- Учителю
- Әдебиеттік оқу 4 сынып Қауын мен қарбыз
Әдебиеттік оқу 4 сынып Қауын мен қарбыз
Сабақтың тақырыбы: Қауын мен Қарбыз Ж.Әлмашұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар ертегінің мазмұнын меңгереді. Ертегі мазмұны мен таныса отырып негізгі ойды, идеяны ұғынады. Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға машықтанады.
Дамытушылық: Ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілеттерін байқағыштығын жетілдіреді. Сабаққа деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, бірлікке, туған елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Психологиялық дайындық
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер, шешен өнері,
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Ойымызды айтайық,
Білімімізді бастайық,
Мына отырған ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.
III.Үй тапсырмасын сұрау
Түсініктер айтқызу, әңгімелету
Сұраққа жауап алу
Бұлақтың екі жағасында өсіп тұрған ағаштар қандай ағаштар?
Ақ қайың мен Қараағаштың ортасына от салған қандай ағаш?
Жанжал басталғанда ең алдымен араша түскен ағаш?
Сенің қай ағашқа жаның ашыды? Неліктен?
Шынында да ағаштар жанжалдаса ма?
Ормандағы оқиға ертегісінің авторы кім?
IV.Жаңа сабақ
Жұмбақ
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Домаланған ала бас
Етті - секер, сүті тәтті.
Дәмді шырын даяр ас (Қарбыз, қауын)
Қарбыз бен қауынға қысқаша түсініктеме.
Қауын - қауынның ең алғаш пайда болған мекенін дәл басып айту
қиын. Дегенмен, қауынның отаны - Египет деп тұжырым жасаған. Жер
бетіндегі мемлекеттер Қауындар Египеттен тараған дейді. Ал
«Арабтар»ортағасырларда қауынды Жерге түскен «Жұмақтың
жемісі»ретінде таныған. Қауын көбінесе Италияндардың сүйікті
тағамдары болған. Тарихшылардың айтуынша Рим Императоры Клавдий
Альбин таңғы асқа 10 қауынды бірден жеген екен.
Қауынның құрамында қант, А, С дәрумендері глюкоза бар. Қауын жаздың
аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады.
Қарбыз - қарбыздың отаны - Африка. дәлірек айтсақ Оңтүстік Африка
саналады. Қарбыздың сол Африкадан бүкіл әлемнің түкпір - түкпіріне
таралған. Қарбыздың Қытайдағы мәртебесі өте жоғары. Себебі, күні
бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «Қарбыз мерекесін» атап
өтеді екен. Қарбыздың құрамында фруктоза, В1, В2, С дәрумендері,
азотты заттар бар.
Қауын мен қарбыз ертегінің авторы Ж.Әлмашұлы
Жолтай Әлмашұлы
1957 жылы 14 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған
дүниеге келген. ауданындағы Қыраш ауылы
1974-1979 жылдары әл-Фараби атындағы Балдырған журналында
Қазақ мемлекеттік университетінің жұмыс атқарған.
журналистика факультетінде оқыды
Ертегіні түсіндіріп беру.
Оқулықпен жұмыс
Кітапты жастан оқы,
Мәнерлеп жақсы оқы,
Оқымай білім жұқпас,
Білімсізден өнер шықпас.
-
Тізбектеп оқыту
-
Тауып оқыту
V.Дәптермен жұмыс
Түйнек - өсімдіктің өніп шыққан жеміс түйіні
Түз тағылары - далада тіршілік ететін жабайы аңдар
Пәлек - қауын -қарбыздың көлбей өскен өркені
VI. Сұрақ - жауап
Қарбыз бен Қауын қандай шешімге келді?
Қауынды кім тауып алды?
Қарт Қауынның дәнін не істеді?
Қарбыздың жағдайы не болды?
Бұл ертегіден нені түсіндің?
VII.Сабақты қорытып, бекіту
VIII.Үйге тапсырма.
Қауын мен қарбызды оқып, мазмұнын айту
IX.Бағалау