7


  • Учителю
  • Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз! 4 сынып

Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз! 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, слайд

Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту,көркем әдебиет,ән-күй

Әдіс-тәсілдер:аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: Барысы: Балалар әнмен екеу-екеу болып топқа кіреді.

Балалар,бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген қонақтаркеліп отыр.Олай болса,балалар,қонақтармен амандасып алайық.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Оқушылар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.

Мұғалім: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп бастайық. Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.

Балалар әнұранды орындайды.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

:Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

Ана тілім

Жүрегісің анамның

Жүрек - ана

Мен өзіңмен жаралдым.

Өсірген ой - білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

- Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!

Мұғалім: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

Тілтасжарады,

Тасжармаса бас жарады.

Ойнап сөйлесең де

Ойлап сөйле.

Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

Өнер алды - қызыл тіл.

Жақсы сөз - жарым ырыс.

Мұғалім: Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген. Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан.

Төле би:

Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би:

Жетер енді әркімге бір ермейік,

Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым - ау,

Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Әйтеке би:

Қазақ, қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің,

Мүмкін емес өлмегі.

Мұғалім:Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті.

ІV Жұмбақ шешу

Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама (Кітап)

Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)

Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарады күзге жеткенде (алма)

Жерге тырс тырс тамады,

Сайға қарай ағады,

Шешуін кім тамады? (Жаңбыр.)

Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң жаның рахат табады.(Ағаш)

Қорытынды.

Мұғалім:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал