7


Азаматтық қорғаныс 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі





































«Адам өмір қауіпсіздігі»





Орындаған:

4 «а», «ә»сынып оқушылары

Абдувалиева Г.С,Тұмарбекова Д.Ж





































2015-2016 оқу жылы

Сабақ тақырыбы: « Адам өмірінің қауіпсіздігі»

Мақсаты:

  1. Азаматтық қорғаныс туралы түсініктерін кеңейту.Азаматтық қорғаныс дегенге нелер жататындығын түсіндіру.

  2. Қауіпсіздік жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғындыру.

  3. Елі мен жерін қорғаудың алдын алу шараларына тәрбиелеу

Алғашқы көмек қалай көрсетуді үйрету.

Көрнекілік: Суреттер,видеороликтер

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, Тыныштандыру.Кезекшілер арқылы оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатын айту: Балалар бүгін біз «Азаматтық қорғаныс» деген қандай ұғым беретіні туралы оқып білеміз. Қауіпсіздік жағдайлары және оның ішінде су тасқыны жер сілкінісі, өрт, дауыл соққан кезіндегі алдын алу шаралары.

1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күні атап өтіледі.

Жаңа ұғым: Азаматтық қорғаныс.

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) - мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б.

Қазақстан Республикасындаазаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп</</u>басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.

Азаматтық қорғаныс 4 сынып



Сабақты түсіндере отырып төтенше жағдайлар кезінде адам өзін қалай ұстау керек жәyе алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін түсіндіру.

Су тасқыны, өрт, қар көшкін,сел , дауыл ,жер сілкінісі туралы оқушылар топқа бөліне отырып түсініктерін жеткізе білу.



Азаматтық қорғаныс 4 сынып

ЧС дегеніміз - Төтенше жағдай

Бекіту: 4-топқа бөлінеміз.

1-топ: - Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларды оқушылар түсіндіре отырып көрсетеді.

2-топ: - Өрт кезіндегі қауіпсіздік. Күйік шалғанда қандай көмек көрсету керек.

3-топ: - Дауыл соққандағы қорғаныс.

4-топ: - Су тасқыны кезіндегі алғашқы көмек.Тағы ұжымдаса отырып үсік шалғанда көрсетілетін көмекті көсетіп түсідіреді.

Сонымен қатар қан қысымы көтерілгендегі алғашқы көмек жасауды көрсету.

Әр топқа бөлініп суреттер бойынша жауаптарын осылай дәлелдей отырып тәжирбеде көрсетеді.

Азаматтық қорғаныс 4 сынып

Азаматтық қорғаныс 4 сынып

Қорытындылау: Балалар салған суреттерін түсіндіру.Балалар сендерге бүгінгі сынып сағаты ұнады ма?

Қандай ақпараттар алдық?

-Балалар сендер азаматтық қорғаныстың не екенін өздерің түсіндіре отырып көрсетіп бердіңдер. Абайсызда осындай жағдайларға кезігіп жатсаңдар осы тәжірбиемізді өмірде қолданамыз.

































































































































1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күні атап өтіледі. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар (АҚ пен ТЖ) қызметтерін болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.



Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымы (ХАҚҰ) 1931 жылы құрылған. Аталмыш ұйым көптеген жылдар бойы төтенше жағдай кезінде медициналық көмек көрсету жүйесін құру, білікті мамандар дайындау мен халықтың азаматтық қорғанысы саласында әлем-дік елдердің күшін біріктіру саясатын жүргізіп келеді. Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымы өз ресми атауын 1958 жылы алды. 1975 жылы осы ұйымның Жарғысы Біріккен Ұлттар ұйымының хатшылығында тіркелді. Қазіргі таңда ХАҚҰ Еуропа, Азия мен Африканың 70-ке жуық елін біріктіріп отыр. Төтенше жағдай саласында Қазақстан екі бірдей халықаралық ұйымның толыққанды мүшесі. Олар: Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымы мен Нәубеттердің алдын алу жөніндегі Азия орталығы.

1997 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан республикасының Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымының Жарғысына кіруі туралы» Заңы қабылданып, күшіне енді. Қазақстанның ХАҚҰ құрамына кіруі халықаралық төтенше жағдайлар құрылымдарында, сондай-ақ, Орталық - Азиялық аймақтағы елдердің қорғаныс жүйесінде өз орнын алуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қол қойылған төтенше жағдайлар саласындағы халықаралық келісім шарттардың негізінде әртүрлі елдермен халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізді. 1996 жылдан бастап ТЖ министрлігінің мамандары түрлі халықаралық конференция, семинарларға қатысып келеді. Қазақстанда жыл сайын «Тастақ қала» палигонында (Алматы близі) «КАЗСПАС» құтқарушы бөлімшелерінде Халықаралық оқу-жаттығу жиналыс-семинар өткізіледі. Оған шетелдердің командалары мен көрермендері де қатысып жүр.

Дүниежүзілік Азаматтық қоғаныс күніне орай ХАҚҰ медалі тағайындалған. Бұл марапат азаматтық қорғаныс саласындағы ерекше жетістік үшін беріледі. 1997-2005 жылдары ХАҚҰ медаліне ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері лайық деп танылды, ооның ішінде құтқарушылар, өртке қарсы, сүңгуір мамандар мен Азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің офицерлері бар.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде ТЖМ өзге де аймақтың құрылымдарымен, Астана қаласы Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтерімен бірге қала халқын, аумағы мен нысандарды түрлі апаттар мен нәубеттерден қорғау, ТЖ саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізудің ықпалын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жасап келеді. Басқару органдарының, апаттық - құтқару күштері мен АҚ пен ТЖ құралдарының шұғыл әзірлігі жылдан-жылға арта түсуде. Өндірістік және өрт қауіпсіздігі, халықты дер кезінде құлақтандыру жүйесінің жұмысы жетілді. Жоғарыда аталған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен мерзімде қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері айтарлықтай нәтижелер көрсетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары құрылым-дардың материалдық-техникалық базасын күшейту жөнінде тиісті шаралар қабылдап, күштер мен құралдарды белгілі тапсырмаларды орындауға әзірлікте ұстауда.

Қазіргі кезде қоршаған ортада түрлі өзгерістер мен толқулар сыр беріп жүр. Атап айтсақ, климаттың күрт өзгеруінен, табиғи және шикізат ресурстарын шектен тыс пайдаланудың салдарынан болатын түрлі апаттар, жаңадан шыққан түрлі жұқпалы аурулардың таралуы (құс, шошқа тұ-мауы, т.б.) - осының бар-лығының қоршаған ортаға тигізер әсері орасан зор. Адам, табиғи және материалдық ресурстардың қауіпсіздігі мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді. Сондықтан да сақтандыру жүйесін күшейтуді жедел қолға алып, төтенше жағдайларға ықпал етудің сапасын арттыру қажет. Экологиялық саясат әлемнің барлық елдеріне ортақ проблема болып отыр. ХХ ғасыр - ғылым мен техниканың қарқынмен дамыған ғасыры ретінде тарихта қалғаны рас. Дегенмен, оның қоршаған ортаға тигізген зияны орасан.

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінің 2010 жылғы көтеріп отырған мәселесі - «Апаттық медицина». Бұл туралы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының бас хатшысы Навара Аль-Слейби мәлімдеді. Ол өз жолдауында апаттық медицинаның қазіргі қоғамдағы орнын, оның халық үшін маңызды сала екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа медициналық көмек көр-сетіп, өмірлеріне араша түсіп келе жатқан апаттық медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді. Апаттық медицина медицинаның маңызды саласы, яғни бұл шұғыл жағдай кезінде жедел ықпал ету медицинасы, оның уақыты минутпен есептеледі, сонысымен де ерекшеленеді. Апаттық медицина қайғылы оқиға орнындағы зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетеді және олар қатерге толы жағдайда жұмыс жасайды. Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымы азаматтық қорғаныс саласына мамандарды дайындау барысында апаттық медицинаға баса назар аударып келеді.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал