7


  • Учителю
  • Декада 'Жұлдызды сәт ' интелектуалды ойын сабақ

Декада 'Жұлдызды сәт ' интелектуалды ойын сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойын
Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, Жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын арттыру.
«Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.
Ал, қанекей, келіндер,
Бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін. Ойынға қатысу үшін қойылған сұрақтарға жауап беру қажет. Ойынға 6 ойыншы қатысады.
Оқушыларды кәмпит арқылы топқа бөлу.
«Табалдырық»
♦ Биыл қазақ хандығына қанша жыл?
♦ Жерінің үлкендігі бойынша нешінші орында?
♦ Қазақ валютасы ?
♦ Абылай ханның шын есімі?
♦ Қарағанды көмір кен орнын 1833жылы кім тапты?
♦ Мемлекеттік рәміздерді ата?
♦ Алтын адам қайдан табылды?
♦ Қазақстанның өзен көлдерін ата.
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Демекші, әділ қазыларды сайлап алайық
Жүргізуші: Ойыншылар сәт сапар!
І бөлім «Әудем жер»
Бұл бөлімде мақалдар оқылады, сайыскерлер оның жалғасын тауып айту керек. Жылдам жауап берген ойыншыдан сұралып, әрбір дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі. Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншымен қоштасамыз.
Туған елдей ел болмас, ...... туған жердей жер болмас.
Ата көрген оқ жонар, ... ана көрген тон пішер.
Жаңбырменен жер көгереді, ... Батаменен ел көгереді.
Кітап білім бұлағы, .... білім өмір шырағы.
Ақыл азбайды.... білім тозбайды.
Оқу инемен құдық.... қазғандай.
Еңбек ширатады, ...өмір үйретеді.
Еңбек етсең ерінбей, ... тояды қарнын тіленбей.
Отан оттан да .... ыстық.
Отан үшін отқа түс күймейсің, .... арың үшін алыссаң өлмейсің.
Туған жердің күні де ыстық, ... түні де ыстық.
Өнер ағып жатқан бұлақ, ... білім жанып жатқан шырақ.
Аз сөз алтын - көп сөз көмір.

ІІ бөлім «Қозы көш»
Ұяшық таңдау: Бұл бөлімде жеңілден күрделіге қарай сұрақтар қойылады. Біреуі арнайы сұрақ. Ең аз ұпай жинаған 3 ойыншымен қоштасу. Таңдаған ұяшықтағы ұпай беріледі. Егер қате жауап берілсе, қарсыластар жауап береді.
Қазақ тілі 10 20 30 40
Математика 10 20 30 40
Дүние тану 10 20 30 40
Ана тілі 10 20 30 40

Қазақ тілі
10-ұяшық: Бастауыштың қимылын білдіретін сөйлем мүшесі? /баяндауыш/
20-ұяшық: «хабарлы сөйлемге қандай тыныс белгісі қойылады?»(нүкте)
30-ұяшық: «Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?(екіге)
40-ұяшық: Мәтіннін неше түрі болады? (сипаттау,баянду, пайымдау)

Математика
10-ұяшық: шаршышың ауданы 10000см2.Шаршының периметірі нешеге тен ?
20-ұяшық: Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?.



30-ұяшық: , 1 жұмыртқа 3 мин піссе, 5 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
нешеуі қалады?
40-ұяшық: Автомобиль 180 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Автомобиль жылдамдығы неге тең? /90 км/сағ/




Дүние тану
10-ұяшық: Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады? /карта/

20-ұяшық:Шахтада қөмір өндіретін орныңлуы,(шахта)
30-ұяшық: Алхаш көмірді тапқан адам кім /Ақшал
40-ұяшық: жоғалуға қауіп төніп тұрған өсідіктермен жануарлардың атаулары қайда тіркелген?(қызл кітап)

Ана тілі
10-ұяшық: Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерің білесің?
20-ұяшық: Отан, туған жер туралы 3 мақалды айт.
30-ұяшық: «үш биді ата)төле би,айтеке би,қазбек би)
40-ұяшық: Тәуелсіздік күні?(16 желтоқсан)
ІІІ бөлім «Жолайрық»
Жауаптары: қазақ, қалақ, кесек, надан, керек, қырық, қызық.
Қ..... қ
Қ..... қ
К..... к
Н..... н
К.... к
Қ.... қ
Қ.... қ

1V бөлім «Кім болам?»
Бес минуттық ойтолғау
Сайыскерлер болашақ мамандық таңдаудағы мақсаты және неліктен сол мамандық иесі болғысы келетіндігі жайлы ой толғайды.
Марапаттау


Красивинский орта мектебі



"Жұлдызды сәт" (интеллектуалды ойыны)

4"А"-сынып



Үйымдастырған: Ужекенова М.К.

2015-2016жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал