7


сценарий к 8 марта

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Жүргізуші: Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған «Нағыз ана,нағыз әже»ертеңгілігіне жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып Әлемнің
предварительный просмотр материала



Жүргізуші: Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған «Нағыз ана,нағыз әже»ертеңгілігіне жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!



Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып

Әлемнің жарығын силадың сен маған

Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-

Аналарға гүлдерін сыйлайды



Жүргізуші: Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.

Алдымен осы мектептің директоры Сарсенова Айнур Тоқтарқызына сөз береміз

Жүргізуші;

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ,ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар

Аналардаң туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар,қасиетті аналар!



-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!

-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бүл кім?

Балалар: Ана,ана,ана.

Жүргізуші.:Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:

1 бала:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен Адема
Құттықтайды балалар.


2 бала:

3бала:



4бала: «Жаным» дейсің мені,
Жаратушым - бір сен. Иасин
Жалғыз өзің, тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!

5 бала: Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып Ақнұр
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.

6 бала: Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз. Марат
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

7 бала: Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін Жанель
Ән салайық бәріміз.

8 бала:Анам менің асыл жан,
Құшағы нұр шашылған.
Күн секілді күледі Нұрайым
Сипап ылғи басымнан.

Сол кезде залға Мыстан кемпір жүгіріп келеді

Мыстан: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондай мәз болып отырсыңдар ?А?

Жүргізуші: Сен кімсің?Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың?

Мыстан: Мен Мыстан бикешпін,сендер мені не таныған жоқсыңдар ма?Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз немересімін

Жүргізуші: Ал Мыстан кемпірдің өзі қайда?

Мыстан: Ол пенсияда ғой ,енді мен оның орнында боламын

Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды.қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды.

Жүргізуші:Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой.Неге біз кетуіміз керек? Біз ешқайда кетпейміз . Солай ғой балалар

Мыстан: Солай ма ? Ендеше мен сендерге қазір көрсетемін

Менің шляпам сиқырлы,қазір мен сендерді бақаларға айналдырамын\айналады2-3 рет \

Жүргізуші: Жоқ,жоқ Мыстан -бикеш тоқтаңыз Мерекемізді бұзбаңыз Біз саған гүлдер сыйлаймыз

Ойын : «Гүлді жина»эстафетасы

Ойын шарты; Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топ 5 баладан.Алдарында орындықтың үстінде 5 гүл жатыр.Балалар сол гүлдерді кезек бір бірден алады . сосын құмыраға салады.

Ойынның аяғында жүргізуші гүлдерді Мыстан- бикешке сыйлайды.

Мыстан: -Гүлдерің неге аз ?Бәрібір мерекелеріңізді бұзамын?

Жұргізуші : Мыстан -бикеш ренжімеші Осы біздің балалар ардақты аналарымызға ән орындап бермекші Тыңдашы!

Ән: « Ақ мамам» 2 топ балалары орындайды

Мыстан -бикеш: Жарайсыңдар Кішкене ғана ұнадыАл сендер қазір менің Мыстан -әжем туралы өлең немесе тақпақ айтпасаңдар мереклеріңді бұзамын

Жүргізуші:-Балалар Мыстан-бикештің тапсырмасын орындайықшы,мүмкін ол өлеңді тыңдап әжесін есіне алып жүрегі жұмсарып , кетіп қалар.

Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек

9. бала: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін», деп Мансур
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

10. бала: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге Аяна
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.

11. бала. Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген Ерасыл
Шөлдедің бе, дана әжем.

12 бала: Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем Тамерис
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем!

13бала: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап, Бақтияр
Әдеппен бас иеміз.

14 бала: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп . Мадина
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.


15.бала Өскенде мен ал енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме, Расул
Таң қалдырам бар елді.



16. бала:

17 бала:

18 бала:

Жүргізуші: жақсы Енді өлең айтып берейікші

Ән: « Әжем менің айдай»

Мыстан -бикеш : \жылайды\:- Қандай керемет өлең .менің жүрегім жібіп кетті. Жарайсыңдар Мен сендерге енді жаманшылық жасамаймын Тойлайберіңдер Мен гүлдерді және өлеңді әжеме апарамын Сау болыңдар!

Жүргізуші: Сау бол Мыстан -бикеш Ал балалар біз мерекемізді әрмән қарай жалғастырайық

«» ойынын ойнайық Ойынға аналарда қатысады

19 бала: Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам мерекең!
Құтты болсын теңдік алған Ернұр
Қуанышты мерекең!

20 бала : Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын Али
Құттықтайды балалар.

21 бала: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап, Бақтияр
Әдеппен бас иеміз.
22.бала:

23.бала:

24 бала:

Би : «Қаражорға» Ұлдар

ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.



  1. Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?



Аналары: Жоқ,жоқ

  1. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?

Аналары : Бар,бар!

Ойын : « Кім жылдам» жіпке кір іледі 2ана 2 бала

Жүргізуші: Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын бәйшешек гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен

Көңіл гүлдей жайнасын

Талшыбықтай бұралған

Қыздарымыз қарап тұрмасын

Би: «Гүлдер биі» Қыздар

Жүргізуші: Рахмет ! Тақпақтарымызды әр қарай жалғастырайық

25 бала : Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың, Данияр
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
26 бала: Ақыл құйған санама
Күннен артық расында Алихан
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда.

27 бала : Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің Аяжан
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сені құттықтап

әндетеміз бәріміз



Ән: «Қуанышқа бөленген әр күніміз»



28бала: Ерлік еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам!
Бізді өсіріп баптаған, Инсар
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын, ақ анам!




29 бала :

30 бала:

31 бала:

32 бала:

Би : «Қыздар,қыздар»Ұлдар

33 бала: Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың. Дильназ
Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі
Күн шуақты саялы.

34 бала: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын Ерқанат
Аман болшы анашым!

35 бала: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз. Ақерке
Ұланды ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!




Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған

Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман

Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң

Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң

Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.

Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.

Ана- біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 -ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Би : «Вальс»

Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал