7


Күз аруы -2015 (3-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сайыстың тақырыбы: «Күз аруы -2015»
Мақсаты:
1.Жас ұрпақты қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз мезгілінің кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге, әдемілікке үйрету;
2.Оқушылардың әртістік қабілеттерін,өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.
3.Ұқыптылықққа, шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, әдемі, таза болуға тәрбиелеу;
Көрнекілік:сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзірі,нақыл сөздер, шарлар.
Кеш барысы:(ақырын музыка ойналып тұрады)
1-жүргізуші:Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Бірге:Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
1-жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
2-жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән: 1 «ә» сынып орындауында «Бала бақыты» әні. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Жомарт көңіл жарқын күз,
Сары алтынға малынған.
Жетті міне Алтын күз,
Сары алтыннан бұрын да.
2-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысты біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын.Мына кәрзеңкеден ұнаған жемісіңізді таңдап алуларыңызды сұраймын. Сонымен
№1.
№2
№3
№4
№5
№6

1-жүргізуші:

Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныстыра өтсек:
1. Таныстыру.
2. Күз келбеті. (сән үлгісі)
3. Өнер сайысы.
4. Күз тартуы (Салат дайындау)
1-жүргізуші:
Өнер қуып жастарымыз өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген аруларым кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз, - дей келе, өздеріңізді таныстыруына кезек берейік.Таныстыру формасы еркін.
Сонымен
№1.
№2
№3
№4
№5
№6

2-жүргізуші:
Ал, халайық, ықыласпен демелік,
Қыздарымыздың сән үлгісін көрелік.
Сырыменен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік.
«Күз келбеті» сайысының шарты киім үлгісі күз мезгіліне сай тігілген болуы және қолдан жасалуы қажет.
Сонымен
№1.
№2
№3
№4
№5
№6

2 «а» « Күз» туралы өлең

1-жүргізуші:
Өнерлілер сайысы,
Қандырар көрермен айызын,
Мына қыздар ішінен,
Шығасың жарып қайсысың? - дегендей, бұл сайысымызда қыздарымыз өз өнерлерін көрсетуі керек.Сонымен
№1.
№2
№3
№4
№5
№6
2-жүргізуші:
Еңбек деген байлық бар,
Ерінбеген алатын.
Жадырап жан сарайын,
Демалып бір қалатын - дей келе, әр арудың өзінің қолдарынан жасаған «Күзгі тарту» атты сайысы бойынша салаттарын дайындап көрсету үшін бүгінгі сайысқа қатысушы барлық ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар өз шешімін шығарғанша,
Шалқытып «Күз ару» ән салайық,
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,
Ән-шашуын біздерге алып келген,
Әншілерді ортаға шақырайық.
Ортаға әділ қазылар алқасын шақырамын. Сөз кезегі өздеріңізде.
2-жүргізуші:
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, бүгінгі "Күз аруы -2015" кешін аяқтаймыз.
Бірге: Жеңісті күндерде кездескенше, достар!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал