7


  • Учителю
  • Ана тілі сабағы 'Оқымысты бала' (1сынып)

Ана тілі сабағы 'Оқымысты бала' (1сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Ана тілі
(1-сынып)
Тақырыбы: Буын. Оқымысты бала.
Мақсаттары: 1) Жазба жұмыстарын орындау арқылы сөздерді буынға
дұрыс бөлуге үйрету;
2) й, ң, у дыбыстары екі дауыстының ортасында
байқату арқылы сөздерді буынға дұрыс бөлу
дағдыларын дамыту;
3) Мәтінді оқыту арқылы баланың бойына жақсы мінез-
құлық қалыптастыру.
Көрнектілігі: Сюжетті сурет, үлестірмелі дид.материалдар.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Білімді сапалы меңгеруге дайындау (мағынаны ажырату).
Білемін:
а-ра қа-ла а-ю
о-рақ қа-лам қо-ю
ал-ма ор-ман қо-ян
бал-ға жалбыз и-ық
ерт-те құ-мырс-қа
Әр сөзді бала тақтаға шыығп талдау жасайды.

Білгім келеді:
Қа-йық Жа-ңа Та-уық
Оқушылар сөздерге көру арқылы талдай отырып, өздері қорытынды жасайды.
Сөздердегі й, ң, у дыбыстарының екі дауыстының ортасында келгенін, осы дыбыстардың екі шетінде дауысты дыбыс жазылатынына қорытынды жасайды.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз й, ң, у дыбыстарынан басталатын
буындар.
IV. Кесте бойынша жұмыс.
- Оқушылардың мысалдары
- Ауызша сөйлем құрау

V. Түсіну: 65-жаттығу кестесіндегі сөздерді оқып, мағынасын ашу арқылы буынға бөлу;
Қолдану: о-йын-шық, қа-йың, қо-ңы-рау, же-ңіс, а-уыл, ба-уыр. й, ң, у дыбыстарының екі дауыстының ортасында келетінін айту.

VІ. Сергіту сәті.

66-жаттығу (үлестірмелі дидактикалық материалдар).
ай, ақ, ат, ас, үй, он, сүт, қаз, жаз, күз, қап, көз, доп, шөп, тас, бас, тон, жүз.
Оқушы бір буынды сөздердің жазылуына назар аударып, қорытынды жасайды.
VІІ. Әдептілік жайлы мақал-мәтелдер айту, мағынасын ашу.

Үйрендім:
- Жақсы. Бүгін біз «Оқымысты бала» деген мәтінді оқып талқылаймыз. Оның авторы Міржақып Дулатов - Қостанаай облысында туған. Ауыл мектебінде мұғалім болған ақын.
Оқыған адамның бойындағы жақсы қасиетті атаңдар?
- Әдепті, ақылды, еңбекқор, бауырмал.
Суреттен баланың бойынан байқаған жаман қылықтарды атаңдар.
- Мақтаншақ, өзімшіл, жалқау.
а) Мәтінмен жұмыс жүргізу.
б) Оқушылар тізбектей оқиды.
в) Сұрақ-жауап алу.
1. Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?
2. Баласы не деп жауап берді?
3. Бала қандай жағдайға душар болды?
4. «Оқымысты» баланың бұл қылығын қалай түсінесіндер?

VІІІ. Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыру.
ІХ. Қорытынды. Осы мәтіннен қандай ой түйдіңдер? Осы баланың
орнында өзің болсаң, не істер едің?

Х. Үйге. Ережені пысықтау. Мәтінді оқу, әңгімелеу.
Қосымша әдептілік жайлы мақалдар жинақтау.

ХІ. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал