7


  • Учителю
  • К мен г дауыссыз дыбыстар емлесі

К мен г дауыссыз дыбыстар емлесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ

Сабақтың мақсаты: 1.Жалпы дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. Сөздерде қ мен ғ дыбыстарының қолдануы туралы түсініктерін кеңейту. Жаттығулар орындау арқылы ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін дамыту.

2. Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.3.Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, ойын

Көрнекіліктері: «Әріптер әлемі» ертегісіне арналған слайд, үлестірмелі карточкалар, семантикалық карта

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:

Армысың, асыл күн

Армысың, асыл жер,

Армысың, көк аспан,

Армысыздар құрметті қонақтар,

Армысың, асыл досым

Жылуыма-жылу қос

Міне менің қолым.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Ыстық орындық» ойыны

ІІІ. Жаңа сабақ

«Әріптер әлемі» ертегісін баяндау арқылы проблемалы сұрақ қойып, сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.

Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті болыпты. Тату-тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан-жаққа шашырап ұшыпты. А,ә,е,и,о,ө,ү,ұ,ы,і,э,ю,я- дыбыстары күнге қонып күйіп қып-қызыл болыпты. Б,в,г,ғ,д,ж,з- дыбыстары ағашқа қонып ұяң болып қалыпты. К,қ,п,с,т,,ф,х,ч,ц,ш,щ,һ-дыбыстары ағаштың діңіне қонып қатаң болыпты. Л,м,н,ң,р,й,у дыбыстары бұлтқа қонып үнді болыпты. Олар күні бойы қайғырып-жылап, «Не істейміз?» дейді.Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыстар болған соң, бәрін көріпті. Ортақ шешімге келіпті. Бұларды біз бітірейік-деп келіседі. Одан кейін олар әріптерден сөз, буын, сөйлем құрапты.

Олай болса, бүгінгі дауыссыз дыбыстарды табу үшін әріпті жұмбақ жасырайын, тауып көріңдерші.

Әріпті жұмбақ

1.Қалада бар, үйде жоқ,

Қайықта бар, су да жоқ. (Қ)

2.Ғарышта бар, айда жоқ,

Айшада жоқ, Ғайшада бар (Ғ)

Жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар.Олай болса бүгінгі сабақта дауыссыз қ мен ғ дыбыстарын өтеміз.

Қ- қатаң дауыссыз дыбыс

Ғ-ұяң дауыссыз дыбыс

Қазақ тілінде ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: орақ-орағы, тарақ-тарағы, парақ-парағы


Оқулықпен жұмыс

98 - жаттығу . Өлеңді мәнерлеп оқы. Мектеп - ана

Анамдай асыл мектебім,

Құшағы - нұрлы көктемім

Өмірдің аттап өткелін ,

Қойныңда өсіп көктедім.

Бағыңда құстай сайрадым,

Қырыңда гүлдей жайнадым.

Сәулетті дарқан бесігім,

Тербеліп жүрмін осы күн.

Қарамен жазылған сөздерде қандай дыбыстар өзгеріске ұшыраған? Оның себебі неде деп ойлайсың?


99-жаттығу «Әрқашан күн сөнбесін» ойыны

Сөздерге ы,і дыбыстарының тиістісін қосып, үлгі бойынша өзгертіп жаз. Сөз соңындағы дыбыстың өзгеру себебін түсіндір.

Орақ, ұршық, жолақ, парақ

Үлгі: Сабақ - сабағы



Сергіту сәті


101 - жаттығу Жаңылтпашты жатқа жаз.
Құлағы үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті
«Құлақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса

ІҮ.Сабақты бекіту. 100- жаттығу

Қ дыбысынан басталып қ дыбысына аяқталған сөз ойла.

1 Қоқыс жинайтын құрал

2 Ас ішетін құрал

3 Жануарлар мен өсімдіктер қорғауға алынатын жер

4 Ағаштың діңін қаптап тұратын нәрсе

5 Сүттен жасалатын тағам

Жауабы: қалақ, қасық, қорық, қабық, қатық.


Қазақ тілінде ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: орақ-орағы, тарақ-тарағы, парақ-парағы


Ү.Үйге тапсырма: 102 - жаттығу , ереже

ҮІ.Бағалау

Ойын: «Артық сөзді тап»неге ол сөз артық деп ойлайсың? Дәлелдеуге тырыс.

А) Шай, сүт, нан, айран, кітап, шұжық, балық, май

Ә) Сөйледі, жазды, отырды, Асқар, оқыды.

б) Алма, қызанақ, қияр, алмұрт, бидай, апельсин.




Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.

1. Емшісі, орман, тоқылдақ, болды.

2. Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.

3. Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.

Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса. Осы сөздерге дауысты дыбыс жалғап оқы.


қалақ, қасық, қорық, қабық, қатық.


Қ

А

Л

А

Қ

Қ

А

С

Ы

Қ

Қ

О

Р

Ы

Қ

Қ

А

Б

Ы

Қ

Қ

А

Т

Ы

Қ




Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қой



қарма... ы




Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қой



бұйры... ы




Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қой



ла... тар




Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қой



қайма... ы




Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қой



құла... ы




Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қой



бұла...




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал