7


  • Учителю
  • 2 сынып әдебиеттік оқудан '«Олақ қыз». «Ісмер қыз»' сабақ жоспары

2 сынып әдебиеттік оқудан '«Олақ қыз». «Ісмер қыз»' сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пән: әдебиеттік оқуСынып: 2 сыныпТақырыбы: «Олақ қыз». «Ісмер қыз»Мақсаты: 1.Білімділік: Берілген өлең мен мәтіннің мазмұнын терең меңгерту, адамның бойындағы қасиеттердің өмірдегі көріністерін байқату 2.Дамытушылық: Оқушылардың негізгі коммуникативтік, ақпараттық, про
предварительный просмотр материала

Тілектес жалпы орта білім беретін мектеп

Жас педагогтардың ашық сабақтарының панорамасы




Әдебиеттік оқу

2 сынып

Мұғалім Азимбаева Анар Раисовна



Пән: әдебиеттік оқу

Сынып: 2 сынып

Тақырыбы: «Олақ қыз». «Ісмер қыз»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Берілген өлең мен мәтіннің мазмұнын терең меңгерту, адамның бойындағы қасиеттердің өмірдегі көріністерін байқату

  2. Дамытушылық: Оқушылардың негізгі коммуникативтік, ақпараттық, проблемаларды шешу құзыреттіліктерін жетілдіру

  3. Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, үлестірме қағаздар, түсіндірме сөздігі.

Сабақтың әдісі: топтастыру, ойша құру, «Фишбоун» әдісі, Венн диаграммасы, модель құру.

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы.

Күтілетін нәтиже: оқушылар топта жұмыс жасайды, сұрақтар құрастырады, өлеңге модель жасай алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Мотивациялық кезең

2 мин

Оқушылармен амандасу.

Тренинг: «Өзімнің бір жағымды қасиетім және жағымсыз қасиетім»

Мұғаліммен амандасу. Оқушылар шеңберге тұрып өзінің бір жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы айтады

Үй тапсырмасын тексеру

3 мин

«Жокей мен жылқы» стратегиясын қолдану. Оқушыларға карточкалар тарату

Бір оқушыда сұрағы бар карточка, ал екінші оқушыда сол сұрақтың жауабы. Әр оқушы өзінің сұрағына сәйкес жауабын табады.

Тақырыпқа шығу

2 мин

«Адасқан әріптер» жұмбақ:

О Қ А Л

1 4 3 2

қыз

І Р Е С М

1 5 4 2 3

Оқушылар адасқан әріптерді ретімен қойып жұмбақ шешеді, сабақ тақырыбына өздігінен шығады, мақсат қояды

Жаңа тақырып

Рефлексия

5 мин

7 мин



3 мин

7 мин



7 мин



4 мин

1)«Олақ қыз» мәтінің оқушыларқа оқытқызу

2) Оқушыларды екі топқа бөлу.

«Фишбоун» әдісі

Тапсырма: Балықтың басында мәселе тудыратын сұрақ берілген. Мәтіндегі деректерді балықтың сүйегі сұлбасының астыңғы жағына жаз, себептерін сұлбасының жоғарғы жағына жаз. Мәселені тудыратын сұрақтың жауабын балықтың құйрығына жаз.

3) АКТ -ны қолдану. Сергіту сәті

4)«Ісмер қыз» өлеңді оқытқызу



«Модель құру» стратегиясы



5) Венн диаграммасы



Олақ қыз Ісмер қыз







Жетістік ағашы






Оқушылар өздігінен мәтінді оқиды

Оқушылар топта балықтың сұлбасын толтырады, негізгі мәселе тудыратын сұраққа жауап береді.

Сызбаларын қорғайды.

Оқушылар интербелсенді тақтаға қарап, қимыл- қозғалыстар жасайды.

Өлеңнің мазмұны бойынша оқушылар модель құрастырады (топтық жұмыс)

Оқушылар Олақ қызбен Ісмер қызды салыстырады, екуіне сипаттама береді.



Оқушы ағаштың қай жерде екенін анықтап, көрсетеді. Қорытынды жасайды.




Бағалау

3 мин

Сабақ соңында жиналған дөңгелектері бойынша оқушы бағаланады.

Сабақ барысында топтың көшбасшысы белсенді және жауаптары толық берген оқушыларға жасыл дөңгелек, жауаптары ортышы болған оқушыларға сары , мүлдем қатыспаған оқушыларға қызыл дөңгелек таратып отырады.

Үйге тапсырма

2 мин

«Эссе» стратегиясын қолдану

Еңбек туралы мақал- мәтелдерді қолданып «Қолымнан келетін қамқорлық» тақырыбына эссе жазу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

Ал, балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, шаттық шеңберін құрайық.

(Балалар тақта алдында шеңберге тұрады). Әр оқушы өзінің бір жағымды және жағымсыз қасиеттерін айтып шығады.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Балалар, қазір біз үй тапсырмасын тексереміз. Ол үшін сендерге карточкалар беріледі. Кейбір оқушыларда сұрағы бар карточкалар, олар «жылқы» болады, ал кейбір оқушыларда сол сұрақтың жауаптары, олар «жокейлер» болады. «Жокейлер» «жылқыларын» табу керек.

  • Үй жұмысын тексердік, енді «жылқылар» бірінші қатарға, «жокейлер» екінші қатарға отырасындар.

ІІІ. Тақырыпқа шығу

1.Тақырыпқа шығу

- Балалар, қазір мен сендерге «Адасқан әріптер» атты тапсырма беремін. Осы әріптерді

дұрыс орналастырып, сабақтың тақырыбына шығасындар.

О Қ А Л

1 4 3 2

І Р Е С М

1 5 4 2 3 ҚЫЗ



  • Өте жақсы. Сонымен, бүгінгі тақырыбымыз «Олақ қыз». «Ісмер қыз» деп аталады.

Лексикалық жұмыс.

  • Ал енді түсіндірме сөздікпен жұмыс жасайық:

Бірінші топ «Олақ» деген сөздің мағынасын, екінші топ «Ісмер» деген сөздің мағынасын табады.

  • Олақ қыз дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ісмер дегеніміз не? (оқушылардың жауаптары)

  • Балалар, сабаққа мақсат қояйық. (Балалар сабаққа мақсат қояды).

  • Балалар, сабаққа мақсатты дұрыс қоя білдіңдер, жарайсындар.

ІҮ. Жаңа сабақ

1. Балалар, «Олақ қыз» мәтінін оқи отырып, топта балықтың сұлбасын толтырасыңдар, негізгі мәселе тудыратын сұраққа жауап бересіндер. Сызбаларынды қорғайсындар. ( топтық жұмыс)

«Фишбоун» әдісі. Тапсырма: Балықтың басында мәселе тудыратын сұрақ берілген. Мәтіндегі деректерді балықтың сүйегі сұлбаның астыңғы жағына жаз, себептерін сұлбаның жоғарғы жағына жазындар. Мәселені тудыратын сұрақтың жауабын балықтың құйрығына жазындар.

Қызды неге «Олақ қыз» деп атапты?



Енді топтар өз жұмыстарыңды қорғайсыңдар, бір-бірінің жұмыстарыңа «Екі жұлдыз, бір тілек» баға бересіңдер.

2.Бәріміз партаның шетіне шығып, бойымызды сергітіп алайық.

3.«Ісмер қыз» өлеңін оқып, танысайық. Енді топта өлеңнің мазмұның талқыландар. одан кейін модель құрастырасындар. (топтық жұмыс)

5

  1. Олай болса , екі қызды салыстырайық. Екеуіне сипаттама берейік. (Оқушылар топта Венн диаграммасын жасап, тақтаға шығып, оны қорғайды).



Венн диаграммасы

Олақ қыз Ісмер қыз

Ү. Рефлексия

VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма: Еңбек туралы мақал- мәтелдерді қолданып, «Қолымнан келетін қамқорлық» тақырыбына эссе жазып келу.

Сурет1. Оқушылар Венн диаграммасын Сурет 2. Модель құру

толтырып отыр


Сурет 3. Топтық жұмыс кезінде Сурет 4. Постер қорғау

Қосымша

Заманауи білім беру әдіс- тәсілдерінің сипаттамасы


«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер

ғана мұғалім бола алады»

Конфуций

Қазіргі қоғамдық мұғалім - жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттер арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болу керек.

Қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді.Бұл бағытта мен де өз сабақтарымды жаңа замануи әдіс-тәсілдерге сай өткізуге тырысамын. Деңгейлік курстарға бармаған күнде де , мектепте өткізілген әріптестерімнің түрлі әдіс-тәсілдер қолданған коучингтарына қатысып, саралап, бақылап көп нәрсеге үйрендім. Сабақтарымда жеті модульді үнемі қолдануға тырысамын, сыни тұрғысынан ойлауға арналған логикалық зерттеулер мен ой жүгірту әдістерін пайдаланамын. Әңгімені ынталандыратын диалогтік оқытуды жүргізіп, оқушыларға сыныпта түрлі әдіс- тәсілдер арқылы және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік беремін. Олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттейді және оқушылар бір - біріне сұрақтар қоя отырып, айтқандарын дәлелдей алады. Сабақта балалар тиісті ақпарат жинайды, дәлелдерді сын тұрғысынан талдайды, бағалайды.

Көрсетілген сабағымда мотивациялық кезеңінде «Өзімнің жақсы қасиетім және өзіме ұнамайтын қасиетім» шаттық шеңберін өткіздім. Осы ұйымдастырылған жұмыстың түрлері колаборативтік ортасын құруға мүмкіндік жасайды.Осындай орта оқушының өздігінен дамуына пайдасын тигізеді. «Фишбоун» әдісін және «Модель құрастыру», Венн диаграммасы атты әдістерін қолдандым. Яғни, «Фишбоун» және «Модель құрастыру» сызбасында ақпараттық және проблеманы шешу құзыреттілігі қалыптасады, Венн диаграммасы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады.

Өз сабағымда Блум таксономиясының алты деңгейі де қолданылды. Үй тапсырмасын тексеруге, яғни білім деңгейінде «Жокей мен жылқы» тәсілі өткізілді. Түсіну және қолдану деңгейінде «Фишбоун» және «Модель құрастыру» тәсілдерін пайдаландым. Венн диаграммасы арқылы оқушылар Олақ қыз бен Ісмер қызға сипаттама береді, салыстырады және қорытынды жасап талдайды. Үй тапсырмасы синтез деңгейінде берілді, яғни мақал - мәтелдерді қолданып «Қолымнан келетін қамқорлық» атты эссе жазу.

Сабақ барысында оқушылар жұпта, топта жұмыс істейді. Топтық жұмыс арқылы оқушыларда көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасқаны байқалады. Оларда ортақ мәселе болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптасады , идеялармен пікір алмасады, бір - бірінің идеяларын , болжамдарын ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып , өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Осындай үлгі бойынша оқушылар бір - бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды.

Оқушылардың топта өз-өзін және бір-бірін әділ бағалау дағдыларының дамуына мүмкіндік туғызады. Сыныпта оқушыларға әртүрлі әдіс- тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік беремін, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін адамдармен, сыныптастарымен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Сыныпта оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіреді. Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді. Басқа балалардың түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі. Оқушылар өз идеяларын дәлелдейді. Әңгіменің үш түрін пайдаланамын. Олар : әңгіме - дебат, кумулятивтік, зерттеушілік. Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылар білім алады, тыңдайды және сөйлейді. Сабақтарда жоғары дәрежелі сұрақтар қоюға тырысамын, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тырысады. Сұрақтарды оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құрастырамын. Бастауыш сыныптар болғандықтан АКТ - ны үнемі пайдаланамын. Оқушылардың оқулары бірталай жақсарғаны байқалды. Балалар идеялармен, жұмыстарымен алмасады, пікірлер мен ақпаратты қорытады, жалпылайды.

Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде «Дейін - кейін», «Келісемін - келіспеймін», «Үшінші артық» , «Жокей мен жылқы», «Әуе шары», «Бес сұрақ», «Фишбоун» , «Модель құрастыру» т.б тәсілдерді қолданамын. Бұл тәсілдер оқушыға жаңа тақырыпты меңгеруге үлкен мүмкіндік береді. Оқушылар өздерін еркін ұстап сабаққа өте жақсы қатысады.

Бағалау кезеңінде мен «Үш мақсат», «Жұдырықтан бес саусаққа дейін», «Екі жұлдыз, бір тілек» және критериялық формативтік бағалау түрлерін қолданамын.

Кері байланыс кезеңінде «Смайликтер», « Жетістік ағашы», «Бағдаршам» және т.б тәсілдерді қолданамын.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың, яғни жанашыл мұғалімнің қолынан келеді дегім келеді.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал