7


  • Учителю
  • 'Абай - дана, Абай - дара - қазақта' тақырыбында сайыс сабақ

'Абай - дана, Абай - дара - қазақта' тақырыбында сайыс сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сайыстың тақырыбы: «Абай-дана, Абай-дара қазақта»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасы туралы білімдерін тексере отырып, ақынды жас ұрпаққа таныту.
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: А.Құнанбаев суреті, «Абай жолы» романы, ақын туралы айтылған қанатты сөздер, слайд.
Өту барысы:
Кіріспе.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап - күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
"Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған - дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз - Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай - сазгер, филосов, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халыты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.

Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай - сазгер, филосов, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды.

Сол Абай атамыздың биыл 170 Жылдық мерей тойы.
Ендеше құрметті оқушылар, сайысқа қатысушы жас Абайтанушы достар, сендерге бүгінгі сайыста тек алға дегім келеді.

Бүгінгі сайысымыз 3 бөлімнен тұрады.

І. Мәнерлеп оқу сайысы

ІІ. Шығармашылық топ сайысы

ІІІ. Командалық сайыс

Енді әр топтың әділ қазы мүшелерін таныстыра кетейін:

Ітоп мәнерлеп оқу сайысының әділ қазы мүшелері:

1.

2.

3.

4.

5.

ІІ топ шығармашылық сайысының әділ қазы мүшелері: 1

2

3

4

ІІІ топ командалық сайыс . Әділ қаза мүшелері:

1

2

3

4

5

Алдымен әр топтың таныстыруларын тыңдайық

-Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Сақтайды ұл-қыз дарынды,
Халқының әдет-ғұрпын.
Біздердей ұрпақтарыңды
Жүрсінші қолдап рухың дей келе мәнерлеп оқу сайысына қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық (оқушылар әділ қазы мүшелерімен 22 кабинетке кетеді)

-Ақын жаны кең еді,
Ойлағаны елі еді.
«Халқым, жұртым» дегенде
Талай шабыт кеп еді,
Дара ақын ер еді,
Жүрген жері төр еді.
Ақындар жырлап айтқандай
«Абай тіл иен көз» еді.
Абай жыры мәңгілік,
Жүрегім оны сезеді. Дей отырып шығармашылық сайысқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз.

-Абай - дара, Абай - кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол - қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.деп ақын жырлағандай кезекті командалық сайысқа берелік.

1. топ мүшелерінің сайысы

1-тапсырма таратылады. Өнер көрсететін Ғ,мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебінің 2 ә сынып оқушылары Болашақ тобының жанкүйерлері. Қарсы алайық!

Әділ қазы мүшелері бағалап, ұпай санын тақтайшаға жазады.

2-тапсырма таратылады. Келесі өнер көрсететін............

3,4,5, тапсырма

Жеке-жеке өнерлерін көрсетеді.

2. Топ басшыларының сайысы
Қорытынды сөз
Ары таза, иманы мол данышпан,
Заман үнін сезе білген алыстан.
Өлеңімен оятып әр сананы,
Өмір бойы надандықпен алысқан.

Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.
әділ қазыларға сөз береміз
Аты өшпейді Абайдың мұным анық.
Ар-ожданын намысқа жанып алып,
«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.


Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары

Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай - ұлы себебі! Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.

- Сайысқа қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал