- Учителю
 - Дүниетану сабағы 'Ауаның құрамы'
 
Дүниетану сабағы 'Ауаның құрамы'
 
АУАНЫҢ ҚҰРАМЫ
Дүниетану, 4 сынып
 
Мақсаты:
-  
Білімділік: Оқушыларды ауаның құрамымен, тіршілік үшін маңызымен таныстырып ұғындыру, ауа туралы ғылыми түсініктерін кеңейту.
 -  
Дамытушылық: Оқушыларға ауаның қоршаған ортамен тығыз байланысын маңызын меңгерте отырып, дүниетанымын қалыптастыру, ой - өрісін, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
 -  
Тәрбиелік: Оқушыларды ауаны таза сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға, өсімдіктердің өсуіне өз үлестерін қосуға баулу.
 
 
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Типі: жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, РАФТ, ішіне сыртына, әңгімелеу, топтастыру.
Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, кесте, суреттер, слайд.
Күтілетін нәтиже: Ауаның құрамы туралы түсінік алып меңгерген оқушы қалыптасады.
 
Сабақтың барысы:
 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық икем.
 
Айналаға алақанмен
Жылылықты шашайық
Сәттілік тілеп күлімсіреп
Біз сабақты бастайық
(Бір - біріне жылы тілек тілеу)
 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Суды қорғау» тақырыбындағы мәтінді әңгімелеу.
2. Оқушылар «Суды қалай қорғаймыз?» деген тақырыпта жазып келген эсселерін оқиды.
3. Су туралы мақал-мәтелдерді айтқызу.
4. Картамен жұмыс. Оқушылар Қазақстанның физикалық картасынан Ертіс, Есіл өзені, Арал теңізін көрсетеді.
 
ІІІ. Жаңа сабақ
-  
Сөзжұмбақ шешу.
 
 
 
-  
Ең терең көл. (Байкал)
 -  
Тіршілік көзі. (Су )
 -  
Жанғыш пайдалы қазба. (Мұнай )
 
2. Жұмбақ жасыру.
Бір нәрсе жер мен көктің арасында
Көрінбес өзі түгел қарасы да.
Білінбей жер үстінде жүрсе дағы
Пайдалы адамзаттың баласына. (Ауа)
3. Тәжірбие. Ауаның қасиеттерін еске түсіру.
1- қатар.Суда ауаның бар екенін дәлелдеу.
2 - қатар.Топырақта ауаның бар екенін дәлелдеу.
3 - қатар. Бос ыдыста ауаның бар екенін дәлелдеу.
-  
Әр қатарға тапсырма беру.
 
1 - қатар. Топтастыру әдісі: Ауаның қасиетін топтастырады.
 
 
 
 
 
2 - қатар. «Таза ауа - жанға шипа» тақырыбына эссе жазады.
3 - қатар. Пирамида құрады.
Ауа
 
 
 
 
 
5. Оқулықпен жұмыс.
А) «БҮҮ» әдісін пайдалану арқылы «Ауаның құрамы» тақырыбындағы мәтінмен танысу.
-  
Мәтінді үш қатар бөліп оқиды.
 -  
Түртіп алу парағымен жұмыс.
 
Түртіп алу парағы
Білгенім
үйренгенім
Үйренгім келеді
 
 
 
 
Ә) Жаңа тақырып бойынша мұғалім қосымша мағлұмат береді.
Жерді айнала қоршап тұрған газды қабат - атмосфера. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Ауа - әр түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамы негізінен, азот пен оттегіден тұрады. Бұл газдар су мен жер қыртысында бар. Ауа қоспасындағы ең көп газ - азот. Ол ауаның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78% - азот, ал 21% оттегінің үлесінде. Егер адам тәулігіне 4-5 литр су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23- 24 л ауа жұтады.
Оттегі бөлетін жасыл өсімдіктер жер бетінде 550-570 миллион жыл бұрын пайда болған.
 
5. Сергіту сәті .
Шапалақ арқылы жануарлар қимылын жасау.
Бір шапалақ, қоянның қимылы
Екі шапалақ, аю қимылы
Үш шапалақ, бақа қимылы
Төрт шапалақ, торғай қимылы.
 
6. Дәптермен жұмыс. Оқушыларға жекеленген тапсырмалар беріледі.
1 - қатар «Ауа» туралы мақал-мәтелдер жазу.
2 - қатар «Ауаны қалай тазартамыз» сурет салу.
3 - қатар. Ішіне сыртына кестесін пайдаланып, ауаны ластайтын заттарды сыртына, ауаны тазартатын заттарды ішіне жазады.
 
ІV. Сабақты бекіту.
-  
Ауа қоспасын атау. Диаграмманы толтыру.
 
 
 
V. Қорытынды. РАФТ стартегиясын пайдалана отырып, мәтін жазады
 
Әдіс
І -қатар
ІІ - қатар
ІІІ - қатар
Р
Роль
Ауа
Ауа
Ауа
А
Аудитория
Президент
Эколог
Завод президенті
Ф
Форма
Хат
Сұраныс
Өтініш
Т
тақырып
Ауа құрамы
Ауаны қорғау
Ауаның ластануы
 
VII. Үйге тапсырма. «Ауаның құрамы» мәтінін оқып, түсінгендерін әңгімелеп келу.
 
VIII. Оқушыларды бағалау. Жеңген қатарды мадақтау.