7


  • Учителю
  • 'ӨСімдіктердің адам өміріндегі өмірі' ашық сабақ

'ӨСімдіктердің адам өміріндегі өмірі' ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызы

Сабақтың мақсаты:

Өсімдіктер тіршілігі туралы алған білімдерін жүйелеп табиғатты қорғауға қажетті білім біліктерін бекіту, тереңдету.Өсімдік тіршілік иелерінің денсаулығын қорғаушысы екенін ұғындыру

2. Оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топқа бөлу. Ой туғызу, диалог, әңгімелеу, қызығушылығын ояту.


І. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру болімі

Әңгімелесу

-Балалар,табиғат дегеніміз не? Табиғатқа нелер жатады?

(Орман,жер,су,ауа,гүлдер,аңдар,құстар,жануарлар,тау,тас т.б)

Дұрыс айтасыздар,олай болса табиғат әлеміне жылы лебіздерімізді білдіріп жіберейік.

(Психологиялық сәт)

Күн сәуле шашып жарқырағаның үщін рахмет!

Аспан таза ауа бергенің үщін рахмет!

Су өмірдің нәрі болғаның үшін рахмет!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Сұрақ-жауап:

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Тірі табиғатты ата.-Өсімдік,жануар,адам.

-Өлі табиғатты ата.-Жер,ай,су,күн,ауа,күннің жылуы,жарығы.

Ендеше мен бір жұмбақ айтайын,шешуін табайық

Жұмбақ шешу.

Үйі де жоқ,күйі де жоқ

Бірақ, жауыннан да,

Дауылдан да қымсынбайды.

Ыстыкта да, суыққа да щын шыдайды

Шещуін айта ғой, барлығы білсін жайды. (Өсімдіктер)

Олай болса ,өсімдік табиғаттың бір бөлігі екен. Өсімдіктер орманда,адалада, тауда да, суда да өседі.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

Өсімдіктердің жануарлар тіршілігінде алатын орны.(3-4 оқушыдан мазмұнын сұрау)

Өсімдік


ІV

. «Ой қозғау» Өсімдіктердің адам өмірінде қандай маңызы бар?(Оқушылардың өз ойларын тыңдау)

Өсімдік тердің адам өмірінде де пайдасы зор. Өсімдіктердің ашыққанда-тамақ. Шөлдегенде -сусын, ыстықта-көлеңке, сая, суықта-баспана, ауырғанда-дәрі.

Дәптерге күннің жады мен жаңа тақырыпты жазу.

Слайд арқылы мазмұнын түсіндіру

V.Сергіту сәті.

.Жаңа материалды пысықтау:

1 тапсырма (топтық жұмыс) Постер жасайды және оны қорғайды.

І- топ «Жемістер»(суретін салу және сол адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу)

ІІ-топ «Бидай»(Ұннан жасалатын тағамдар туралы айтады)

ІІІ-топ(Ағаштан жасалатын бұйымдардың суретін салу)


2 тапсырма

-Балалар, үйде біздің аналарымыз күнделікті әртүрлі, дәмді тағамдар пісіреді. Сендер тамақ дайындаған кезде көмектесесіңдер ме? Күнделікті тамаққа не қосып әзірлейді? Біздің келесі тапсырмамыз «Үздік аспаз» деп аталады

(топтық жұмыс) Партаның үстінде түрлі суреттер жатыр.(жеміс-жидектер,көкөністер) осы ыдысқа тамақ пісіру үшін қажетті жеміс -жидек, көкөністерді жылдам салу керек. Қай топ жылдам және дұрыс орындаса сол топтың мүшелері «Үздік аспаз» атанады.

І топ-(жеміс-жидектерден салат жасау)

ІІтоп-(көкөністерден жасалатын салат жасау)

ІІІтоп-(борщ орыс сорпасын дайындау)


3-тапсырма

Өсімдіктер туралы мақал мәтелдің жалғасын табу

І топ

Бір тал кессең,...,он тал ек.


ІІ топ

Дәрі шөптен шығады...дана көптен шығады.

ІІІ топ

Гүл өссе жердің көркі,...

Қыз өссе елдің көркі.


VII.Қорыту:

1.Сұрақ-жпуап:

-Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?

-Адам үшін өсімдіктердің қандай маңызы бар екен?

-Өсімдіксіз тіршілік бола ма?

-Сондықтан балалар, табиғат- тал бесігің,аяла,қорғай біл,тазалығын сақта!

Табиғатсыз адамның күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ

Ойын «Жер» дегенде жануарларды атайды.

«Су» дегенде, балыктарды атайды

«Өсімдік» дегенде гүлдердің аттарын атайды.


VIII. Үйге тапсырма

  1. Өсімдіктедің суретін салу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал