары қызметінен Президент шешімімен босатылады.
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып ҚР жергілікті мемлекеттік басқару ұғымы
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
1995 жылғы ҚР Конституциясы жергілікті мемлекеттік басқаруға жан-жақты анықтама береді. Конституцияна сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
ҚР жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің екі бастауы бар. Біреуі сайланбалыққа және салыстырмалы орталықсыздандырылуға негізделген, бұл бағыт жергілікті өкілді органдармен берік байланысты. Екіншісі орталықтандырылу жүйесіне, мемлекеттік ұйымдастырудың құрамдас элементтігіне негізделген. Мемлекеттік басқарудың бұл механизмі жергілікті атқарушы органдар жүйесі арқылы жүргізіледі.
Жергілік атқарушы органдардың құқықтық мәртебесі ең алдымен Конституциямен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілерімен реттеледі.
Жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын анықтаған кезде оның негізіне біртұтастық принципі қаланған, өйткені Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет болып табылады.
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Конституцияға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
- аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
- коммуналдық меншікті басқару;
- жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" жаңа Заңға сәйкес облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімияты құзыреті (27-бап), аудан (облыстық бағыныстағы қаланың) әкімияты құзыреті (31-бап) және тиісті әкімдердің (29, 33 бб.) құзыреті жан-жақты сараланып, жүйеленген.
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақ жоспары
Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні
Жалпы тақырып
Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті 2 мин
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин
Қайталау сұрақтары
Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма