- Учителю
- Сабақ жоспары: 'Ас атасы-нан' (4 сынып)
Сабақ жоспары: 'Ас атасы-нан' (4 сынып)
М.Әуезов атындағы №42 ЖОМ
Сабақтың тақырыбы: «Ас атасы-нан»
Сынып: 4
Мұғалім: Жаменкенова Айнұр Зейноллақызы.
Павлодар қаласы
Сабақтың тақырыбы «Ас атасы-нан»
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың нан туралы түсініктерін кенейту,нанның дастарханға келетін жолы мен оған деген еңбегі туралы білулеріңе әрекет жасау.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,қасиетті тағамымыз-нанды қастерлеуге үйрету.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың барысы:
*Оқушылармен сәлемдесу.
* Психологиялық жағдай тудыру,
Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?
- Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.
-ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.
-СОНДЫҚТАН, бәріңбір-біріңіздің қолдарыңыздан ұстап, тақтада жазылған тілекті оқып шығыңдар.
Қайырлы күн, достым,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең «бестік» болсын!
* Топқа бөлу. Суреттер арқылы мазайка жинаймыз.
І топ ІІ топ ІІІ топ
*Үй тапсырмасын тексеру
Тыңдалым.
Нан дастарханға қалай келеді?
Тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын себеді. Диқаншы оны суарады. Комбайншы піскен егінді жинайды. Жүргізуші бидайды диірменге тасиды. Диірменші ұн тартады. Ұнды нан зауытына апарады. Наубайшы ұннан нан пісіреді. Нан дүкенге түседі. Сатушы нанды халыққа сатады.
Қандай ой қорытуға болады?
«Сөздік пирамидасы»
Бекер айтпаған-не зря говорят
Қою керек - надо поставить
Тоқтық - сытость
Байлық - богатство
Қадірлеу-ценить,береч
Мәтінмен жұмыс.
Кейбір балалар нанды тойғанша жеп,қалғанын лақтырып тастайды.Бұл дұрыс емес. Нан еңбекпен табылады. Нан-адамның өмірі. Сондықтан да оны қадірлеуіміз керек.«Ас атасы-нан», -деп бекер айтпаған. Сондықтан да дастарханға алдымен нан қою керек. Нанды шашуға,жерге тастауға болмайды.
Нан - тоқтық, нан - байлық.
-
Мәтінді топ ішінде оқу,талқылау.
-
Ой қорыту.
-
Мәтін бойынша 1 күрделі сұрақ құрастыру. ( Сұрақты ұшаққа жазып, ұшыру)
Сергіту сәті.
Жазылым.
-
Мына сөздерден сөз тіркестерін құрастыр. Нан, ас,дәмді,тәтті.
-
Берілген сөздерді құрамына талда.\Адамдардың,нанды,байлығы\.
Ролдерге бөліп оқу. «Бауырсақ»
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің ,бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
-Дүкеннен келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға келдің қай жақтан?
-Диірменнен келдім ұн тартқан.
-Диірменге келдің қай жақтан?
-Даладан келдім кең жатқан.
- Жер ана мені көсілген,
- Диқандар нені өсірген?
Нан дастарханға қалай келеді? Әр топ берілген шашыраңқы суреттерді ретімен жапсырады.
1. Жерді жыртады.
2. Дәндер өсе бастайды.
3. Бидайдың сабақтары пайда болады.
4. Оны сушылар не диқандар суғарады.
5. Бидайды орады, бастырады.
6. Машинамен элеваторға тасиды.
7. Диірменге апарып тартады.
8. Машиналар қап - қап ұнды тасиды.
9. Нан илейді. Нан пісіреді.
10. Нан таситын машинамен дайын нанды дүкенге әкеледі.
11. Дүкеншілер мен сатып алушылар дүкенде
12. Нан дастарханда.
Үйге тапсырмасы: «Нан» туралы мақал-мәтел жазу,жаттау.
Рефлексия.
-Қандай жаңа сабақ өттік?
-Нанның қандай түрлерін білесіңдер?
-Нанды дастарханға әкелу үшін кімдер еңбек етеді?
-Балалар,нанға не істемеу керек?
Бағалау.Әр топтың спикерлері бағаларын шығарады.