7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Әліппемен қоштасу'

Тәрбие сағаты 'Әліппемен қоштасу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қош бол, құтты Әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың әліппе оқулығынан алған білімдерін ортада көрсету, есте сақтау қабілеттерін, ақыл-ойларын дамыту, ұқыптылыққа , өнерлі болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шарлар, безендірілген плакаттар, банерлер-алма ағашы.



Өту барысы:

Мұғалім:

Кел ортаға, кішкентай балақай,

Сен ғаламның кереметі.

Дүниенің құдіреті!

Сен адамсың, адамсың балақай!

Сен - қуаныш, сен - серік.

Сен - берік, сен-серік.

Ата - анаға тірек болар жандайсың,

Көрдің бе сен өзіңді, сен қандайсың

Өмірден өз орныңды ерте таңдап алғайсың.

1- жүргізуші

Өзіңді таны қарағым, өзіңді ізде,

Сенің ізің жайдары жаз да, берекелі күзде.

Сен болашақ адамсың бақытты,

Үмітіңді ешқашан үзбе.

Сен балауса көктем, самал жел өпкен,

Сен алғашқы қарсың ақ ұлпа сепкен

Сен адамсың сен өмірдің өн бойында барсың.

2- жүргізуші

Сен, өзіңді таны балақай!

Сен қажетсің, сен өжетсің.

Сен әлемнің болашағы,

Дүние саған жол ашады дей келе біздің балауса балған балашалық шақтың бесігінде тербеліп өсіп келе жатқан балдырған балаларымызды

«Бал балалық» әнінің әсем әуенімен ортаға шақырамыз.

Ендеше отаға 1 «А» сынып оқушыларын шақырайық. Музыка ырғағымен оқушылар ортаға келіп турады.

Шашу шашылады.

1-оқушы

Армысың, мектеп ар- бесік,

Айқара ашқан есігін.

Тәрбие , білім, бар нәсіп,

Өзіңде өрлеп өсемін.

2- оқушы

Армысың, мектеп киелім,

Мен сені солай сүйемін.

Сен барған бағыт-бағдармен,

Рухы бай елге иемін.

Мұғалім:

-Балалар, біз қайдамыз?

Хормен: Білім ордасында

3- оқушы

Мектеп - кеме, білім - теңіз. Мектеп білім ордасы. Мектеп тәлім- тәрбие беретін, рухани сауатты, білімді ұрпақ тәрбиелейтін біздің ортақ үйіміз. Біз өз мектебіміздің болашағы, биікке көтерер бүлдіршіндерміз.

1-жүргізуші

Балалар, сендер бүгін осы алтын ұя мектептерінде өз сауаттарынды ашып, білімнің үлкен жолының бастауын ашып бағдар берген Әліппемен қоштасқалы отырсыңдар.

2- жүргізуші

Ал балалар, мен сендерге сұрақ қояйын.

Іші толы әріпке,

Білімдіге жарық не?

Болашаққа жол ашар,

Хормен

Ол сүйікті,

Ол сүйікті Әліппе



1-жүргізуші

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассаң

Әліппемен қоштаспақ

Ендеше бәрімізге ең қымбат сүйікті Әліппемізді ортаға шақырайық.

Хормен Ә-ЛІ-ППЕ, Ә-ЛІ-ППЕ, Ә-ЛІ-ППЕ

Әліппе

-Армысыңдар жас достар

Армысыңдар, ата - ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың.

Жақсы білім көрімдік.

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік?

Қане, ортаға салайық

Ертегі баяндау

1.Біз дауысты дыбыстар әлемі (Қызыл киімдегілер)

2.Біз дауыссыз дыбыстар әлемі (Көк киімдегілер)

Әріптер әлеміне шолу



1-оқушы Мұхит

Альфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба, Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

2-оқушы Сабина

А деген - ол аналар ғой ардақты,

3-оқушы Эльвира

Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,

4-оқушы Бақыт

Б деген ол -балалар ғой әдемі,

Хормен Біздің елде үшеуіде кәделі.

4-оқушы

А- әрпі

Менің үшін жақсы адам

Артық көрем басқадан,

Апа, ата сөздері

Қайсы әріптен басталған?

5- оқушы

В-әрпі

Қосылса 13 арасы,

Қандай әріп қарашы?

6-оқушы

Г-әрпі

Егіз десе - екінші,

Сегіз десе-үшінші

Бұл қай әріп екенін,

Өзің қарап түсінші

7-оқушы

Ғ -әрпі

Ұқсайды өзі шалғыға,

Елестет көз алдыңа

Қане, ойланып табайық.

Болды екен қай әріп?

8-оқушы

Е-әрпі

«Е» әрпінің үстіне

Екі нүкте қойғанда.

Қандай әріп шығады?

Жауабын айт ойлан да.

9-оқушы

Ж-әрпі

Түн шымылдық ашқаннан

Жымыңдайтын аспаннан

Көп шырақтың аты не

Қайсы әріптен басталған?

10-оқушы

З-әрпі

Қаздан көре аласың,

Қағаздан да табасың

Байқамасаң анықтап

3екен деп қаласың

11-оқушы

И - әрпі

Үш шырпыдан қайсы әріп

Шығады екен қайсы әріп?

Ал шырпыны төгіңдер

Құрастырып көріңдер

12-оқушы

М-әрпі

Түйе өркешіне қарайық

Ұқсайды оған қай әріп?

13-оқушы

Н - әрпі

Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталған?

Соңғы әрпі неде қарашы.

14-оқушы

О-әрпі

О-кәдімгі дөңгелек

Кетпесін ол дөңгелеп

15-оқушы

Ө-әрпі

Өрікте сөздің басында

Бөрікте Б-ның қасында

Бұл қай әріп көріңдер

Енді айтып беріңдер

16-оқушы

Р-әрпі

Қырларды құр- деші,

Жайылып жүр- деші

Ал енді өзің - ақ

Р-Р-Р-деші

17-оқушы

С-әрпі

Білезікке қарайық

Ұқсайды оған қай әріп?

18-оқушы

Ұ - әрпі

Ұ-әріпі ұлысың

Ағайының өз елің

19-оқушы

Ү-әрпі

«Үйрек» десе -бірінші

«Бүйрек» десе- екінші

Бұл қай әріп екенін

Біреу айтып берсінші

20-оқушы

Ф-әрпі

Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп?

21-оқушы

Ы-әрпі

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз?

22-оқушы

І-әрпі

Ірімшікті жедің ғой

Тәтті екен дедің ғой

Оның аты біз жазған

Қайсы әріптен басталған?

Хормен

Білім деген байлық бар

Еш байлық оған жетпейді

Жасыңда оқып жиып ал

Тепкілесең кетпейді

Өртіңе ол күймейді

Ұрылар да тимейді

Жатып ішер жамбастап

Жалқауды ол сүймейді

Мұғалім

Бәрі де білімнің арқасы

Сондықтан білім мәңгі өлмейді

Алма ағашы

Теректе алма ағашы

Жемісін біздер теретін

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін

Оқушы

Білім - инемен құдық қазғандай. Біз алма ағашын бізге білім берген ұстазымызға теңедік. Ал жемістері - ол бізбіз. Алма ағашының тәтті жемістерін пісіріп, өсірген бізді білім нәрімен сусындатқан ол біздің ұстазымыз.

1-жүргізуші

Көлге ойнаған бұлақтың,

Қайнар көзін көріп пең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар, Әліппең!

Хормен: Рахмет саған,рахмет саған Әліппем!

Хор «Әліппе»



Әліппе

Сауаттанған баланы,

Көрген қандай қуаныш

Білім нәрін бойына

Сіңірген қандай қуаныш.

Біліміңді шыңдай түс

Бал-балдырған бөбектер

Ел сенімін ақтай түс.

Білімге құштар бөбектер.

2-жүргізуші

Біліммен өнер үйрен жастайыннан

Ол мәңгі кетпес байлық бастан, жылдан

Өнердің өрісі кең біле білсең

Сондықтан өнер үйрен бастан қалан

«Ертегілер» әнінің әуенінен кейін «Бауырсақ» ертегісінен қойылым қойылады.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан демекші бәрімізге білім үйреткен ұстаздарымыз. Ұстаз -ұлы тұлға. Сол аяулы ұстаздар құрметіне

«Ақылшы мұғалім» әні

1-жүргізуші

Балалар, біз сүйікті Әліппемізді шығарып салар кез де келіпті.



1-оқушы Мұхит

Әліппені бітірдім

Әріптерді танимын

Мен атаның баласы

Мен оқушы баламын



2-оқушы Нұрдәулет

Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Әріптерді жаттаймыз

Есте мықты сақтаймыз

Ұмытпамыз бәрін де

Атын, затын, түрін де



3-оқушы Әли

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ боп

Сауатты боп шықты міне балаңыз

Хормен

Рахмет саған Әліппе,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

Рахмет саған, рахмет саған Әліппе!

Әліппені шығарып салу.

Бәрге: Қош бол, құтты Әліппем!

2-жүргізуші

Сүйікті біздің Әліппені шығарып салдық. Бізге Ана тілі келді.Енді біз білімімізді Ана тілімен шыңдаймыз балалар.



Ана тілі

Би: Маткаримова Құрбанайдың орындауында

Би: Қыздар тобы «Жаңбырлы күн»

1-жүргізуші

Біз бейбіт елдің ертеңі

2-жүргізуші

Біз бейбіт жердің болашағы

1-жүргізуші

Біз бейбіт өмірдің ұландары

2-жүргізуші

Біз бейбіт өңірдің қырандары

1-жүргізуші

Біз Бейбітшілікті сүйетін

2-жүргізуші

Хормен

Қазақтың қайсар

Білімді қырандары

Хор «Ақ көгершін»

1-жүргізуші

Мектеп деген білім кені, жыр кені



2-жүргізуші

Мектеп деген білімнің ең үлкені

1-жүргізуші

Мектеп деген тәрбиеші адамға

2-жүргізуші

Мектеп деген даналардың мекені демекші білімнің бастауы, қайнар көзі Алтын ұя мектептен басталады.

Киелі осы білім ордамыз орналасқан туған жеріміз Есіктей қаламызға арналған әсем әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән: «Есігім»

1-жүргізуші

Осы білім ордамызда білімді де білікті

2-жүргізуші

Зерек те алғыр

1-жүргізуші



Қайратты да қайсарлы

2-жүргізуші

Талантты да талапты

1-жүргізуші

Ойы ұшқыр да жүйрік

2-жүргізуші

Білімі терең де телегей

1-жүргізуші

Болашақтың ертеңі

2-жүргізуші

Отанының өрені

1-жүргізуші

Біздің осы бөбектер.

2-жүргізуші

Құрметті жиналған қауым! Осымен 1 «А» сыныбының «Әліппемен қоштасу» кеші аяқталды. Біз балардың ертеңінің жарық боларына сенеміз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал