- Учителю
- Открытый урок 'Табиғат тамашасы' 6 класс
Открытый урок 'Табиғат тамашасы' 6 класс
№ 1 Федоров жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Табиғат тамашасы.
( 6 - сынып)
Өткізген: Пернебекова А.С.
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.Табиғат тамашасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өтілген модуль материалдарын қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу, бекіту.
Дамытушылық : оқушылардың тілдерін, ой - өрістерін лексика - грамматикалық тапсырмалар арқылы кеңейту, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, оны сүюге баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, аударма, ойландыру.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, табиғат көріністері, интерактивтік тақта.
Пәнаралаық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, география.
Эпиграф :
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Сабақтың барысы.
-
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру, кезеңдерін хабарлау.
Модуль тақырыптарын естеріне салу:
"Қазақстан жері";
"Туған жерім";
"Туған жерінің табиғаты"
-
Білімдерін тексеру:
Сенің туған жерің қай жер?
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстанның жері қандай?
Қазақстанның табиғаты қандай?
-
Негізгі бөлім. Нәтиже сабақ. Ой қозғау.
Топтастыру: Табиғат деген не?
"Табиғат" туралы сөйлемдер құраңдар.
Грамматикалық жұмыс.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау:
III деңгей. Сөйлемді дұрыс құра.:
-
Қазақстанның, кең - байтақ, жері.
-
Қазақстан, өлке, бай.
-
Арал, деңгейі, теңізінің, төмендеді.
II деңгей. Тапсырмадағы көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.
-
Табиғат...байлығымыз.
-
Орманда...өседі.
-
Қазақстанда ...тауы бар.
-
Табиғатты қорғау - ...борышы.
Керекті сөздер: человека, наше, березы, Алтай.
I деңгей. Азамат, зерттеуші сөздерді жіктеңдер.
Тапсырмалар.
Сөзге сәйкес жіктік жалғауын жалғаңыз.
-
Мен оқушы....
-
Мен студент емес...
-
Мен сабаққа бара...
-
Мен 6 -сынып оқушысы...
-
Мен сіздің көрші...
-
Мен сіздердің достарыңыз...
Сізге жіктік жалғауының дұрыс не қате жалғанғанын анықтаңыз.
-
Мен - мұғалімбін.
-
Сен орманшысың.
-
Ол өшіреді.
-
Болат ағаш өсіреді.
-
Балалар ағаш егеділер.
-
Менің ата - анам орманшы болып жұмыс істеймін.
-
Сабақтың қорытындысы. Тест сұрақтарына жауап беріңдер (кітапта 98 -99 бет).
Отан туралы мақал - мәтелдерді айтыңдар.
-
Оқушыларды бағалау.
-
Үйге тапсырма "Менің туған жерім"тақырыбына диалог құраңдар.