7


  • Учителю
  • Ертеңгілік Жарқырай бер, сиқырлы шыршамыз !

Ертеңгілік Жарқырай бер, сиқырлы шыршамыз !

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Жарқырай бер, сиқырлы шыршамыз!»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау. «Жаңа жыл» мерекесінің кейіпкерлерімен таныстырып, мереке туралы түсінік беру.



Залда көңілді әуен ойнады «Новый год у ворот» балалар кіріп, әуенмен әртүрлі қимылдар жасап билейді. Әуен біткенде шыршаның екі жағына тұрады.

Мұғалім: Кел, жаңа жыл,

Төрле, төрле жеріме,

Құт береке боп келгейсің еліме,

Үміт артып армандарға аяулы.

Шаттығына бөлегейсің бізді де деп - Құрметті ата-аналар, қонақтар 1 сынып оқушыларының Жаңа жылға арналған«Жарқырай бер, сиқырлы шыршамыз!» атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер.Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөзді мектеп директоры Шалбаева Жазира Нұрғабылқызына береміз.



Қоян: - Мен, қоянмын, қоянмын,

Қорқақ емес, ноянмын,

Шырша тойын көруге

Ұйқымнан ерте ояндым.

Аю: - Мен аюмын қорбаңдаған,

Қарсы келмес ешкім маған,

Қысқы ұйқымды қиып бүгін

Ортаңызға келіп тұрмын.!

Түлкі: Маған жетер ешкім жоқ Арнұр

Мен сұлумын орманда

Қанеки бірге таласа

Ортаға шығып балалар,

Би билейік жараса!

Енді орталарына қасқыр келеді

Қасқыр: Армысыңдар! Бармысыңдар ағайын Нұрсәт

Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық



Сәлем достар, аман ба?

Нұр береді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық,

Толап көңіл ашайық

Қоян келші биге басайық

Әуен ойнайды









Қоян: - Аю отыр партада Балжан

Екі қолы қалтада.

«А» дейді, «б» дейді,

«Р»-ға тілі келмейді.

- Ой, ой, мен не деп кеттім..

Аю: - Жетер, енді, қоян,

Ашуыма тиме! Одан да айт, қандай сыйды Аяз атаға тарту етеміз?

Қоян: - Мен білем, не беру керектігін. Сәбіз! Сәбізді сыйлайық! Өзі дәмді, өзі тәтті, өзі пайдалы, өзі шипалы.



Аю: - Жоқ, болмайды. Бал береміз. Бұл әлемде балдан асқан тәтті де дәмдісі де жоқ. Бал сыйлаймыз!

Қоян: - Жоқ, сәбіз!

Аю: - Жоқ, бал береміз!

Қоян: - Аюжан, одан да дауласқанды қойып сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай аяз ата шанамен келер ме екен?

Аю: - Қоянжан, қазір заман өзгерді дегендей..Қазіргі Аяз аталар жеңіл көлікпен келеді

Қоян: Жоо-жоқ аюжан Аза ата мен ақшақар өзінің әсем сәнденген ақ шанасымен, бізге деген сыйлығымен келеді. Сенбесең аяз атаның өзінен сұрайық

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар, Бекжан

Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.

қасқыр: - Аяз ата келеді жаңа жылмен, Нұрсәт

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Мұғалім: олай болса ортамызға Аяз ата шақырайық

Хор: Аяз Ата, Ақшақар,

Шыршамызға кел, кел!

Тақпақ айтып береміз,

Бізге сыйлық бер, бер!

Мұғалім: Армысыздар Аяз ата, Ақшақар біздің балалар сіздерге арнап тақпақтар дайындап келді, қане, балалар, кім Аяз атадан сыйлық алғымыз келеді ме? ола болс бар өнерімізді көрсетейік





Қоян: - Ал, қасеке бастайық, Қаршыға

Асықпайық, саспайық



Қасқыр: ойлай болса ендеше

Шыршы жырын жырлайық



Жүргізуші:Жаңа жылды қарсы алып,

Шыршамызды айналып

Би билейік, ән салып.

Баршамызға жар салып.

Ән: «Шыршаға бардық» (хор)

Мұғалім : Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр. Олай болса сол қонақпен біздер тығылыспақ ойнайық. Кәнеки, бәріміз шыршаның арғы жағына тығылайық. ( Балалар тығылады, қызыл телпек келеді)



Қызыл телпек: Мен Жаңа жыл мейрамына келе жатыр едім. Енді мен қайда келдім? Осы жаңа ән естіген сияқты едім, ал енді ешкім жоқ, қызық екен. іздейді. Мысықтың даусы шығады). Жоқ ол жерде мысық екен, әрі қарай іздейін (жақындаса иттің дауысы шығады). Жоқ ол жерде ит екен, әрі қарай іздейін (Балаларды табады). Сәлеметсіздер ме Мектептің қасынан өтіп бара жатып әдемі әнді естіп қалдым, сіздерге мейрамға келдім.

Мұғалім : қош келдіңіз Қызыл телпек, келіңіз бізбен бірге жаңа жылды тойлаңыз !

Қызыл телпек: Мен құр қол келгенім жоқ өз өнерімді ала келдім

Би: қызыл телпек Жаннұр

Мұғалім: Кел, балалар, тақпақты

Тақылдатып айтайық,

Аяз ата таң қалсын.

Сыйлық алып қайтайық

1.оқушы Ақша қарға малынып, Нұрай

Аппақ тонын жамылып.

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақ тағылып.

Аяз Ата келдің бе?

Балаларды сағынып.



2бала: Ақ көрпесін жамылып Мөлдір Ержанқызы

Ұйықтап жатқан дала нұр

Балаларды сағынып

Келді міне жаңа жыл!



3бала: Күттіріп келген жыл басы Бауыржан

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханыма елімнің

Береке, ырыс сыйлашы.



4бала: Жаңа жыл, Жаңа жыл Инабат

Төгілсін жаңа нұр.

Сыйлығын сүйретіп

Келді міне, жаңа жыл!







Мұғалім : Орманның бар аңдары,

Бүгін бізде қонақта.

Балалармен би билеп,

Қуанады шаттана.

би: маленький Дракоша



Оқушы: Жаңа жылмен шаттанып, Бақберген

Жаңарады бар дала.

Шырша тойын тойлайды,

Дөңгеленіп бар бала.



оқушы: Жүзімізде күлкі ойнап, Еркеназ

Шаттанады жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

оқушы: Тауда туып, тауда өскен, Бекжан

Шырша келді ортаға.

Аяз Ата, Ақшақарды

Шақырайын ортаға.



Аю, қасқыр, қоян, түлкі, Жәнібек

Ортада жүр би билеп.

Балалар да мәз болып,

Би билейді дөңгелеп.

Қояндар биі: «Джингл Белс»



оқушы: Алақай, алақай, Жаннұр

Қар жауып тұр балақай.

Жүр шанаңды алып шық,

Киіп алып малақай.



Оқушы:

Төрле, төрле жаңа жыл Біржан

Айтамыз тебіренте Жаңа жыр

Төрле, төрле құтты жыл

Әр кез жүрші төгіп нұр.



оқушы:

Ән айтамыз, би билейміз, Жарас

Біз көңілді баламыз.

Шаршауды біз білмейміз,

Тақпақ айтып, би билеп.

Аяз Атадан сыйлық аламын.



Қоян:

Мен қоянмын қорқақтау, Қаршыға

Кішкене тілім шорқақтай

Ертегіні сүйіп тыңдаймын

Бірге көрсек шыңдаймын.

Ертегі: «Үйшік»

Үйшік ертігісі

Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:

- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.

Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.

Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?

- Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?

- Мен бақылдауық бақамын. - Кел, бірге тұрайық.

Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.

Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.

- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.

- Мен тықырлауық тышқанмын!

- Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?

- Мен қорқақ қоянмын!- Кел, бірге тұрайық.

Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.

Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:

- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.

- Мен тықырлауық тышқанмын!

- Мен бақылдауық бақамын.

- Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?

- Мен қу түлкімін!- Кел, бірге тұрайық.

Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.

Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:

- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.

- Мен тықырлауық тышқанмын!

- Мен бақылдауық бақамын.

- Мен қорқақ қоянмын!

- Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?

- Мен сұр қасқырмын!- Кел, бірге тұрайық.

Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:

- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп ақырады.

- Мен тықырлауық тышқанмын!

- Мен бақылдауық бақамын.

- Мен қорқақ қоянмын!

- Мен қу түлкімін!

- Ал мен болсам, сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?

- Мен қорбаңбай аюмын!

- Кел, бірге тұрайық.

Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:

- Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, - дейді.

- Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой, - деп шырылдайды іштегілер. - Қорықпаңдар, түк те болмайды, - деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.

Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр - барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.

Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алады.

Мұғалім:

Кешіміздің бишілерін шақырайық,

Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.

Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,

Қол соғып биік шыңға самғатайық

би: «Жаяу»



Мұғалім:Ал енді балалар аяз атаны өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді аяз та мен Ақшақар екеуін шығарып салайық.



Қасқыр: Бүгін біз көңілдіміз,

қоян: Жаңа жылды қарсы алып.

Инабат: Мерекеге келгеніңізге

Нұрай:Рахметімізді айтамыз



Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.



мұғалім:

Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.

Құт болып береке бер халқымызға

Мерейін мәртебесін биікке асыр

Міне, жаңа 2016 жыл да келіп қалды . Ал 2016 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын. Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.

Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.



Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.





















































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал