7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан ел»

Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан ел»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: 1Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, қима көгершіндер, гүлдер, ұлттық киімдер.Барысы: Әнұран айтылады. Кіріспе
предварительный просмотр материала

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Қ.Өтеген


Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінде 1-мамыр ынтымақ үніне орай «Ынтымағы жарасқан ел» атты тәрбие сағатының сценарийі. Мақсаты: 1Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, қима көгершіндер, гүлдер, ұлттық киімдер.


Барысы: Әнұран айтылады.


Кіріспе сөз.

Қазақстанда тұратын жүздн астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мамыр достық мерекесі. Бұл-еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының ынтымақ күні. Қазақстан халқының бірлігіне арналған 2 сынып оқушылары дайындаған «Ынтымағы жарасқан ел» атты тәрбие сағатын тамашалауға шақырамыз.

Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, қолдарына гүл шоқтарын ұстап шерумен ортаға шығады.


1-оқушы: Ә.Саят

Мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бүкілхалықтық мейрам. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқанижүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді.


2-оқушы: Назерке

Міне, мерекелі мамыр айы да келіп қалды. Мамыр айы - ерекше ай. Ендеше, достым, себебін айтшы.


3-оқушы: Құрмет

Халқымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында ел еңсесі көтеріліп келеді. Сондықтан достық мерекесі бәрімізге де қастерлі күн.


4-оқушы: Балауса

Иә, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз. Қазақстан кең байтақ.Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.


Ән: Әрқашан күн сөнбесін.


5-оқушы: Мейірхан

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз шаттанамыз.


6-оқушы: М.Саят

Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшіліктің туын жоғары ұстап болашаққа жол бастайықшы.


7-оқушы: Қарлығаш

Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әртүрлі халықтар әртүрлі ертегі айтады. Әртүрлі бесік жырын жырлайды. Дегенмен, бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді.


8-оқушы: Нұрбақыт

Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар және басқа да көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. Әр ұлттың киімін киген балалар бір адым алға шығып, барлығы бірігіп:

« Қазақстан-ортақ Отанымыз»


Би «Қара жорға»


9-оқушы: Айгүл

Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді.


10-оқушы: Данияр

Қазақстан елінің көк байрағын әлем чемпионатында желбіреткен Ольга Шишигина, қазақ тілін ана тіліндей жетік меңгерген Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бергер, айтыс ақыны Н.Лушникованы мақтан тұтамыз.


11-оқушы: Аянат

Иә, кіндік қаны тамған жерінің қадірін түсініп, жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрін мойындап келген, қазақстандық бауырларымыз бүгінде қазақ тілін қазақ халқынан кем білмейді.


12-оқушы: Ихмат

Кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.


13-оқушы: Айзат

Мұндай мақтаныш сезіммен айтылған жалынды сөз жанымызды жадыратады.


Поэзия минуты. Оқушылар Отан туралы өлеңдерін оқиды.


1.Нұрбақыт

«Біздің туымыз»

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейді.

Сол көк тудың астында

Көгереміз, көктейміз.


2.Саят

М.Мақатаев «Отан»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан,

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.


3.Назерке

Ө.Тұрманжанов «Туған өлкем»

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Ер еңбегі шалқып тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.


4.М.Саят.

М.Мақатаев

Сүйемін, өскен Отаным

Сүйемін мен жерімнің

Топырағын, тасын да.

Сүйемін думанды елімнің

Кәрісін және жасын да.

Бұлтсыз, айсыз, жылы леп,

Сүйемін салқын кештерін.

Бетті аймалап уілдеп,

Толассыз соққан ескегін.

Шаңдатып жота, қырларын

Жылқы ойнаса біртіндеп.

Мен сүйемін тұрғанын

Жылқышының күлімдеп.

Сүйемін гүлге нәр берген

Нөсерді жауған сіркіреп.

Жарқ-жұрқ етіп әр жерден

Сілкінсе аспан күркіреп.


Ән: «Туған өлкем» М.Жарасбек


14-оқушы: Бауыржан

Жан біткендей жас тауға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда,

Мамыр әні тарайды.

Жайдары жаз түрге еніп,

Жадыратты жұртымды.

Жер дүние тербеліп,

Қала, дала құлпырды.


15-оқушы: Аянат

Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай

Айнала жасыл кілем жамылғандай.

Алатауым басына ақ шәлі орап,

Мойнына гүлден алқа тағынғандай.


16-оқушы: Асылбек

Мамыр қандай, шіркін-ай, құлпырады

Күй толқып көңіліңе жыр тұнады.

Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр

Секілді адамзаттың ынтымағы.


Түрік биі. Орындайтын Жетпісбай Б

17-оқушы: Бекжан

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз ббәріміз.


18-оқушы: Балауса

Сары, ақпыз, қарамыз

Бәріміз де баламыз.

Бір Отанда тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.


19-оқушы: Ихмат

Алтай, Кавказ ұласып,

Баурайы бұйрат кен жатыр.

Бақыттың әні асқақтап,

Құлаққа даусы кеп жатыр.


20-оқушы: Құрмет

Қырғыз, қазақ, өзбектер

Манғол , ұйғыр , дүнгендер.

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин,

Терезесі тең жатыр.


Орыс өлеңі. Ережеп Қ

Твоя Родина

Родина-это отец твой и мать,

Родина-друг и ровестник под стать.

Родина-это твой край и столица

Родина-это аул и станица.


Өзбек биі. Амзебек А


21-оқушы: Сайтали

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.


22-оқушы: Аджо

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қара, сарымыз.

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала, тауымыз.


23-оқушы: Мейірхан

Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.


24-оқушы: Ұлыхан

Бейбіт күн-тыныштық,

Біз үшін тым ыстық.

Ырыс құт тұтқасы,

Ынтымақ туыстық.


25-оқушы: Айгүл

Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,

Биік ұшып, самғасын.

Тілегімді жерге жайсын

Қанаттары талмасын.


Ән: «Ақ көгершін» Хайрулла Б


Айгүл:

Бүгінгі «Ынтымағы жарасқан ел» атты 2 сынып оқушыларының тәрбие сағатына көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет. Бейбітшілік күні құтты болсын!


Өтжан Шарапат Мақсатқызы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал