7


  • Учителю
  • Еңбекке баулу Өзіне -өзі қызмет етсін (1 сынып)

Еңбекке баулу Өзіне -өзі қызмет етсін (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Өзіне-өзі қызмет ету.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: мұғалімнің кіріспе сөзі; қағаздың түрлі сорттарымен таныстыру; еңбекке баулу сабағының маңызымен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: қайшының және желім жаққыштың құрылысымен, атқаратын қызметімен таныстыру; қайшымен жұмыс істеудің әдісін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: балалардың қайшымен жұмыс істеуі (сызық бойымен тілікше қию) бақылау, әдемілікке, әсемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Өзіне-өзі қызмет ету еңбекке баулу бағдарламасында едәуір орын алады. Оқушылардың өзіне-өзі қызмет ету жұмысы еңбекке баулудың алғашқы сатысы ретінде және күнделікті өмірге керекті, неғұрлым кең тараған еңбек дағдысын дамыту ретінде де зор маңызға ие. Балалардың өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне қатысуын ата-аналар да қадағалап, оған үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Еңбекке баулудың бұл түрі отбасы тәрбиесімен тығыз ұштасуы қажет.

Дұрыс тамақтана білуді үйрету. Балаларды шаруашылық, тұрмыс еңбегіне бейімдеу, қажетті іскерліктерін дамытуға үнемі көңіл бөлініп отыру тиіс. Еңбектің бұл түрін отбасы тәрбиесімен ұштастыру шаралары жүргізіледі.Еңбекке баулу Өзіне -өзі қызмет етсін (1 сынып)

Ауыл шаруашылығы еңбекке баулу. Оқу-тәжірибе үлескісінде атқарылатын жұмыстың барысымен таныстыру. Жас ерекшеліктеріне қарай атқарылатын жұмыстарды саралау. Пәнаралық байланысқа көңіл болу. Мысалы: дүниетану, ана тілі, математика т. б. Үлескіде өткізілетін сабаққа қойылатын жалпы талаптар мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылады.

Техникалық еңбекке баулу. Мұнда қағаз және қатырма қағазбеністелінетін жұмыстар мен құрастыру жұмыстары қамтылған. бағдарламада қағаз бен қатырма қағазбен жұмыс істеуге баулу. Әр түрлі бұйымдар, құралдар, үйге қажетті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға үйретіледі.

Матамен оқупшларға матаның түрлерін үйрету.

Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге баулу бірінші сыныптан басталады. Оқушылар алғашқы күннен бастап сыныпты таза, ретті ұстауға, сынып бөлмесінің, айналасының тазалығын қадағалауға, тазалық сақтау үшін қажетті еңбек тәсілдерін дұрыс қолдануға үйренеді.

Сыныптағы, сынып айналасындағы тәртіптің сақталуына бақылау жасау сыныптың барлық оқушыларына ортақ іс болуға тиіс. Сынып бөлмелерін күтуде ересек балалар кіші балаларға көмектеседі, оларды сынып мүлкін дұрыс күтуге үйретеді. Кішкентайлар үлкен балалармен бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады.

Сыныпта тәрбиеленгеп іскерлік пен дағды үй жағдайында да нығайып, дами түсуге тиіс. Үй ішіндегі үлкен кісілердің бірінің басшылығымен балалар үй тұрмысы жұмысының белгілі бір түрін орындауға міндетті.

Сынып пен отбасының бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін балалардың ата-аналарымен байланыс жасау керек, сөйтіп оқушыларға сол үйдің тұрмысына қарай, үй жұмысына қатысу міндеттерін көрсетіп, күнделікті жұмыс кестесінің үлгісін жасап берген жөн.

Мұғалім еңбектің бұл түріп еңбек сабағымен ұштастырады. Өткізілетін тақырып күні бұрын белгіленіп, сабаққа қолданылатын көрнекті құрал дайындалады. Әрбір балаға өзінің шамасы келетін жұмыс тапсырылады.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал