- Учителю
- ҚАзақ тілі тақырыбы: Негізгі, туынды зат есім
ҚАзақ тілі тақырыбы: Негізгі, туынды зат есім
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; негізгі және туынды зат есім туралы түсініктерін қалыптастыру;
2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: қималы карточкалар., сызбалар, шаштараз суреті
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру-тексерушілердің рапорты.
Өткенді қайталау: 3 оқушы тақтада
сөйлемді жалғастыр:
- Заттардың атын білдіретін сөздерді... дейміз
- зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- адамға байланысты қандай сұрақтар қойылады?
- қандай зат есімдер бас әріппен жазылады?
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс :
Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу.
Топтастыру стратегиясы: Зат есім (парақтарға әр жұпқа беру)
Кім? Кімдер?
Не? нелер? Жалқы жалпы көпше-жекеше түрі
Дауыстап жазу: Өнер-өнерпаз, күй-күйші, сый-сыйлық, балық-балықшы.
Айырмашылығы неде?
Осы сөздерді сөз құрамына талда
Зат есім
Негізгі Туынды
Түбір сөзге+жұрнақ=туынды сөз
20 жаттығу туынды сөздерді теріп жаз:
Кенші, достық, елші, аспаз, малшы.- түбірлерін тап, белгіле.
-Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз.
-Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.
22 жаттығу: төмендегі жұрнақтарға:-шы,-ші зат есім қосып туынды зат есім жаса.
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту:
сөздік
24 жаттығу сөздерді көшіріп жаз, сөз құрамына талда.
әділдік
достық
сыйлық
батырлық
Туынды зат есімдерден негізгі зат есімдерді сызықша арқылы жаз.
27 жаттығу- жатқа жазу- өзара тексеру, бағалау-жұптық жұмыс.
Шығармашылық тапсырма: сурет бойынша «Шаштаразда»- әңгімесін құрып жаз.-өзіндік жұмыс. 4-оқушы карточка бойынша жұмыс(карточкаларда тапсырмалар саралау әдісі бойынша құрылған.)
Үйге тапсырма: 152 бет 21 жаттығу, ереже,155 бет 28 жаттығу