7


  • Учителю
  • План урока на казахском языке на тему 'С. Сейфуллин. ҚЫзыл шұнақ'3 класс

План урока на казахском языке на тему 'С. Сейфуллин. ҚЫзыл шұнақ'3 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Сыныбы: 3 а

Пәні: ана тілі

Мұғалімі: Жанабаева Г.А

Әдіскер: Жұматаева.З

Тақырыбы: С.Сейфуллин.Қызыл шұнақ

Мақсаты:

Білімділік: Сәкен Сейфуллин туралы мәлімет беру.Өлең мазмұнын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,сұрақ-жауап,суреттер арқылы дамыту

Тәрбиелік: Қыста жолдан абайлап өтуге,суықтан сақтанып жүруге,мұздың үстінен жүрмеуге естеріне салу.

Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап

Түрі: Аралас

Көрнекілігі: үнтаспа,суреттер

Кезеңдері

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасы



Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме



Өлеңмен жұмыс

Сергіту сәті



Сұрақтар

Көрнекілікпен жұмыс



Дәптермен жұмыс



Қорытындылау



Үй тапсырмасы


Сәлеметсіздер ме,оқушылар!

Бүгінгі сабақты мен беремін.Менің атым Инкар Рашидқызы

Сабағымызды мына өлең жолмен бастайық

Қарашы,досым,

Дайын ба,оқу-құралың?

Орнында ма,

Дәптер,кітап,қаламың?

Басталды міне сабағың.

-Өте жақсы балалар!Отырыңыздар!

Өткен сабақта Абайды өттіңдер.Өлеңін жаттап келу болатын.

-Абай Құнанбаев кім?

-Өмір сүрген жылдары?

-Онын қандай өлеңдерін білесіңдер?

Екі-үш оқушыдан сұралады.Жақсы жаттап келіпсіңдер.

-Балалар,Сәкен Сейфуллин Жезқазған облысы,Ақадыр ауданы,Қарашілік қыстағында дүниеге келген.1917 жылы Жұбату атты тұңғыш әңгімесін жазды.Жазушының өлең,әңгіме,повестері бар.Сол өлеңдерінің бірі:Қызыл шұнақ,

-Мен сендерге оқып беремін,сендер тыңдап,не туралы айтылып жатқанын тыңдаңдар

Шытынайды тысты аяз-

Қызыл шұнақ үскірік.

-Бұнда шұнақ қыстың үскірік суық екенін айтады.

Қылшылдайды жалаңдап,

Зәрлі деммен ысқырып.

Ұшан-теңіз қалың қар,

Жерді басып жабады.

-Бұл шұнақта ақырын ысқырып,суық желмен жерді үрлеп қармен жабады деген мағынаны білдіреді.

Шұнақ аяз жалаңдап,

Екі санын сабады.

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.

Құлақтанып қызыл күн

Жасыл ұшқын шашады.

-Аяз соғып,дірдектейді,адамды тондырып,аяз бетті үсіріп,тондырады.

-Ал,балалар,қыс мезгіліне байланысты қандай жұмбақтар білесіңдер?

Құлағы мен көзі жоқ,

Жоқ,тіпті,қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою ояды.

Балалар орнымыздан тұрып,мына ән ырғағымен бір серігіп қалайық

-Балалар сендер мектепке келе жатқанда ауа райы қандай болды?

-Қыс мезгілінің айларын атап шығыңдар?

Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан

-Қыста көп ұйықтайтын жануарлар?

Аю,борсық,көртышқан

-Иә,балалар далада қар көп,аяз,суық жел соғады

-Мына суретке қараңдаршы,үскірік аяз соғып тұр,жердің бетін қар басып,ағаштардың басындағы қарды үскірік аяз қатырып тастаған екен.

Енді дәптерлеріңді ашып қызыл шұнақ сөзінің мағынасын жазыңдар.

-Балалар,бүгін қандай жазушымен таныстық?

Ол кісінің көптеген әңгімелері,өлеңдері бар,соның ішіндегі қандай өлеңмен таныстық?

Қызыл шұнақ

-Мағынасы қандай екен?

Қызыл шұнақ өлеңін жаттап келу.Қыс келбеті тақырыбына байланысты сурет салу!

Сау болыңдар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал