7


Қазақ тілі Дауыссыз қ менғ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақ тілі2-сыныпТақырыбы: Дауыссыз Қ мен ҒМақсаты: Дауыссыз қ мен ғ әріптері туралы жаттығулар орындай отырып тақырыпты пысықтау.Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; Дұрыс отыруға, адамгершілікке, тәрбиелеу.Әд
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі

2-сынып

Тақырыбы: Дауыссыз Қ мен Ғ

Мақсаты: Дауыссыз қ мен ғ әріптері туралы жаттығулар орындай отырып тақырыпты пысықтау.

Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; Дұрыс отыруға, адамгершілікке, тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

Көрнекілігі: плакат

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар!

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Дауыссыз қ мен ғ

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар

Үнді дауыссыз дыбыстар

Ұяң дауыссыз дыбыстар


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 4- жаттығу

ІІІ. Білімді тексеру:Көркем жазу .Әә Әә Әә . Әлия

Жаңа сабақ: Тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады.

Топыра..., жола...ы, ая...,

Шыра...., қуырша...ы, құла...,

-Осы сөздер орфографиялық сөздікте қалай жазылады деп ойлайсыңдар?(Тақтаға оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті п,б жазады). Сөздерді бірнеше балаға дауыстатып оқыту.

Жаттығулар орындау.

1-жаттығу ауызша талдау.

Өздігінен жұмыс: Қ әрпінен басталып, қ әрпінен аяқталатын сөздер жазу.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу, дәлелдеу.

Сергіту сәті Денемізді тік ұстаймыз,

Қолымыздың көмегімен тік төртбұрыш жасаймыз.

Тік төртбұрышымызды тігінен екіге бөлеміз,

Тік төртбұрышымызды көлденеңінен екіге бөлеміз.

3-жаттығу сөйлем құру,талдау.

Топпен жұмыс. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.

Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса.

1-топ Емшісі,орман,тоқылдақ,болады. (Тоқылдақ орман емшісі болады).

2-топ Бетінде,жапырақ,шық,етеді,жылт-жылт. ( Шық жапырақ бетінде жылт-жылт етеді).

3-топ Соң,кемпірқосақ,шығады,жаңбырдан. (Жаңбырдан соң кемпірқосақ шығады).

ІҮ. Бекіту.

Ережені еске түсіру.

Қазақ тілінде сөз соңында ғ дыбысы келмейді. Қ дыбысынан аяқталған сөзге дауысты дыбыс жалғанса қ дыбысы ғ дыбысқа айналады. Мысалы: құлақ - құлағы, тарақ - тарағы, орақ - орағы.

Қ дыбысы сөздің барлық буындарында, ғ дыбысы сөз соңында келмейді. Ғ-ұяң, қ -қатаң.

Ү. Үйге тапсырма. 5 -жаттығу

Бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал