- Учителю
 - Тәрбие сағаты 'Алтын күз'
 
Тәрбие сағаты 'Алтын күз'
Тақырыбы: «Алтын күз» мерекесі.
 Мақсаты: Оқушылардың күз туралы түсініктерін кеңейту. Әдептілікке, әдемілікті сезіне білуге үйрету. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. 
Түрі: сайыс
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, күз суреттері,интербелсенді тақта
Барысы:
1 жүр: Армысыздар, бармысыздар!
 Көптен күткен мереке,
 Алтын күзді қарсы алыңыздар!
 Жарысқа түскен әр топқа
 Сәттілік тілеңіздер!
 2 жүр: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Және де бүгінгі «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы» атты мерекесіне қатысушы сайыскерлер!
 1 жүр: Иә, міне, жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
 2 жүр: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс - жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
 1 жүр: Күз - береке, күз- мереке айы. Жиын - терім аяқталған кезде еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
 2 жүр:
 Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
 Жылы жаққа құстар да ұшып кетті, - деп келе бүгінгі « Алтын күз» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер. Сынып жетекшіміз Жанаргүл Сайлауқызына сөз береміз. 
1 жүр: бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
 1. Таныстыру 1-топ «Жапырақтар» 
2. Викториналық сұрақтар 2-топ «Алтын күз»
3. Өнер көрсету 3-топ «Күзгі жапырақтар»
 4. Сән үлгісі 
5. Күзгі салат
 2-жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
 Көңілдердің серіппелі күйін ашсын.
 Көрейік тамашалап көрермендер,
 Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған өнерлерін,-дей келе,сайысқа қатысатын топтарымызды ортаға шақырамыз.
 1 жүр: Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.
 2 жүр: Сонымен таныстыру кезеңі
 1 жүр: Келесі сайысымыз викториналық сұрақтар. Сайысымыздың шарты бойынша әр топтың басшысы ортаға келіп, күз туралы сұрақтарға жауап береді. 
2 жүр:
 Ән салса әншілерім таң қаларсың,
 Әр сөзін 99 рет қайталарсың.
 Сондай ән туғызған қазағымды,
 Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.
 1 жүр:
 Шешендік еліміздің данасы,
 Ән мен күй қаламыздың ағасы
 Би билеп шырқайтұғын қыз бен жігіт,
 Өнерін көрсетпейді деп айта алмайсың - дей келе келесі сайысымыз өнер сайысын бастайық. Ортаға ... номерлі --------- топты шақырамыз.
 2 жүр: Адам көркі - шүберек,
 Ағаш көркі жапырақ - демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық. 
 1-жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр әнімен,
 Әр адам әсем болар өз тәнімен.
 Өз қолынан шығарған киім сәнін,
 Сіздерге көрсетеді өз мәнімен,-дей келе келесі кезекті күзгі сән үлгісіне береміз. 
Сайыскерлер музыка әуенімен ортаға шығып, сән үлгілерін көрсетеді.
 2-жүргізуші: 1-топ
 1-жүргізуші: 2-топ
 2-жүргізуші: 3-топ
 1-жүргізуші: Ендігі кезек күзгі салаттарға да келіп жетті.
 2 жүр: Міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тынбай дайындалған «Алтын күз» мерекесіне байланысты өтіп жатқан «Күз ханзадасы мен күз ханшайымын» анықтайтын уақыт жетті.
 1 жүр:
 Әділ қазы алқасы
 Берсін әділ бағасын - деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз. 
Қазылар алқасы жеңген топтарды, «Күз ханзадасы мен күз ханшайымын» мақтау қағаздарымен марапаттайды.
2-жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!