- Учителю
- ҚАзақ тілі тақырыбы: 'Дауыссыз б мен п' /сабақ жоспары/
ҚАзақ тілі тақырыбы: 'Дауыссыз б мен п' /сабақ жоспары/
Сабақтың тақырыбы:
Дауыссыз б мен п
Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыстардың жіктелуін қайталау; п дыбысына аяқталатын сөзге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда п дыбысы б дыбысына өзгеретінін түсіндіру; б дыбысына аяқталған басқа тілден енген сөздердің жазылуын еске түсіру.
Сабақтың барысы:
Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс
Кіріспе бөлім.
«Орфографиялық сөздікте қалай жазылады?» тапсырмасы.
Тақтаға соңғы әріптері түсіп қалған сездер жазылады
кәсі... қалы... клу...
мекте... ғажайы... шта...
- Осы сөздер орфографиялық сөздікте қалай жазылады деп ойлайсыңдар? (Тақтаға оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті (п, б) жазады). Сөздерді бірнеше балаға дауыстатып оқыту.
- Балалар, осы сөздердің соңында б дыбысы естіліп тұр. Ал сендер неліктен кейбір сездердің соңына п ал кейбір сөздердің соңына б әрпін жаздыңдар?
Сөз соңында б дыбысы естілгенімен, п әрпі және кейбір басқа тілден енген сөздердің соңында б әрпі жазылатындығы еске түсіріледі. П мен б дыбысына аяқталатын сөздерге мысалдар келтірту керек.
- Б дыбысына аяқталатын сөздерді кім атап береді? (Штаб, клуб, араб, куб).
- Б мен п әріптері туралы не айтуға болады?
- Б - ұяң дауыссыз дыбыс, ал п - қатаң дауыссыз дыбыс.
- Олай болса, бүгінгі сабақта б, п әріптерінің жазылуын еске түсіреміз.
Негізгі бөлім
Балалар 1-жаттығуды орындау арқылы дауыссыз дыбыстырдың түрлерін (қатаң, ұяң, үнді) қайталайды. 2-жаттығу дыбыстық талдау жасау дағдыларын бекітеді.
3-жаттығуды орындау кезінде сөйлемді көшіріп жазып, п, б әріптері бар сөздердің астын сызады. Сөз соңында келген б, п дыбыстарының айтылуын еске түсіреді.
4-жаттығу тақырып бойынша алған білімін бекітуге арналған. Сөз соңында б естілгенмен, п әрпі жазылатынына көздерін жеткізеді.
5-жаттығу п дыбысына аяқталған сөздерден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналатынын қайталайды.
Қорытынды бөлім
Тақтаға мына сызба ілінеді:
-
О К Ә Ы П Е
А І Р Т С У
Оқушылар сызба бойынша өздер (мысалы: торап, кәсіп, теп...) құрайды. Ол сөздерге ы, і, у әріптерін жалғап айтады. Сөз соңындағы п әрпінің б әрпіне өзгеру себебін түсіндіреді.
- қандай сездер б дыбысына аяқталады?
- сөз соңындағы п дыбысы қай кезде өзгеріске ұшырайды? Себебін түсіндіріңдер.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ, к мен г.
Қайталау
Сабақтың мақсаты: оқушыларды сөз құрамында келетін қ, ғ мен к, г дыбыстарын бір-бірінен ажыратуға, сауатты жазуға дағдыландыру; оларға к, г дыбыстары жіңішке буында, қ, ғ дыбыстары жуан буында жазылатынын түсіндіру; сөз соңындағы қ, к дыбыстарының қай жағдайда ғ, г - ге айналатынын еске түсіру.
Сабақтың әдістері: топтық жұмыс, «Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?» стратегиясы.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту
Топтарға мынадай тапсырмалар беріледі:
Қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды топтап жаз және жұбы жоқ қатаң дауыссыз дыбыстарды анықта (п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, к - г, т-д, ш-ж, с-з, һ-х. Жұбы жоқ қатаң дауыссыздар: ц, ч, щ).
Алдымен әр топтағы оқушылар өз бетінше орындайды, содан кейін жалпы талқылап, бірін-бірі толықтырып, әр топтан бір оқушы сөйлейді.
Мағынаны тану кезеңі
Мынадай кесте ілінеді:
-
Қ, ғ дыбыстары бар сөздер
К, г дыбыстары бар сөздер
қараңғы жарық
қолғап алғыс
қарақат ағын
ғалым ақша
орақ - орағы
қалақ - қалағы
күрек үлгі
кедергі шекер
көгер егін
өлке егер
шелек - шелегі
тілек - тілегі
Кестенің әр бөліміндегі сөздерді алдымен әр оқушы жеке оқып салыстырып, сосын қ, ғ, к, г дыбыстарының ерекшеліктеріне, яғни қ, ғ дыбысының жуан буындарда, к, г дыбыстарының жіңішке буындарда болатынына және қ, к дыбыстарының к, г дыбыстарына өзгеретініне жалпы сыныптың назарын аудару керек.
Төменде берілген кестенің «Білемін» деген бөліміне осы дыбыстар туралы өздерінің білетіндерін толтырады. Содан кейін әр бала топта өз білімін ортаға салады. Олар ортақ кесте толтырып, алған білімін сыныппен бөліседі. Осы дыбыстар туралы тағы не білгісі келетінін екінші «Білгім келеді» бөліміне жазады.
Білемін
Білгім келеді
Не үйрендім?
1.Қ,к-қатаң, ғ,г-ұяң дауыссыз дыбыстар.
2.Қ,ғ дыбыстары жуан буында,к,г дыбыстары жіңішке буында жазылады.
З.Қ,к дыбыстарынан кейін дауысты дыбыс тіркелсе, олардың орнына ғ,г жазы-лады, т.с.с.
«Білгім келеді» бөліміне жазған сұрақтарына сабақ барысында жаттығуларды орындау кезінде жауап іздейді. Кейбір сұрақтарға жауап беруге мұғалім көмектеседі. «Не үйрендім?» бөлімі сабақты қорытындылау кезінде толтырылады. Оған оқушылар бұрынғы білетініне қандай жаңа білім қосқанын жазады.
Бұл кезеңде оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындағаннан кейін, оқушылар оз қорытындыларын айтып, дәлелдейді. Бұл оқушыға берілген білімнің дағдыға айналуына әрі оқушының өз пікірін баяндау қабілетінің дамуына жағдай жасайды.
Ой толғаныс
Бұл кезеңде оқушылардың қ, ғ, к, г дыбыстарына қатысты білім, біліктері жинаңталып, қорытындыланады. Кестенің «Не үйрендім?» деген соңғы бөлімі толтырылады.