7


  • Учителю
  • 1-2 Сынып оқушыларына арналған оқу-танымдық материалдар

1-2 Сынып оқушыларына арналған оқу-танымдық материалдар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


1-2 сынып оқушыларына арналған оқу-танымдық материалдар



Білім керек бәріне

Корабльді басқарып,

Көк жүзіне самғасам.

Тауды бұзып, тас жарып

Мұхиттарды жалғасам.

Таңдандырар бар елді

Ғажап үйлер сала алсам.

Жасартатын әжемді,

Дәрі де ойлап таба алсам.

Сырлары көп ғылымның

Шешілмеген әлі де,

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне!

Фариза Оңғарсынова

Алтын күз

Берекелі, мерекелі

Келді жомарт алтын күз.

Қалада да, далада да

Жанның бәрі жарқын күз.

Балақайлар алақайлап

Мектеп іші нұрланды.

Астық жыры, шаттық жыры

Қырман басы думанды.

Қарқынды еңбек

Әр күн өрлеп

Әр ісіне сүйсінді.

Ән тасқыны дән тасқыны

Ырыс болып құйылды.

Абрахман Асылбек


Жеміс бағында

Ерте, ерте, ертеде ме..., әлде қазіргі заманда ма, белгісіз, Әділхан қарияның немересі қаладан қонаққа келді. Қария немересін қасынан қалдырмай ертіп жүреді екен. Бір күні қария:

- Дәулетжан, бүгін баққа барамыз, тұра ғой, - дейді ақырын дауыспен немересін ұйқыдан оятып.

Бұрын - соңды «бақ» деген сөзді естімеген Дәулет таңырқап, «Ол не екен?» - деп ойлады. Олар баққа келді. Бақ іші сондай әдемі, бұтақтарын жемістен көтере алмай өсіп тұрған әртүрлі ағаштарды көріп, «бақ» деген сөзге бірден түсінді. Анасының базардан әкеліп жүрген жемістері де бар екен. Дәулет жеміс ағаштарын қызықтап, бақ ішін аралап жүрді. Бір ағаштың қасына келіп тоқтады. Ол ағаш:

- Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін - деп, өзін таныстырып, жемісінен үзіп берді.

Келесі ағашқа кездесті. Ол қандай ағаш екен?

- Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін, - деп таныстырды. Шие жемісінен үзіп берді.

Биік өсіп тұрған ағаш та жемісінен дәм таттырып, өзін былай таныстырды:

- Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың.

Жеміс ағаштарына дән риза болып келе жатқан Дәулетке жүзім тап болды.

- Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім, - деп өзін таныстырып, жемісінен сыйлады. Дәулет атасына біраз көмектесті. Жемістер жинады, бақ ішін тазартты. Әділхан қария немересіне риза болып, «Кішкентай бағбаным» деп басынан сипап, арқасынан қақты.

Күләнда Ерешева


Күз - береке

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды,

«Қыс келді» деп жар салып,

Күзгі суық басталды.

Нұрсұлтан Әлімқұлов


Қасқыр, Түлкі және Әтеш

(Ертегі)

Алыс таулы өлкеде, ну орман ішінде Қасқыр, Түлкі және Әтеш үшеуі бас қосып, шаһар салмақ болыпты.

- Сонда қалай саламыз?

- Неден бастаймыз? - депті Әтеш пен Қасқыр.

- Әтеш бізді оятып жүреді. Қасқыр орманнан ағаш тасиды. Мен мұржадан түтін шығарып тұрамын. Сонда жұрт біздің ісімізге қайран қалады, - депті Түлкі.

Келесі күні Қасқыр орманға ағаш әкелуге жөнеледі. Осы сәтті пайдаланып, Түлкі Әтешті бас салады. Зорға қашып құтылған Әтештің құйрығы Түлкінің аузында қалады.

Орманнан қайтып оралған Қасқыр бұтағында сүмірейіп отырған Әтешті көреді. Құйрықтан жұрдай.

- Саған не болған? - деп таңданды Қасқыр. Әтеш болған жағдайды баяндайды. Бұған ашуланған Қасқыр түлкіні бас салып, оның күлтеленген құйрығын жұлып алады. Қасқырдан зорға құтылған Түлкі зыта жөнеледі. Түлкі былай шыға:

- Осылай бір - біріміздің құйрығымызды жұла берсек, ешқашан шақар сала алмаймыз, - деп айғай салыпты.


Нан қайдан келеді?

(Ертегі)

Бір күні Тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреге жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп түр екен. Піскен нан иісіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкенi кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан келді екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.

- Нан, нан, сен қайдан келдің? - деді сыбырлап.

- Сатушыдан сұра, - деді нан. Тышқан сатушыға келді.

- Сатушы, сатушы, нан қайдан келеді?

- Наубайшыдан сұра, - деді сатушы.

Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

- Нан қайдан келеді? - деді бір наубайшыға келіп.

- Диірменшіден сұра, - деді наубайшы.

Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналады. Екі адам үн тартып түр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып - жұмғанша қап - қап ұн пайда болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржиып, таңдана қарап тұрды да:

- Диірменші, диірменші, нан қайдан келеді - деп сұрады.

- Комбайншыдан сұра, - деді қырманшы қарт. Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді.

Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:

- Комбайншы, комбайншы, нан қайдан келеді? - деп сұрады.

- Көктемде тракторшы жер жыртады, тұқым себуші тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, қалың астық - сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - деді комбайншы.

- Ой, мұның азап қой. Мен шалқайып жатып - ақ таба беремін, - деп қутың - қутың етті Тышқан.

- Әне, Мысық келе жатыр, - деді комбайншы. Сол - ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.

Мұхаметжан Етекбаев


Өз жұртым



Баламын есті мен -

Атамнан естіген.

«Үш жұртты» білемін,

Таратып беремін.

Бабамнан басталар,

«Өз жұртым» мыналар:

Ең жақын адамдар - Әке мен анам бар.

Әкемнің әкесі -

Ақ басты атам бар,

Әкемнің шешесі -

Ақ шашты әжем бар.

Ұлдардың үлкені -

Бір туған ағам бар.

Қыздардың үлкені -

Бір туған әпкем бар.

Ұлдардың кішісі -

Бір туған інім бар.

Қыздардың кішісі -

Бір туған қарындас,

Әпкеге сіңлі бар.

Ермек Өтетілеуұлы


Тапқыр қоян

(Ертегі)

Бір күні аң патшасы - Арыстанның іші пысып, аңдарды жинап алып, мынадай тапсырма беріпті:

- Кімде - кім бір қазан ыстық суды дем алмастан ішсе, сол менің сенімді көмекшім болады.

Аң атаулының бәрі тосылып қалыпты. Ал Арыстан «Ыстық суды қайсысы ішеді екен? Қалай ішер екен?» - деп, миығынан күліп отыр. Осы кезде Түлкінің көзі шетте тұрған ұзын құлақ сүр Қоянға түсті де, Жолбарысқа Қоянды ыммен көрсетті. Сол - сол - ақ екен, Жолбарыс бір қазан ыстық суды Қоянның қолына ұстатып:

- Іш, - дейді.

Қоян аңырап тұрып қалады. Бірақ есін тез жинап алып:

- Сендер де қазаннан бір - бір ұрттаңдар. Қалғанын мен ішемін, - дейді. Жолбарыс, Түлкі, тағы басқа да аңдар қазаннан бір ұрттамнан ішіп, Қоянға жеткенше су суып қалған еді. Сөйтіп, қазан Қоянның қолына жетті. Қоян ойланбастан бір қазан суды сіміріп салыпты. Арыстан Қоянның тапқырлығына риза болып, оны өзінің көмекшісі етіпті.


Ойыншықтарым - достарым




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал