7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку 'Дара және күрделі етістік'

Урок по казахскому языку 'Дара және күрделі етістік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі сабағы 4 сынып

Тақырыбы: Дара және күрделі етістіқ

Мақсаты:1) Оқушыларға дара және күрделі етістіктермен жұмысты жалғастыра отырып,

сөйлем ішінен дара,күрделі етістікті таба білуге дағдыландыру;

2) Балалардың ойлау қабілетін дамыту;

3) Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Бекіту

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,көрнекілік,өзіндік жұмыс,

Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар,семантикалық карта

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру:

Қазақ тілім- өз тілім-ана тілім

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәнгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім!

Міне,балалар,кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың тілі-туған тіліміз-қазақ тілі сабағы

Балалар,біз өз тілімізді неге ана тілі дейміз?

-Өйткені,бұл тіл анамыздың ақ сүтімен дарыған,бүкіл жақсы қасиеттерді бойымызға

сіңіреді.Сондықтан анамыздың сөйлеген тілін ана тілі дейміз.

ж

и

е

н


т

ү

й

е


б

е

с

і

к


с

о

ғ

ы

м

т

о

р

с

ы

қ


к

е

л

і

н


к

е

л

і

н

II. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ шешу

а) ата-анаға қызының баласы

кім болады? ( жиен)

ә) Апан-апан ескі шапан

иір қобыз,жарық жұлдыз

( түйе)

б) Иесі -сәби,өзі әрі төсек әрі оған үй ( бесік)

в) Қазақ халқы қыста жейтін ет ( соғым)

г) Сұйық заттар құятын теріден жасалған ыдыс ( торсық)

ғ) Жанұяға жаңадан мүше болып басқа жанұядан келген адам ( келін)

д) Тілі бар,үні жоқ, өзін адам түсінген

Жүрегі бар да қаны жоқ сөйлеп тұрған ішінен ( кітап)

-Ие,балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы- етістік.Дара және күрделі етістікпен жұмысты

жалғастырамыз.

III. Тақтада:

  • Бұл үзінді қандай шығармадан? ( « Абай жолы» М.Әуезов)

  • Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.Етістіктердің астын сызыңдар.

IV. Топпен жұмыс

I топ- күрделі,II топ- дара етістікті ойлап жазу.Олармен сөйлемдер құрастыру және

сөйлем мүшелеріне талдау.

V. Терме диктант

Жалғыз өзім серуенге шықтым.Алдымнан шалғынды жапыра басқан аюдың ізі кездесті.

Қарақаттардың басын сындырып кетті.Ойда жоқта аю алдымнан шыға келді.Мен шошып

кеттім.Бірақ менде аюдың шаруасы болмады.

VI.Тест

1.Заттың атын білдіретін сөз табы:

а) Сан есім ә) Етістік б) Зат есім

2.Заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы:

а) Зат есім ә) Сан есім б) Етістік

3.Етістіктің сұрағын тап:

а) Не?Нелер? Кім? Кімдер? ә) Не істеді? б) Қандай?Қай?

4.Мына етістіктердің қайсысы дара?

а) Шықты ә) Ағып жатыр б) Жүгіріп шыға келді

5.Күрделі етістікті белгіле

а) Соқты ә) Жылап жатыр б) Бес

VII. Тыйым сөздерді көшіріп жазу.Олардың түрін анықтау.

Дастарқаннан аттама.Түнде көлден су алма.Малды бастан ұрма.Бос бесікті тербетпе.

Тұзды баспа.Шоқты шашпа.Көп алдында керілме.

VIII.Шығармашылық жұмыс

Берілген тірек сөздермен мәтін құрап жазу.

-Келді,жылынды,еріп жатыр,ұшып келеді.

IX.Оқулықпен жұмыс

361-жаттығу. (эвристикалық деңгей)

Күн күркіреді.Өзен тасыды.Жұлдыз жарқырады.Тамшы ақты.Найзағай жарқылдады.

-Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыр.

X. Семантикалық карта толтыру ( әр оқушыға)


үстел

он бес

ағып жатыр

көңілді

Сын есім


+

Зат есім

+


Етістік

+


Сан есім


+



XI. Қорыту

-Балалар,бүгін сабақта не істедік?

-Өлең айттық,сөзжұмбақ шештік,дәптерге жазу түсірдік,мәтін құрастырдық.

XII. Үйге тапсырма

  • 360 жаттығу

XIII. Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал