- Учителю
- Әдебиеттік оқу, 3 сынып Ахмет Байтұрсынұлы 'Әліппенің атасы'
Әдебиеттік оқу, 3 сынып Ахмет Байтұрсынұлы 'Әліппенің атасы'
Күні:03/09/15 Сыныбы: 2 «В» №1 Пәні:әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлы.Әліппенің атасы» . Мақсаты:1) Оқушыларға жаңа тақырып бойынша түсінік беріп, әңгіменің мән - мағынасын түсіндіру;
2)Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету;
3)Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап, түсіндіру, баяндау
Көрнекілігі: тақта, бор, оқулық, суреттер
Кезеңдері
Өту барысы
Ұйымдастыру
кезеңі
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Көңіл-күйлерің қалай?
Психологиялық дайындық
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастаймыз
Отырыңдар!
Жаңа сабақ
дайындық
Енді оқушылар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ахмет Байтұрсынұлы.Әліппенің атасы».Оқушылар қалай ойлайсыңдар бұл тақырып неге бұлай аталған?(оқушылардың ой - пікірлері тыңдалады)
Оқулықпен жұмыс
Ендеше осы жауабымызды тексеру үшін оқулығымыздың 4-5 бетін ашыңдар, мен оқимын, ал сендер тыңдандар.
Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «А.Байтұрсыновтың шығармалары» жинағынан үзінді «Әліппенің атасы».
Осы тақырыпқа қарай отырып, бүгінгі сабақтағы мақсатымыз қандай?
Ахмет Байтұрсынұлы ( , қазіргі , ауылы - , ) - қазақтың , әдебиет зерттеуші ғалым, , публицист, , аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, , қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, , Алаш-Орда өкіметінің мүшесі..
«Артық білім - кітапта». (Оқулықпен жұмыс)
Сергіту жаттығуы
Өзен жағасында,
Ара тістеп алды,
Аюдың мұрнынан,
Ой - ой - ойбай
Айғайлады
Жылап отырып,
Өлең айтты
Парам - парейром - хей
Парам - парейром -хей
Хей - хей - хей
Дәптермен жұмыс
Оқушылар енді дәптеріміздің бетін ашып бүгінгі күнді, сынып жұмысын және бүгінгі тақырыпты жазып қойыңдар.
Өмірдерек. Тірек сөздер схемасы арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Сөздікпен жұмыс.
жер аудару - адамды соттап, алыс жерге жіберу: Сібірге т.б.
сөз мұрасы - ел ішінде сақталып қалған аңыз, ертегі, жырлар
Сергіту жаттығуы
Жаздық, жаздық өзіміз
Талып қалды қолымыз
1,2,3
Демаламыз жинап күш
Кілең 5 - тік аламыз
Үйге қуанып барамыз
Үйге тапсырма:
Оқушылар енді күнделігіміздің бетін ашып үй жұмысын жазып алайық. Үйге тапсырма: «Әліппенің атасы» мазмұндау, Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәлімет
Бағалау:
Оқушылар біз бүгін барлығымыз жақсы жұмыс істедік ендеше бағалайық «өте жақсы», «жақсы», «қанағат».
Бекіту :
Сонымен балалар біз сендермен бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?Сабақ ұнады ма?
Қорытындылау
Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлы кім?Неге оны біз әліппенің атасы деп атаймыз?
-Осымен бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды,келесі сабаққа дайындалып, үзіліске шығып келіңдер.