7


  • Учителю
  • 'Біз мектепке дайынбыз' (дайындық)

'Біз мектепке дайынбыз' (дайындық)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Біз мектепке дайынбыз»


Мақсаты: Оқушылардың жыл бойына үйренген білімдерін, жаттаған тақпақтарын, олендерін айтқызу. Тапсырмаларын орындау.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, бүгін біз мәпелеп өсірген бүлдіршіндеріміздің жыл бойы үйренген , білгендерін, жаттаған жаңылытпаш тақпақтарын айтызып, тапсырмаларын орындап, «біз мектепке дайынбыз» атты ертенгілікті көріп тамашалаймыз.

Айналайын балалар,

Алда мектеп ана-бар,

Өздерінен өседі

Өнерпаздар даналар.


Өсті міне, бойларын

Өсті ақыл - ойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларын


Мұғалім : - Балалар біз кай мектепте оқимыз?

  • Мектебіміз қалай аталады?

  • Ұлтымыз кім?


Оқушылардың тақпақтары:


Мұғалім: - Балалар біз ертегіні жақсы кореміз бе?

  • Қандай ертегілер білеміз?


Олай болса, біз бауырсақ ертегісіндегі жабайы жануарлардың тапсырмаларын орындап, бауырсаққа көмектесейік.

Баяғы ерте заманда бір ата мен әже өмір сүріпті. Олардың малы, дүниесі, баласы болмапты. Олар өте нашар өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне «Бауырсақ пісіріп берші » - депті.

Жарайды, мақұл - деп кемпірі бауырсақ пісіріпті. Оны шал суысын деп терезенің алдына қойыпты. Ал бауырсақ болса іші пысып, терезеден түсіп, қашып кетіпті.

Әжемнен де қаштым, атамнан да қаштым, - деп әндетіп келе жатқанда оны аю ұстап алады.


Аю: «Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін » - дейді.


Бауырсақ: «Жемеші, мен сенің кез келген тапсырмаңды орындаймын » - дейді.


Аюдың тапсырмасы: / сауат ашу/

  1. Сөздерді оқы, буынға бөл.

  2. Тақпақ айтып бер.


Қасқырдың тапсырмасы: / математика/

  1. 20- ға дейін сана

  2. 5+3=

  3. 7-4=

  4. 10-5=

  5. Кері санамақ


Түлкінің тапсырмасы: / көркем әдебиет/

  1. Мақал-мәтел

  2. «Әке мен бала» ертегісі


Қоянның тапсырмасы : /дүниетану/

1. Жыл мезгілдерін ата /4 мезгіл: қыс,көктем,жаз, күз/

2. Бір жылда неше ай бар? /12 ай/

3. Аттарын ата /Қаңтар, Ақпан, Наурыз,Сәуір, Мамыр,Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан./


Жабайы аңдардың тапсырмасын орындап бауырсақты аман-есен ата-әжесіне жеткіздік, ата әжелеріміз шаршап қалыпты. Енді оларға өнерімізді көрсетейік.


Ән: Хор « Қошақаным »


Оқушылардың тақпақтары:

Би : «Қамажай»


Оқушылардың тақпақтары:


Ән: « Қуыршағым »


Залға Жалқаубек пен Екілік келеді.


Айкүлән: Ой-ой, балалар,

Анау бала, қолын қара,

Кір қожалақ қап-қара

Тырнақ өскен, шашы көптен

Алынбапты - ау, масқара


Нұрғиса/ Жалқаубек/ :

Оқымап ем бір алдым,

Кейіп қалды мұғалім,

Әкеп едім екілік,

Мамам шықты зекіріп,

Үш алғанда байқадым,

Папам басын шайқады.

«Бес» деп едім бүгін кеп

Қарады бәрі күлімдеп.


Өркен / Екілік/ :

Сендер мені тыңдаңдар!

Мен екілік боламын,

Жалқауларға жақынмын.

1- сыныпта сендерді тосамын

Мұғалім:

Қане, Жалқаубек бесіңді көрсетші?

Міне - бесім,

Мынау тұрған үш делік,

Ал, мынау екілік.

Бес алдым деп бүгін сен,

Неге айтасын екілік?


Нұргиса / Жалқаубек/:

Ой апай есепті,

Білмеуінді қарашы

Үшті қосса екіге

Бес болмай ма санашы.


Мұғалім: Қосуды біледі екенсің, қалған білімің 2 мен 3. Балалар, сендер Жалқаубек сиякты болмаңдар, жақсы оқыңдар!


Ән:________________

Хор: ________________




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал