- Учителю
- ашық сабақ 'Жол тәртібін сақта'
ашық сабақ 'Жол тәртібін сақта'
Сабақтың тақырыбы:Жол тәртібін сақта!
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру,оқушыларды жол қауіпсіздігін есте сақтауға,білуге үйрету,көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін меңгертіп,сақтыққа үйрету.
2.Коррекциялық:Оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,өзін-өзі ұстауын,көшеде жүріп-тұруын дамыту.
3.Тәрбиелігі:Оқушыларды жол ережесін сақтауға,көшеде дұрыс жүруге,жол белгілерін жатқа білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Жол ережесіне арналған суреттер,жол белгілері плакаты,плакаттар: «Жол тәртібін жадыңда ұста!», «Бәріміз бағдаршамға бағынайық», «Көшеде сақ бол!»
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушылардың оқу құралдарын шығартып,зейіндерін сабаққа аудару.
-Амандасу
-Аппаратты ки
-Қалай естисің?
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
-Қазір қай сабақ?
Біз бүгін сабақта не істейміз?
1.Оқимыз
2.Тыңдаймыз
3.Жазамыз
Осы айдағы кезекші дыбыстар қандай?
Т-Д
Енді тілімізді жаттықтырып буындарды оқимыз:
ТА ТА ТА
ТО ТО ТО
ТАҚ-ТА
ДА ДА ДА
ДО ДО ДО
ДА-НА
ДО-ДА
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Автобус
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Оқулықпен жұмыс
Мұғалім түсіндірмесі
Қалаларда жолда жүру ережесін сақтау үшін бағдаршамдар қойылған.Көшеден дұрыс өту үшін көшеде жүру тәртібінің негізгі ережелерін жатқа білуі қажет:
1.Көшені екінші көшемен қиылысқан жерінен немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұстан немесе асфальтта көлденеңінен созылған ақ жолақтары бар жерінен және алдыңғы бағдаршамның жасыл көзі жанған кезде ғана кесіп өт.
2.Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтуге болмайды.
3.Көше қиылысында бағдаршам болмаса жол белгілері салынған жерден өту керек.
Сұрақ-жауап алу.
2-жаттығу. Ауызша
Бағдаршам не үшін керек?
Көшеде қай жерден өту керек?
Жүргізушілер нені білуі қажет?
3-жаттығу
Аялдамада тұрған автобусты немесе машинаны қалай айналып өту керек?
Аялдамада тұрған автобусты немесе машинаны тек арт жағынан айналып өту керек.
Оқушыларды жол белгілерімен таныстыру.
1.Жаяу жүргіншілерге арналған жол.
2.Велосипед жүруге болатын жол
3.Балалар жүр деген ескертпе
4.Велосипедпен жүруге болмайды деген ескертпе
Ой қозғау
Мұғалім:Егер бағдаршамы жоқ көшеден қиып өту керек болды,сонда сендер қалай өтесіңдер?
Оқушы:егер ондай жағдай болса,жол ережесін бұзбай жаяуларға арналған өтпе жолдан өтемін.
Мұғалім:жаяуларға арналған өтпе жолды қалай айырасың?
Оқушы:жол шетінде тұратын нұсқаулық белгілерге қарап білемін.
Жұмбақтарды шешу:
Сөйлеуді білмейді,
Бірақ «Тоқта,жүр!» дейді
Бағдаршам
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды
Автобус
Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзететін
Ысқырығы күшті адам Реттеуші
Реттеуші дегеніміз-қолына ала таяқ ұстаған,көше тәртібін басқарып тұратын адам.
Тақтамен жұмыс
6-жаттығу
Вокзалға...................., .................баруға болады.Қайрат Атыраудан ..............келді.Алмастың қарындасы ................. ойнап отыр. Ол қуыршақтың шашын ............. тарады.
(тарақпен,қуыршақпен,ұшақпен,автобуспен,троллейбуспен)
Сергіту Бағдаршам
1.қызыл жанса орнымызға отырамыз
2.сары жанса орнымыздан тұрамыз
3.жасыл жанса орнымыздан жүреміз
Өз беттік жұмыс
3 оқушыға да бағдаршам суреттерін беру,бояту
1-ші оқушы:Тұр,Жүруге рұқсат жоқ
2-ші оқушы:Дайындал
3-ші оқушы:Жүруге рұқсат
Қорытынды:Балалар,біз бүгінгі сабағымыздан көшеде қалай жүру керек екенін білдік.Жол бойындағы нұсқаулық белгілер бізге әрқашан сенімді көмекші болады.Біз үнемі оларға мән беріп аса көңіл бөлуіміз керек екен.
Үйге:Мәтінді оқу
Бекіту
Бағалау
Облыстық есту органы зақымдалған балаларға арналған арнайы(түзеу) мектеп-интернаты
Ашық сабақ
Пәні: Тіл дамыту
Тақырыбы:Жол тәртібін сақта!
Сыныбы:5-нашар еститін
Пән мұғалімі:Карасаева Н.Т.
2013-2014 оқу жылы