- Учителю
- Вне классный урок на тему: 'Қош бол, сүйікті Әліппе!' (1 класс)
Вне классный урок на тему: 'Қош бол, сүйікті Әліппе!' (1 класс)
Қош бол, сүйікті Әліппе!
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әректтері арқылы икемділігін,қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
Міндеттері:Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергендерін іс жүзінде көрсету.Жаңа оқулықпен таныстыру,қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың ата-ана,Отан,ел,болашақ алдындағы борышын сезінуге елін,Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер,нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі»,оқулықтарының мұқабасы,шарлар.
Мұғалім:
-Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып,барлық ғылымның атасы,біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз. Сондықтан қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп ән-күймен өрнектеп өнерімізді ортаға салмақпыз.
Ізгілікті өн бойына жинаған,
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған
Қалап берген іргетасын білімнің
Хош келіпсіздер-дүниеде сыйлы адам
Ал енді балдырғандарымызды ортаға шақырайық.
Хор «Бау-бақша белдер»
Директорға сөз Оразгалиева Гүлмира Кайыргалиевна
Шашу Айсұлу
1 -оқушы: Айзере
Армысыздар,мұғалімдер әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,ән де бүгін шырқалар
2 -оқушы: Ж.Мирас
Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр толар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар!
3- оқушы: Айгерім
Қош келіпсіз қасиетті әкелер!
Ұл-қыздарын ықыласпен мәпелер
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Асқар тауым,тірегім деп әкелер.
4- оқушы: Айзере
Бүгінгі қуанышымызда шек жоқ.Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітіріп отырмыз
5-оқушы: Ж.Мирас
Біз енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді,сөйлемдерді,әңгімелер мен ертегілерді оқи аламыз.
Айзере киінуге шығады
Ертегі «Сөмке»
6 -оқушы: Жанерке
Өтті оқу,сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштаспақ
Өсті бүгін бойымыз
Құтты болсын тойымыз!
7- оқушы: Альбина
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Мұғалім:
Іші толы әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен:
-Болашаққа жол ашар
Ол -сүйікті әліппе
Мұғалім:
Олай болса,бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Менің атым Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен
Атаң менен әжең де!
Мұғалім: Рахмет Әліппе! Ортадан орын алыңыз.
9-оқушы:Әдемі:
Әліппе-білім анасы,
Әліппе-кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?!
10-оқушы:Камила
Әліппем,менің Әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін ашытым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
11-оқушы:Темірлан
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық
Алфавиттер шығыңдар
Орындарыңа тұрыңдар
Бастайық қане айтысты,
Жібермейік намысты
12-оқушы :С.Мирас «А»
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші.
А деген ол-Аналар қой ардақты
Ә деген ол-Әкелер ғой салмақты.
Б деген ол-Балалар ғой әдемі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында
Ж.Нұрай
«Ә»дыбысын өткенде тамылжытып ән айтуды үйрендік.
«Бәйтерек» әні орындалады.
«Б» дыбысын өткенде би билеуді үйрендік.
Айзере «Түрік биі»
13-оқушы: Аяулым «Ғ»
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз
Өсек,өтірік,мақтаншақ
Еріншек бекер мал шашпақ
Бес дұшпанның білсеңіз
Талап,еңбек терең ой
Қанағат,рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз
14-оқушы: Мәдина «Е»
Еңбек,еңбек еңбек- деп,
Еңбек бәрін жеңбек-деп
Жер жыртады диқандар
Кең даланы өрнектеп
Е дыбысын өткенде,еңбек туралы өлеңдер,мақалдар жаттадық
15-оқушы: Е.Дильназ «Ж»
Ж дыбысын өткенде жаңылтпаш жаттап,7 қазына,7 ата,7 күн аттарын үйрендік
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім
Неші кіші ішік піштім
Ойын: «Кім көп біледі?»
16- оқушы: С.Нұрай
С дыбысын өткенде санамақтар жаттадық.
17-оқушы:Мерей «Т»
Т дыбысын өткенде тыйым сөздерді оқып,үйрендік.
1.Ақты төкпе
Малды тепее.
2.Үйге қарай жүгірме
3.Қолыңды төбеңе қойма,
Тізеңді құшақтама.
4.Табалдырықты баспа
Үйде ысқырма
18-оқушы: С.Мәди «Х»
Ертеде өткен Абылай,
Қазақтарға хан болған.
Басын қосқан үш жүздің,
Төресі әділ жан болған.
Ата-аналармен ойын
19-оқушы:Жарқын «Ы»
Жырын жаттап аламыз
Жалықпастан қыс-жазы,
Ұлы Ыбырай атамыз,
Ұстаздардың ұстазы
Ұран тастап көр елге,
«Кел,балалар,-оқылық»
Деген сөзге көңілге,
Ықыласпен тоқылық
Мұғалім:
Әліппе оқу мен жазуға үйрететін тұңғыш оқулық.
Олай болса,қазақ балаларына арнап ең алғаш Әліппені жазған кім?
Хормен: Ыбырай Алтынсарин
20-оқушы: Д.Дильназ
Бір,Аллаға сиынып
Кел,балалар оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Мұғалім: Абай аталарың қандай өсиет қалдырды?
21-оқушы: Алмас
Әсемпаз болма ,әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та,бар қалан.
Мұғалім: Балалар ,Әліппе сендерді сауаттылыққа үйретті. Сондықтан Әліппе досымызға не деп айтуымыз керек?
Хормен: «Рахмет саған сүйікті әліппем»
Ән: «Әліппе» М.Дильназ
Әліппе: Балалар сендер мені жақсы меңгеріпсіңдер.Сендерге мен ризамын.Ана тілін де жақсы оқыңдар.Ал,енді сау болыңдар!
22-оқушы: Сернад
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол,менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң,оқи,жаза білгенім,
Сауатты адам санатына енгенім
23-оқушы:Наргиз
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Ана тілі:
Сәлеметсіңдер ме,балалар, келесі сендердің оқитын оқулықтарың мен боламын.
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілідің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Мұғалім:
Ана тілі, сенің құрметіңе біздің балар «Ертегілер» әнін дайындап еді,енді Кенжал Айзеренің орындауында осы әнді қабыл алуларыңызды сұраймыз.
Ән «Ертегілер»
35-оқушы: Камила
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын,
Ана тілін ардақты
Ақ сүтіндей анамның
Мұғалім:
Пайдамыз тиіп Отанға
Риза болсын халқымыз
«5» алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз-дей келе қыздарымыздың орындауында тамаша биді қабыл алыңыздар
Қыздар биі
Хор «Балалық шақ»