- Учителю
- Разработка урока ворд документ
Разработка урока ворд документ
Пән:Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мысалдағы жіндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам
бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді танып,баға беруді үйрену.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге,жақсы
қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Мысалды талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе
білу дағдылырын дамыту. Оқушылырдың шығармашылық қасиеттерін
шыңдау.
Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап,ой қозғау,топтастыру,әңгімелеу. Венн диаграммасы.Инсерт әдісі.
Сабақтың көрнекіліктері: А.Құнанбаев, И.В. Крылов суреті. Шегіртке мен құмырсқаның макеті. Интерактивті тақта. Оқулық,бор.дәптер, үлестірмелі карточка.
Сабақтың барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Қайырлы күн, қонақтар
Қайырлы күн, достым,
Ашық аспан болсын!
Бейсенбінің күні, сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
ІІ.Үй тапсырмасы тексеру.
Доп лақтыру ойыны арқылы ойналады.
1.Жазушы қысқы Нұра өзенін қалай суреттеген?
2.Эдуард қандай бала?
3.Эдуарттың ұлты кім?
4.Достық туралы мақал айт.
5.Досын құтқару кезінде оның қандай қасиеттері байқалды?
6.Қауіпті жағдайда Эдуард жылап қашса немесе қорқақтық жасаса,баланың жағдайы не болар еді?
7.Эдуардтың анасы туралы не айтуға болады?
Балалардың басты қатесіне болды деп ойлайсың?
Балаларға қандай ескерту ереже айтар едіңдер?
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту,бағалау.
ІV . Жаңа сабақ
Биік болсын біздің санамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер білім көп оқып,
Біздер өсіп толамыз.
VI.Қызығушылығын ояту.
1.Ине бел,қылқа мойын,қара батыр.
Қара тауды арқалап бара жатыр. Бұл не? (құмырсқа)
2.Ат басты,арқар мүйізді,бөрі кеуделі, бөкен санды, қос қанатты, құмырсқа ізді,бота тірсекті.
(шегіртке)…
-Кейіпкерлері жан-жануарлар болатын шығарманың түрін қалай атаймыз?
Мысал.
Мысал дегеніміз-адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез-құлқын жан-жануарлардың іс-әрекеттерімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.
-Мысал арқылы бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуымыз керек.
VІ.Мағынасын түсіндіру:
Ал бүгінгі сабағымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма?
Бүгінгі күннің жадын және сабақ тақырыбын жазамыз.
Балалар мына суретке қарай қояйық кім екенін білеміз бе?
Қане кім айтады Абай кім болған? Ақын, кемеңгер, данышпан,сазгер,
Абай Құнанбаев жиырма екінші тамызда.мың сегіз жүз қырық бесінші жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген - мың тоғыз жүз төртінші жылы бесінші шілдеде 59 жасында қайтыс болған.
Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген
. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы сазгер, аудармашы. Ол орыс жазушыларының шығармаларын аударған.
Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбаевтың аудармашылығына тоқталамыз «Шегіртке мен құмырсқа»мысал өлеңімен танысамыз .Бұл өлеңді ақын орыс жазушысы Иван Крыловтан аударған.
Иван Андреевич Крылов - белгілі орыс жазушысы, мысалшы,журналист, академик . И. А. Крылов 13 ақпанда 1769 жылы Мәскеуде офицердің отбасында дүниеге келген.
Өлеңмен таныспас бұрын құмырсқа мен шегіртке туралы не білесіңдер.Соны қағазға жаза қойыңдар.
Құмырсқа
Шегіртке
Жарайсыңдар балалар, енді өлеңмен танысайық мен мәнерлеп оқимын сендер жақсылап тыңдап отырыңдар.
1.Құмырсқаның орнында болсаңдар,сендер не істер едіңдер?
2.Шегіртке мен құмырсқа бейнелері арқылы адамдардың қандай қасиеттерін көріп,байқауымызға болады?
3.Біздің ортамызда немесе өмірде сендерге сондай адамдар кездесті ме?
VІІ. Оқулықпен жұмыс
Сұрақ жауап арқылы талдау жүмысы
1.Шегіртке жазды қалай өткізді?
2.Шегірткенің жазды күні жағдайы қалай болды?
3.Ол құмырсқаға неге келді?
Шегірткені ақын қандай адамға теңейді?
Құмырсқаны ше?
ІХ.Қорытынды: Топтасып ой қорыту. Ойлау қалпағы
Ойынның мақсаты балаларға өз беттерімен сақты қорытға мүмкіндік беру.
Ақ қалпақ. Мысал мазмұнын баяндап айт.
Сары қалпақ Шегірткенің рахат өмірі туралы айт.
Жасыл қалпақ Құмырсқаның шегірткені үйіне
Көк қалпақ Шегіртке мен құмырсқа қандай мінез құлықтарды байқауға болады?
Қара қалпақ- Шегіртке мен құмырсқаның жаман жағымсыз мінез-құлықтары туралы айт
«Инсерт»әдісі.
Не білемін ?
Не білдім ?
Не білгім келеді?
Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер?
Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті» мақалының мағынасын сұрау. Олай болса Абай атамыз айтқандай, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп еңбекті сүю керек екен.
Х.Бағалау:Үйге тапсырма беру,Өлеңді рольге бөліп оқу.Құмырсқа мен шегірткенің суретін салып келу