- Учителю
- Cауат ашу 1 - сынып 'Г г дыбысы мен әрпі'
Cауат ашу 1 - сынып 'Г г дыбысы мен әрпі'
Қарақұдық орта мектебі
Сынып: 1 «А»
Сынып жетекші: Кулекенова М. И
2014 - 2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Г г дыбысымен және әрпімен таныстыру
Міндеті:
Білімділік: Оқушыларды Г г дыбысымен және әрпімен таныстыру және сөз ішіндегі Г г дыбысының орнын меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы Г г дыбысының дауыссыз дыбыс екенін байқату.
Г г дыбысы мен әрпі арқылы жазылатын сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дыбыстық, буындық талдау жасауға, ауызша сөйлем құрауға машықтандыру.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып, сөздік қорларын молайту, білім - білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін дамыту. Шығармашылық тапсырмалар бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Топтық жұмыс жасау арқылы бірлікке, сыйластыққа, шыншыл болуға тәрбиелеу
Оқытудың нәтижелері:
1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастырады.
2.Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3.Сабақта белсенділік танытады.
4.Шығармашылық қабілеттері артады.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3-модуль: Бағалау
4-модуль: АКТ - ны пайдалану (интербелсенді тақта, видео)
7-модуль: Көшбасшылық
Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, А3 қағаз, стикер,маркер,
Қадамдар:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Топпен жұмыс.
3.Рефлексия
4.Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Топқа бөлу
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
3. Үй тапсырмасын сұрау
4.Жаңа сабақты түсіндіру
5.Тапсырмалар беру
Оқушының іс-әрекеті:
1.Жылқының түстері арқылы топқа бөлінеді.( қызыл,көк)
2. Зейіндерін сабаққа аударады
3. Үй тапсырмаын орындайды
4. Мәтіннің мазмұнымен танысады. Г г дыбысы мен әрпі туралы мәлімет алады
5.Топтасып жұмыс жүргізеді,постер қорғайды
6. Кері байланыс жасайды
Топқа бөліну: Жылқының түстері арқылы
І кезең: Қызығушылықты ояту:
«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.
Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
«Сиқырлы ұяшықтар» ойыны арқылы
Ойын шарты: Әр топ тақтадағы 10, 20, 30, 40 ұяшықтарын таңдау арқылы, берілген тапсырмаларды орындайды
10 - Үкі, үйрек, үйшік - сөздерін оқы
20 - Күріш, күміс, күшік
30 - Түлкі, күлкі, түйме
40 - Жүрек, күрек, жүзік
-
Оқушылар интербелсенді тақтадан «Кім кінәлі?» мәтінін оқиды
Үй тапсырмасын пысықтау: «Ассоциация» әдісі арқылы Ү ү дыбысы кездесетін суреттерді топтастырады
Есептер жазылған қағаз қиындыларын таратамын. Оқушылар есепті шығарады және шыққан мәндерін өсу ретімен орналастыру арқылы «Гүл» сөзін шығарып алады.
«Гүл» сөзін талдай отырып Г г дыбысы мен әрпімен таныстырамын
Оқулықпен жұмыс: Оқушылар оқулықтағы бағандағы сөздерді интербелсенді тақтадан оқиды, түсініксіз сөздерге сөздік жұмысын жүргіземін.
Мысалы:
Бетеге - жататын көп жылдық . Далалық, шалғындық жерлерде, тау бөктерлерінде өседі. Олардың селдір, кейде тығыз сыпыртқы гүлді. жапырағы сирек орналасқан, , болып келеді. 20 түрі бар, жиі кездесетін түрлері кәдімгі бетеге, .
Шеңгел - тұқымдасына жататын . Қазақстанның , және облыстарының далалық аймақтарында, , , топырақты жерлерде, жайылымдардағы бұталардың арасында, - жағасында, қиыршық тасты сортаңдарда, тақырларда өсетін 1 түрі - ақ шеңгел бар. - айларында гүлдеп, береді. Жемісі - сарғылт ,
Жұмбақ шешу
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт (Көгершін)
-
«Ақ көгершін» өлеңін оқып беремін және әнімен тыңдатамын
Сергіту сәті: Би билеу
Дәптермен жұмыс
-
Г г әрпін ауада жазу
-
Әріп элементтерін сақтай отырып, жазу.
Жаңа сабақты бекіту: «Адасқан буындар» ойыны
Рефлексия: Күлегештер арқылы
Бағалау, мадақтау