7


  • Учителю
  • Әліппемен қоштасу тәрбие жұмысы 1 сынып

Әліппемен қоштасу тәрбие жұмысы 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әроқушыныңісәрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру;

Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі»оқулықтарының мұқабасы, шарлар.


Барысы:

Мұғалім:

  • Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушыболып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз. Тойларыңыз тойға ұлассын!


Жүргізуші:.Көз салып қараңызшы боймызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.


Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

Әліппемен қоштассақ,

Өсті білім, бойымыз.

Құтты болсын тойымыз.

Вальс

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті - Әліппе!

Ол сүйікті - Әліппе!

Мұғалім:

  • Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!


Әліппе:

Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаңа.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Нұрсұлтан: Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.


Алуа:.Достастырған өзіңмен,

Ұстазыма мың алғыс.

Иландырған сөзіне,

Қамқоршыма мың алғыс.


Данил:.Арналады ұстаздарға,

Құрмет деген, төр деген.

Біздің елде адам бар ма,

Ұстаз алдын көрмеген?


Мұғалім: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.


Еркеназым:.Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.


«А» деген ол - аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты,

«Б» деген ол-балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.


Көрініс: «Жетпіс пен жеті»


Хадиша:.Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі,

Шаншылмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.


Аспандияр: Ақыл құйған санама,

Күннен де артық расында.

Күн-алыста, ал анам,

Ылғи менің қасыма.


Балерке:.Ана! Ол-біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанды да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.


Нурлан:.Отанды жас-кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәрімізде,

Туып, өмір сүреміз.


Райхан:.Халқымыздың анасы,

Атасы- ол, данасы.

Көз жетпеске көсілген

Қазақстан даласы.

Көрніс: Жетпіс пен жеті.


Сабыржан:.Білім алып мектепте,

Талай пәнді оқимыз.

Мұғалімнің айтқанын

Зердемізге тоқимыз.


Е.Сымбат:Білімнің көзі - мектебім,

Жарқыраған күнмен тең.

Сыңғырлаған қоңырау,

Сиқырлы, сырлы үнмен тең.


Равил:.Тәрбиесі жақсы - игі,

Аяулы менің мектебім.

Шәкірт деп соққан жүрегі,

Ұстаздарым көп менің.


Хор: «Сәлем саған мектебім!»


Аяжан:.Әліппе- білім анасы,

Әліппе- кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!


Ваня:.Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.


Тамирис: Ашыла берді алдымнан,

Кең дүниенің есігі.

Соғылған сандар алтыннан,

Әліппе - білім бесігі.

Қымбат: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.


Ислам:.Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық.


Айнұр: Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!


.Білім алып мектепте,

Талай пәнді оқимыз.

Мұғалімнің айтқанын

Зердемізге тоқимыз.


Білімнің көзі - мектебім,

Жарқыраған күнмен тең.

Сыңғырлаған қоңырау,

Сиқырлы, сырлы үнмен тең.


Тәрбиесі жақсы - игі,

Аяулы менің мектебім.

Шәкірт деп соққан жүрегі,

Ұстаздарым көп менің.


Әліппе:

  • Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға математикадан алған білімдеріңді тексерейік.

(Санамақ айтқызу. Математикалық есептер шығарту. Математика сабағында үйренген сергіту сәтін жасау.)

1ҚР рәміздерін ата

2 ҚР президенті кім

3Қазақ тілінде неше әріп бар?


Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)

Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Меніңатымдыатағанқайсың?
Мұғалім:
-СәлеметсіңбеБілмесбек! Сеніатаған мен ғой. Бүгінбізде «Әліппеменқоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппеменқош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бірбаланыңшарынаұмтылады)
-Мыналардыңбастарындағыкиіпалғандары не өзі?
Білмесбек:
-Әріпдейді. Қайдағыәріп, мынаудоңғалақтыңсуреті, ал мынауесіктіңсуретінсалыпқойыпты-ей. Бұлардыңбәрін мен Әліппеніоқымай-ақбілемін.
Мұғалім: Ол не дегеніңБілмесбек. Бұлар О,П әріптері. ДегенменбалаларБілмесбектіңсөзініңжаны бар. Әрбірәріпбірнәрсегеұқсас.

Алуа: Әріптерді көрейік
Бастасын кәне айтысты,
Жібермесін намысты.
А: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой.
Аружан: Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Сымбат Е: Б дегенің бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Азиза: Гу деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.
Дильяра: Ғалым ғылым ғасырды,
Ғ білімге асырды.


Мейрамхан: Дүлдүл аттар баптаған,
Дәркенді жұрт мақтаған
Еркеназым: Елге есті ер керек ,
Ер жет өсіп ертерек.

Равил: Жасұланбыз, жастармыз
Жарқын істер бастармыз,
Жерімізді түлетіп,
Жайнатып -ақ тастармыз .
Ваня: Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды.
Бейбарыс: Мақтанышым ұдайы,
Маңғыстаудың мұнайы.
Ен байлықтың қақпасы,
Мақтаралдың мақтасы.

И-дегенің иманың,

Адалдықтың белгісі,


К-дегенің күй дарын,

Домбыраның дастаны


З әрпімен зерледім,

Зергерлердің зергерін


Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті -басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)

1-2 балаға әліппе оқыту
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.

Білмеспек ұқыпты,үсті-басын тазалап келеді.

-Балалар Білмеспек ұқыпты,үсті-басын тазалап келіпті бізбен бірге оқысын ба?
Ән «Қошақаным» Алуа

Әліппе:

  • Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі

пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі:

  • Сәлематсыздар ма, балалар?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілідің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

Әліппе:

  • Әліппенің бетін жарық ет,

Ұл-қызды түгел білімді ет!

Келесі оқу жылына,

Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз!

Әумин!

Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

Хор: «Әліппе»

Әсел.Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ана-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!


1Үнді биі:Алым Райхан

2. «Үйшікей» ертегісінен көрініс

3. Ән «Ертегілер»

4 Би «Қара жорға»

5 Ән «Ақ көгершін»

ІІІ бөлім

Мектеп басшылары мен ата-аналарға сөз беріледі.


Мұғалім:

  • Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал