- Учителю
- Вне классное мероприятие 'Прощание с букварём' в 1 казахском классе
Вне классное мероприятие 'Прощание с букварём' в 1 казахском классе
Әліппемен қоштасу
1 сынып
2013-2014 оқу жылы
Мұғалім:Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген 1қазақ сынып оқушылары бүгін бір асудан асты. Алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштаспақ. Бүгінгі біздің Әліппемен қоштасу тойына, қош келіпсіздер! Ана тілінің ғажайып ірі шынайы әлеміне, бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын, бүкіл білім- ғылымға бастайтын жол, әлемдік ғылым соқпағының басы-Әліппе оқулығы. Осы оқулықтан білім нәрін алған бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.
Ақылды мінезі бар секілді
Көктегі жарқыраған ай секілді
Бірде қиын секілді, бірде жуас
Аспандағы ойнаған жай секілді.
Гүлсинамыз шығады жайраң қағып,
Әлпештеген ата-ананың гүлі нағыз
4 айда үмітімді ақтай білген
Абдагамитова Гүлсинаны қарсы алыңыз!
Көлдегі жаңа жүзген шағаладай
Мінезі, ерке тентек жас баладай
Әліппемен қоштасқанын өзі сезбей
Қылығы әлі тәтті жас баладай дегендей
Ортамызға Қайыржанқызы Айымды қарсы алыңыздар!
Лашын құсындай үлбіреп
Қас бұрымы желбіреп
Ата-ананың бұлбұлы
Ұстазының жұлдызы
Сенім артады өзіңе
Ата-анаң, ұстазың демекші ортамызға
Сабыржанқызы Айдананы қошеметтеп қарсы алайық
Еркежаным шығады күндей күліп,
Болашақта күтеміз үлкен үміт
Анасының сенімін ақтайды деп
Ұстаздар бір гүлімізге сеніп жүрміз
Томпиған мінезі бар тиянақты
Оқуға әрқашанда көңілі артты
Қарсы алыңыздар алдарыңызға қошеметтеп
Диханқызы Еркежан атты қызымызды
Екі көзі мөлдіреп,
Қас бұрымы желбіреп
Еркелікті сүйеді
Сыныпта көп күледі
Сондай менде бір қыз бар
Өнер сүйер жұлдыз бар
Айналайын томпағым
Қоян жүрек қорқағым
Алдарыңызға шығады
Қияға самғар сұңқарың демекші
Ортамызға Рустемқызы Кариманы қарсы алыңыздар
Желкілдеп екі тұлымың
Мектепке сен келіп ең
Бүгін жігіт боп қапсың
Үлгі өнеге көріп ең
Көзді ашып жұмғанша
Төрт ай өтіп кетіпті
Қимастықпен қоштасар
Сендермен күн жетіпті
Қыңқы мінез томпағым
Үздік шәкірт болғайсың демекші
Ортамызға Жұматай ұлы Нұрсұлтанды қарсы аламыз
Еркежан: Армысыздар, құрметті қонақтар!
Сұлтанбек: Сәлеметсіздер ме, ата - аналар, ұстаздар!
Еркежан: Елімізде жылма - жыл біз тәрізді тұңғыш мектеп есігін ашушы бүлдіршіндер қатары артуда.
Сұлтанбек: Ал, бүгінгі күні сол бүлдіршіндердің барлығының, соның ішінде Айнакөл орта мектебінің 1 - сынып оқушыларының қуанышында шек жоқ.
Еркежан: Себебі, біз тұңғыш рет қолымызға ұстаған алғаш хат танып, сауатымызды ашқан досымыз - Әліппемен қоштасамыз.
Сұлтанбек: Олай болса ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер
(Әнұран орындалады)
Сұлтанбек: Алтын күн төгеді шапағын,
Шырқаймыз өмірдің шат әнін.
Мың алғыс өзіңе, ұстазым,
Мың алғыс өзіңе, мектебім! дегендей «Мұғалім ол біздің» әнін қабыл алыңыздар
Еркежан: Оқушының басты міндеті - оқу. Білімін одан әрі шыңдау үшін үлкен ізденіспен еңбектеніп, мектеп қабырғасынан сапалы білім алып, өнегелі тәрбие алып, елін, жерін қорғайтын ел азамат болып өсуі керек.
Айдана:
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім
Балалар мені мұқият тыңдаңдар мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап бересіндер.
Іші толы әріпке,
Білімдігі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті - Әліппе.
Мұғалім. Балалар, ендеше, ең басты кейіпкеріміз «Әліппені» ортаға шақы райық. ( осы кезде «әліппе» кіреді)
Әліппе. Айгерім
Барлық әріп бағалы,
Сөзге тірек болады.
Жетелеймін білімге
Мені сүйген баланы демекші
Балалар, мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім.
Өзімнен бастау алатын, өздеріне даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім.
Ана тілі: Гүлдана
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте, - деп ақын Қадыр Мырзалиев айтқандай, мен ана тілі оқулығымын.
Көңілді дауыстарыңды естіп қуанып келдім.
Еркежан:
Әліппе біздің білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болатыны анық.
Карима:
Ендеше, төрге шығып, төрлетіңіздер, өнерімізге ортақ болыңыздар.
(тақпақ айтады)
Сұлтанбек: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті "Әліппемен".
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.
С. Айым. Жақсы кітап-"Әліппе",
Үйретеді әріпке
Қуыршақпен қоштастым,
"Әліппемен" достастым.
Нұрсұлтан: Мынау менің Әліппем,
Көгілдір туым түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей
Мұғалім: Балалар бері қараңдар! Бізге үлкен хат келіпті. Ішінде не бар екен?
Қане көрейік. Міне балалар қараңдар мына хаттың ішінде әртүрлі әріптер бар, осы әріптердің сыры неде екен балалар? Кім айтады?
Сұлтанбек: С дыбысы-Сдыбысын өткендесанамақты санадық
Ерік:Т дыбысын өткенде-тақпақ айттық тақылдап
С. Айым: Ж дыбысын өткенде-жұмбақ шештік жаңылмай
Нұрсұлтан: Ш дыбысын өткенде-шешендік сөздер үйрендік
Сұлтанбек:Ә-дыбысын өткенде тамылжыта ән айтуды үйрендік
Ерік:Е дыбысын өткенде ертегілер оқып үйрендік
Нұрсұлтан:Б дыбысын өткенде бата беруді үйрендік
Мұғалім: Жақсы балалар әрітерді өткенде көп нәрсе үйреніпсіңдер. Рахмет сендерге балалар!
Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында-демекші жастар биін қабыл алыңыздар
Ән «Әліппе, әліппе»
Ерік: Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Ж. Айым: Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Сұлтанбек: Мұғалім біз әліппе сабағында әріптермен қатар математика сабағын да оқи білдік.
Ж. Айым: Ендеше сандар әлеміне де тоқталып кетейік
Сұлтанбек:
1 дегенім-баспана
Нанды жерге тастама
Ж. Айым:
2 дегенім-ирек
Қар жауады сирек
Ерік:
3 денім-үтік
Құрбымды көп күттік
Нұрсұлтан:
4 дегенім-төзім
Төзе білем өзім
Сұлтанбек:
5 дегенім-бақ
Тайға мініп шап
Ж. Айым:
6 дегенім-ақыл
Тыңдағаның мақұл
Ерік:
7 дегенім-жұлдыз
Аспандағы құндыз
Сұлтанбек:
8 дегенім-серке
Ән салайық ерке
Ж.Айым
9 дегенім-тоқтау
Елдің жоғын жоқтау
Ерік:
10 дегенім-Отан
Қоға соны ботам
Мұғалім: Мың бұрала билеген,
Аруды кім сүймеген.
Аққудайын қалықтап,
Қазақ биін билеген -дегендей алдарыңызда қыздардың орындауында қазақ биін қабыл алыңыздар.
Мұғалім:
Жырыңды оқы жарқылдап, төгіл деме
Қылығымды алмаңдар көңілге де
Жыр оқу да бір дарын, көрген емен
Артист болу түсімде, өңімде де
Өмір атты сахна төрінде де -демекші Алдар Көседен үзінді» (Ерік, Сұлтанбек) қабыл алыңыздар
Мұғалім:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй!-деп Абай атамыз айтқандай Серікбай Еркежанның орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.
ән «Үйретеді мектептерде»
Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде-дегендей «Сыған » биін қабыл алыңыздар
Дания:
Әліппем менің әліппем,
Қолыма сені алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
Гүлсина:
Әсем ою-өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп ем
Айгүл Мадашқызының орындауында ән « »
Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын
Ән- бимен шашу шашылсың
Мың бұралған бишілер
Бименен кешті жалғасын.
Қыздардың орындауында «Өзбек» биін қабыл алыңыздар
Ән «Қош бол құтты әліппе»
Әліппе: Мұндай өнерлі бүлдіршіндерімді өзім де қимай отырмын. Көрдіңдер ме осы жарты жылдың ішінде менің балаларым көп нәрсеге үйренді. Енді мен ойлаймын осы алған білімдерін ана тілі ары қарай жалғастырады деп. Осы ана тілі ардақты оқулықтарыңа айналып, небір ізгілікке үйрететініне күмәнім жоқ. Сендерге ақ жол. Білімнің терең шыңына қанаттарың талмай ұшыңдар! Бердім батамды. Жайыңдар қолды.
Ұстазымыз аяулы,
Мектебіміз табысты болсын.
Ұлдарменен қыздарым,
Оқулы да саналы,
Өткір ойлы, намысты болсын. Әумин!
Мұғалім: Өнерді үйрен де жирен дейді халқымыз. Біздің өнеріміз оқу, тоқу емес пе? Талпынған құстай қанаттары қатайып, әріп танып, хат жазып, оқуға төселген ұл-қыздарымыз көз қуанышына айналды. Көріп, толқып отырған жағдайымыз бар. Білімнің атасы-Әліппе. Сондықтан да балалар бүгін біз өзіміздің құрметті Әліппеге көп рахметімізді айтып шығарып салайық
Хормен:Рахмет саған Әліппе! (Әліппе кетеді)
Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар
Балалар есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашар аналар -дегендей шашу шашу кезені тәтеге беріледі.
Қорытынды сөз: Тәрбие ісінің меңгерушісі Сейлханова Роза Қайроллақызына беріледі, ата-аналар тарапынан беріледі.
Мұғалім:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.