7


  • Учителю
  • Мерекелік шара «Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Мерекелік шара «Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1 жүргізуші: -Армысыздар ардақты ата-аналар, оқушылар!

2 жүргізуші:-Бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер!

1 жүргізуші:-Жаңа жыл... Осы бір жеті әріптен құралған шағын ғана сөзде қаншама қуанышпен шаттық жатыр десеңізші. Аталған мереке баршамыздың жадымызға жаңа үміт, жаңа сенім ұялатып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Өзімізді тап бір ертегі қаһармандарындай сезінуімізге мүмкіндік береді.

2 жүргізуші:-Иә...Жаңа жыл-жанұялық мейрам үйде шырша безендіріп, дастархан жайылып жанұя мүшелері мен қонақтар ескі жылды шығарып салып, келер жылда бір-біріне ақ тілек білдіріп, сыйлықтар ұсынып, ән-күй, бимен қарсы алады.

1 жүргізуші:-«Жылды қалай қарсы алсаң, сол жыл солай өтеді» деген ұғым да бар.

2 жүргізуші:-Шат күлкіге толы болсын маңайың,

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсынағайын!

1 жүргізуші:-Армысың, аманбысың, Жаңа жылым.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Мешін жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

2 жүргізуші: -Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жылдық шыршамызды барлығымыз бірге көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен қызықты өткізуге атсалысамыз

1 жүргізуші: Бүгін сендерді жаңа жылмен құттықтау үшін мектеп директоры Сейтказин Оралбек Сейтказыұлын ортаға шақырсақ. (Мектеп диреторы балаларды құттықтыйды)

2 жүргізуші: -Балалар мектеп директорынан шырша шамын жағуды сұрасақ қайтеді.

Барлығымыз бірге:

Шырша, шырша жағылшы,

Әсем моншақ тағылшы!

(Мектеп директоры шырша шамы жағылады. Көңілді музыка ойнап тұрады.)

Хоровод:

Қар ханшайымы:

Би: Ақшақар биі

-Балалар, бізде шыршамыз да бар. Әдемі киінген балаларымыз да ата-аналарымз да бар. Енді бізге жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді?

Оқушылар:-Аяз ата, ақшақар, аяз ата, ақшақар.......

-Қане енді аяз атаны шақырайық.

-Бар дауыспен айқайлайық.

-Аяз ата, ақшақар........

Аяз ата мен ақшақар залға кіреді.

-Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аязата келді ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар.

Аяз ата:-Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба қыздарым

Қандай көркем мектебің,

Қандай әсем жырларың

Асулармен алыстым

Асау желмен жарыстым.

Тойларыңа асығып,

Өздеріңмен табыстым.

Қасымда бар ақшақар

Жаңа жылдарың құтты болсын!

Ақшақар:-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Селеметсіңдер ме достарым.

Шыршаларың қандай тамаша.

Асыл моншақ тағылған.

Міне әсем шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

1 жүргізуші:-Аяз ата, ақшақар мына ауа райының боранына суығына, қарамастан бүгінгі жаңа жыл мерекесіне келіп отырсыздар. Жолдан біраз шаршаған шығарсыздар. Біраз демалып алыңыздар.

-Балалар мына жатқан не?

-Кілт

1 жүргізуші:--Бұл қай ертегі кейіпкерінікі?

-Буратино

1 жүргізуші:--Ендеше Буратино мен досы Мальвинаны .

-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен кілтімді жоғалтып алдым. Көрмедіңдер ме?

1 жүргізуші:--Кілтіңді алғың келсе, балаларға бір ойын ойнатыңдар.

Ойын

1 жүргізуші:--Кілтін береміз бе?

-Ия.............

Буратино:-Қымбатты балалар, ал енді өзімізбен бір жыл бірге болған ескі жыл қой жылы бізбен қоштасуға келіп тұр екен. Қане бәріміз ортаға шақырайық.

Ескі жыл: - Рахмет,балалар! Ата-ана, ұстаздарыңды ренжітпеңіздер! Менің жаңа жыл досым қайда екен, әлі келмей жатыр ғой. Телефон соғып көрейінші.
- Алло, Мешін жылы! Қайдасың?

Пираттар



Жаңа жыл:

-Келеді жылдар,

Келеді айлар ауысып.

Кезегіммен мен де келдім жарысып.

Жақсылығымды ала келдім халқыма,

Менің жылым жаңа бақыт сыйласын,

Көгімізде бақыт құсы самғасын

Мешін жылы құтты болып халқыма,

Отбасынан той думан арылмасын.

Жаңа жыл құтты болсын ағайын!

Хоровод

Көңілді музыкамен ортаға Алдар көсе мен сиқыршы шағады.
Алдар - Олжас:
Мен, Алдармын, Алдармын,
Шайтанды да алдармын.
Алдау деген түк емес,
Сайқымазақты да алдаймын, - деп екі қайтара әндетіп, сахнада жүреді.
(сол кезде сахнаға Сайқымазақ шығады)

Сайқымазақ: О, Алдеке көңілдісің ғой өзің?!
Алдар: Неге көңілді болмасқа, бүгін бізде жаңа жылдың шырша мерекесі өтіп жатыр. Сен қайдан жүрсің?

Сайқымазақ: Мен бүгін өз сиқырымды бүлдіршіндерге көрсетіп, көңілдерін көтеруге келдім.
Алдар: Қандай сиқыр көрсетесің? Не арқылы?

Сайқымазақ:Менде сиқырлы айна бар. Қарашы қандай әдемі! Айнаға қарап тұрып, сиқырлы сөзді айтсаң болды, не көргің келсе соны көруге болады. Өзің білесің Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің достығы мен ынтымақтастығын жарастырып отырған - өзіміздің Елбасымыз. Сол ұлттар достығының белгісі ретінде бір ұлт өнерін көрсете аласың ба?
Сайқымазақ: Қай елді көргің келеді?
Алдар: (ойланып тұрып) Өзбек биін көрсете аласың ба?

Сайқымазақ: Бәлі, сол да сөз болып па? Қазір (айнаға қарап)
Айнам, менің айнам,
Жаң - жағыңды жайнат.
Өзбек халқының өнерін
Осында әкеп сайрат
Суф, суф, суф.
Музыка қосылады. Өзбек биін билейді.
Алдар:Тамаша, тамаша. Сенің айнаң шыныңда да сиқырлы екен. Енді өзгеше бір өнер көргім кеп тұр мәселен (сәл ойланып тұрып) ұлдардың биін көрсетші.
Сайқымазақ: Сөз боп па? Қазір (айнаға қарап)
Айнам, менің айнам,
Жаң - жағыңды жайнат.
Ұлдар биін
Осында әкеп сайрат
Суф, суф, суф.
Суф, суф, суф.
Алдар: Ой, ризамын, саған рахмет. Осы сиқырлы айнаңды маған сыйлап кетші.
Сайқымазақ:-Менде мынандай айналар үйімде көп. Саған осы айнамды сыйға тартайын. Барлығын алдай бергенше, сен де мен сияқты әр қашан көңілді жүріп, балаларға сиқыр көрсетіп жүр.

2-Жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар! Сағат тілі соғып жатыр. Жолға шығатын уақыттарыңыз болған сияқты. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді бөгемейік.
1-Жүргізуші: -Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің.
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жаңа жыл-жаңа бақыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Аман болсын,мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Келер жылы көргенше,
Амандықта болыңдар.
Бейбітшілік заман болсын,
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин! Жаңа жылдарың құтты болсын!


1-Жүргізуші: -Келер жылы кездескенше қош сау болыңыздар Аяз ата, Ақшақар!
Барлығы бірге: Жаңа жыл құтты болсын!



Ата-аналармен ойын:

1. Суды елекпен қалай тасуға болады? (мұз қылып қатырып)
2. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинасын бір қолымен кім тоқтата алады? (жол полициясы)
3. Патша кімнің алдында тәжін шешеді? (шаштараздың)
4. Бір үйде елу батыр,үй сыртында өліп жатыр. (сіріңке)
5. Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар (мен)
6. Жеген сайын жылататын нәрсе? (таяқ)
7. Теңіздің суы неліктен тұзды? (балықтар иістеніп кетпеуі үшін)
8. Су астында қандай тас болмайды? (құрғақ)






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал