7


  • Учителю
  • Дүниетану Тақырыбы: Су. Судың қасиеті. Су-еріткіш.

Дүниетану Тақырыбы: Су. Судың қасиеті. Су-еріткіш.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану

Тақырыбы: Су.Судың қасиеті.Су-еріткіш.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Әртүрлі тәжірбиелер жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Тәжірбиелік жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жуйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,суреттер,глобус,тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сызба, топпен жұмыс, тәжірбиелік жұмыс
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық

Жарық болса күніміз,

Жарық шығар үніміз.

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Кезекшінің жауабы.

-Қазір қай сабақ? /Қазір дүниетану сабағы/

-Үйге не берілді? /Үйге ауа,ауаның қасиеттері және маңызы жайлы оқып келу берілді.

Топпен жұмыс.
І топ. 1. Ауаның қасиеттері.
ІІ топ. 2. Ауаның ластануы.
ІІІ топ. 3. Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

3.Жаңа сабақ.Кіріспе

Жұмбақ шешу.
Жылт-жылт етеді,жылғадан өтеді.

Сылқ-сылық етеді,Аяғы жоқ жүреді./СУ/

Топпен жұмыс. Топтастыру қар


Бұлақ жаңбыр


мұз бұршақ


өзен

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Ол картада көгілдір түске боялған.Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар.суды барлық жерде кездестіреміз.Жер бетіндегі судың 98 % ішуге жарамсыз.қалған 2 % ғана ішуге жарамды.

4.Тәжірбиелік жұмыс.Топпен жұмыс.

Енді судың қасиеттерін ,судың күйін анықтау үшін топпен жұмыс жүргізейік. Әрбір топ өзіне берілген тәжірбиелерді жасап түсінуге тырысады. Түсіндіріп болған соң, басқа топтарға барып түсіндіріп бір-бірімен білімдерін алмастырып , ортаға салады.

І топ.

1-тәжірбие

Шыны ыдысқа сүт,екіншісіне су құй.екеуін салыстыр. Сүт-ақ,,ал су-түссіз.

2-тәжірбие

Су-мөлдір.Оны анықтап көрейік.Екі стақанның ішіне қасық сал.қайсысындағы қасық анық көрінеді.сондықтан су мөлдір.Суды иіскеп көр.иісі жоқ.Олай болса су түссіз,мөлдір,иіссіз.
ІІ топ.

3-тәжірбие

Әртүрлі ыдыстарға су құй.олардағы судың пішініне қара.су қандай пішінге ие.?Су құйылған ыдыстың пішінін алады. Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды.

Суды құйып көр.Ол ағады,себебі су сұйық.Орамалды суға мал,ол су болып қалды.

Сонда су жабысады,Орамалды жайсақ ,ол кебеді.Оның суы буға айналды.Жаздағы су қыс түсісімен қатады.Мұз пайда болады.Сонда судың үш күйі болады.Суйық, бу, қатты.
ІІІ топ.

Суға қант,тұз салып көр.Олар суда қайтты? Еріп кетті .сонда суда еритін заттар болады.Суға саз салып көр ,араластыр.Су лайланады,себебі саз суға еріген жоқ. Құмды салып көр құм суда ерімейді.түбіне тұнып қалады.

Суда еритін де, ерімейтінде заттар бар

Сергіту сәті.

Көп балықтар жүзеді ,

Мөлдір таза суларда ,

Кейде иіледі,

Кейде шалқаяды,

Дем алады жағада.

-Өз орындарына қайтып келген соң. Сұрақтар дайындайды,топтармен ауыстырады.

Тәжірбиелерді жасап көрсетеді.

5 Дәптермен жұмыс.

Берілген сызбаларды жапсырып алу.

6 «Ойын ойнату».

Ал қанекей бір уақыт.

Дұрыс,бұрысты ұғалық.

Дұрыс болса отырып,

Бұрыс болса тұралық.

Су түссіз,мөлдір./отыр/

Табиғатта су өте аз./тұр/

Суда құм ериді./отыр/

Сусыз тіршілік жоқ./отыр/

Адам су ішпей екі ай шыдайды./тұр/

Судың дәмі тәтті./тұр/

Су буға айналады./отыр/

7. Қорытындылау:

І топ. Су тақырыбына постер құра.
ІІ топ. Су .Бес жолды өлең.
ІІІ топ. Су-тіршілік көзі. Эссе жазу.

«Автор орындығына» келіп жауап береді.Постерді қорғау.

Логикалық тапсырма .

І топ.

Жүк артқан екі түйе жолға шықты.Бірінші түйеде тұз,ал екінші түйеде мақта артылған.Алдарынан үлкен өзен кездесті.Қай түйе тез өтті?
ІІ топ.

Адам күніне 5 литр су ішу керек болса, 5 күнде неше литр су ішуі керек?
ІІІ топ.

Тормен су әкелуге бола ма?

8.Бағалау :Өздерін бағалайды.

9.Үй тапсырмасы: «Су. Судың қасиеті.Су еріткіш » мәтінін оқу, әңгімелеу.41-45бет

Кері байланыс: «Алақан әдісі»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал