7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара Кітап - білім бұлағы

Сыныптан тыс шара Кітап - білім бұлағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кітап - білім бұлағы

Мақсаты:Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу; білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.

Көрнекілігі: Оқу-білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар;

кітаптар көрмесі.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай

әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.

Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған-тоқағаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ.

Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

Кітап заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітапты оқи отырыпадамның ішкі рухани жан дүниесі байиды.

Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын - кітап.

«Кітап - білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен. Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, тақпақтар білеміз, соны ортаға салайық.

Мадияр:

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

Сымбат: Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы Әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит

Оқысаң кітап сырын ашып терең.

Әли: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Альбина: Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп.

Береді білім нәрін кітап көптеп.

Әділет: Айдын шалқар кейде бір,

Кітапты тұңған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір ,

Таппасаң нәрін шөлдерсің.

Шалқар: Білім алар көп адам

Жақсы нәрсе жоқ одан.

Қызыға кеп оқимын

Кітап көрсем жаңадан.

Нұрдәулет: Кетпейді ешбір жадымнан :

Мектепке бардық, күз айы.

Тастамай сені жанымнан

Қолтықтап жүрдім ұдайы.

Алдияр: Достарға толы маңайым,

Татулық тәтті бәрінен.

Ерекше сені санаймын ,

Құшақтап жүрмін әлі мен.

Перизат: Ұсынған қойнынан ,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің.

Бұл не? Бұл - кітап.

Нұршат: Елімізде атақты,

Ғалым ата не тапты?

Бәрін, бәрін білесің,

Оқи берсең кітапты.

Көрініс көрсетіледі:

Оқушы: Асыл ойдың иесі , бар ғылымның жүйесі.

Қуанышы көңілдің , баспалдағы өмірдің .

Жан азығым , серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап: Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.

Оқушы: Әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай.

Жан азығым , серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,

Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.

Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.

Оныменен бітпейді, беттерімді бүктейді.

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,

Налымайын неге мен, бұл секілді пендеге.

Оқушы: Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп, надан аз.

Ондайлардан түңілме

Сені ойлар түбінде.

Хормен: Бөбектерім, оқы, ойна,

Оқу-білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

Мұғалім:

Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау -

бәріміздің міндетіміз. Кітаптары қапталған, өте таза , ұқыпты оқушылар да арамызда бар.

Кітап қайда басылып шығады?

Кітапты баспадан шығару үшін не қажет?

Альбина:

Кітапты шығару үшін көптеген адамдардың еңбегі қажет.

Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады, суретші ағайлар сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады.



Еркебұлан: Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

Жансима: Орманшының аялы,

Алақаны өсірген.

Сонау ағаш саялы

Қағаз үшін кесілген.

Юлия: Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған

Ағаш тиеп үнемі.

Амандық: Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағашты тасыған

Білер ме екен көп адам.

Әли: Заводтарда күн-түні,

Қағаз жасап бағалы.

Қанша адам кім үшін

Маңдай тері тамады.

Сымбат: Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

Шалқар: Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.

Нұрдәулет: Әріп теру үшін де

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді.

Еркебұлан: Оқулықты мектебің,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау еш бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

Мадияр: Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

Нұршат: Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Кітап : Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені, қастерле.

Бар білімді мен егемін санаңа.

Мұғалім:

Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.

Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап- біздің рухани жан азығымыз.



Балалар, бүгін бізге мектебіміздің кітапханашысы келіп отыр. Ол кісі қазір сендерге кітапханаға келіп түскен оқулықтар мен әдеби кітаптарды таныстырып өтеді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал